Bluetooth динамигін пайдалану
Dual Sound мүмкіндігін пайдалану
Bluetooth динамигінде Dual Sound мүмкіндігіне қолдау көрсетіледі. Бір аудионы ортақ
пайдалану үшін екі Bluetooth динамигін қоса аласыз. Сонымен қатар, сол және оң жақ
динамикті екі арнаға бөлу үшін екі динамик пайдалана аласыз.
Аудионы бөліскіңіз келетін Bluetooth динамигі қосулы екеніне көз жеткізіңіз.
• Bluetooth динамигі мобильді құрылғыға қосылуы қажет. Егер Bluetooth динамигі
мобильді құрылғыға қосылмаған болса немесе екіден аса мобильді құрылғыға
қосылса, Dual Sound мүмкіндігін белсендіру мүмкін емес.
• Егер Bluetooth динамигі мен қосылған құрылғылардың арасындағы қашықтық
тым үлкен болса, сигналға кедергі жасалса немесе Wi-Fi сигналы тым қатты болса,
дыбыс сапасы төмен болуы мүмкін.
• Егер Dual Sound мүмкіндігін пайдаланған уақытта Bluetooth динамигі қайта
қосылса, ол Dual Sound мүмкіндігіне оралуға әрекет жасайды. Алайда, егер
басқа Bluetooth динамигі басқа мобильді құрылғыға қосылған болса, Dual Sound
мүмкіндігінің жұмысы автоматты түрде қалпына келтірілмейді.
• Егер Dual Sound мүмкіндігін пайдалану кезінде Bluetooth мүмкіндігі өшірілсе, екі
Bluetooth динамигі арасындағы байланыс аяқталады. Қайта қосқанда Dual Sound
мүмкіндігін белсендіру алдында қосулы болған мобильді құрылғыға автоматты
түрде қайта қосылады.
• Аудионы бөліскен уақытта, дауыстық хабарландыру мүмкіндігі сөндірулі болады.
• Басқа Bluetooth динамигі үшін өнімнің айрықшаламасын қарау және ол
Dual Sound мүмкіндігіне қолдау көрсететіндігіне көз жеткізу мақсатында
www.samsung.com
1
Басқа Bluetooth динамигі
түймесін шамамен бір секунд басып тұрыңыз.
2
Bluetooth динамигі
шамамен бір секунд басып тұрыңыз.
Аудио ортақ пайдаланылады.
Аудио ортақ пайдалануды тоқтату үшін Bluetooth динамигіндегі Дыбыс деңгейі (+) және
Дыбыс деңгейі (-) түймесін шамамен бір секунд басып тұрыңыз.
сілтемесінен өтіңіз.
Ойнату/Bluetooth жұптау түймесін және Дыбыс деңгейі (-)
Ойнату/Bluetooth жұптау түймесін және дыбыс деңгейі (+) түймесін
Қазақ тілі
15
15