Қолдану ережелері
1) Дисплейдің орнын таңдаған кезде абай болыңыз, себебі күн сəулесі тікелей түсетін жерге немесе
жылытқышқа жақын қойылса, оның түсі оңып кетуі немесе пішіні бұзылуы мүмкін.
2) Дисплейді тазалау жəне сүрту үшін жұмсақ құрық (мақта немесе жүннен тоқылған) матаны
пайдаланыңыз. Егер құрылғы аса бұлғалып кетсе, əуелі оны бейтарап жуу құралымен кетіріп, құрғақ
шүберекпен тазалап сүртіңіз Бензол, сұйылтқыш немесе жиһаз балауызын пайдаланбаңыз, себебі
ол жабынның аршылып түсіп қалуына себеп болуы мүмкін. (Дисплей құрылғысын тазалау туралы
ақпаратты дисплей құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз. Егер химиялық жолмен
өңделген мата пайдалансаңыз, матамен бірге берілген нұсқауларды орындаңыз.)
3) Бұйымға жабысқақ таспа немесе стикерлер жабыстырмаңыз. Бұл тіректің бетін кірлетуі мүмкін.
Резеңке, винил немесе соған ұқсас заттардың ұзақ уақыт тиіп тұруына жол бермеңіз. (Бұл нашарлауға
себеп болуы мүмкін.)
4) Плазмалық дисплейдің тақтасы шыныдан жасалған. Оған қатты күш қолданбаңыз немесе оған
соққы келтірмеңіз.
Орнатқан кезде есте сақтайтын жайттар
● Плазмалық дисплейдің дұрыс жəне ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін дисплейді келесі
көрсетілген орындарға орнатпаңыз.
• Су шашқыштардың немесе өрт/түтін детекторларының жаны
• Діріл немесе соққы тию қаупі төнетін жерлер
• Жоғары кернеулі сымдардың немесе динамикалық қуат көздерінің жаны
• Магнит өрістері, жылу, су буы немесе күйе шығатын жерлердің жаны
• Жылыту жабдығынан үрленген ауа тиетін жерлер
• Ауа кондиционерінен немесе басқа құрылғыдан шығатын конденсат тамшылары түзілетін
жерлер
● Плазмалық дисплейдің қуат сымының штепселін жақындағы жəне оңай қол жетерлі қабырға
розеткасына қосыңыз.
● Дисплей төңірегінде температура 40 °C градустан аспауы үшін жетерліше желдетуді қаматмасыз
етіңіз. Егер дисплей ішіндегі ауа айналымы аз болса, дисплейдің іші қызып кетуі жəне өрт алуы
мүмкін.
● Бекіту болттары немесе қуат сымдарды қабырға ішіндегі кез келген металдарға тигізбей орнатыңыз.
● Құрастырған жəне орнатқан кезде тірек пен едендің сызылмауы немесе сырылмауы үшін еденге
жұмсақ көрпе немесе шүберек төсеп қойыңыз.
● Құрастыру жəне орнату нұсқауларына қарап, жазық əрі тегіс бетте құрастырып орнатыңыз.
● Бөлшектерді бұрандамен бекіткен кезде, бұрандалардың бос немесе тым қатты тартылмауын
қадағалаңыз.
● Құрастыру жəне орнату кезінде, не болмаса жұмыс барысында қозғалып жүргенде, айналаңызда
қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жеткілікті шаралар қолданыңыз.
● Орауышында берілгендерден басқа компоненттерді пайдаланбаңыз.
● "Орнату туралы сақтық шараларын" оқып шығып, оларды орындауды ұмытпаңыз.
КƏСІБИ МАМАНДАР ОРНАТУЫ ҚАЖЕТ.
PANASONIC, ДҰРЫС ОРНАТПАУ НЕМЕСЕ ДҰРЫС ПАЙДАЛАНУ САЛДАРЫНАН БОЛҒАН КЕЗ КЕЛГЕН
МҮЛІККЕ КЕЛГЕН ЗИЯН ЖƏНЕ/НЕМЕСЕ АУЫР ЖАРАҚАТТАР, СОНЫҢ ІШІНДЕ ӨЛІМ ҮШІН ЖАУАП
БЕРМЕЙДІ.
105