Descargar Imprimir esta página

Redmond RK-СВМ147-E Manual De Usuario página 129

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 24
Пайдаланар алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз
да, оны анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалану оның
қызметінің мерзімін ұзартады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар құралды қолдану кезінде
туындауы мүмкін барлық жағдайларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс
кезінде қолданушы ақылға сүйеніп, абай әрі мұқият болуы тиіс.
САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ
• Осы бұйымды пайдаланбас бұрын пайдалану
бойынша нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз да,
оны анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты
дұрыс пайдалану оның қызметінің мерзімін ұзартады.
• Бұл электр аспап тұрмыстық жағдайларда
қолданарналған құрылғы болып табылады және
пәтерлерде, қала сыртындағы үйлерде немесе
өнеркәсіптік емес пайдаланудың басқа
жағдайларында қолданыла алады. Құрылғыны
өнеркәсіптік немесе кез келген басқа мақсатсыз
пайдалану бұйымды дұрыс пайдалану шарттарын
бұзу болып табылады. Бұл жағдайда өндіруші
ықтимал салдарлар үшін жауап бермейді.
• Құрылғыны электр желісіне қосар алдында
оның кернеуі аспаптың номиналды кернеуіне
сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның
техникалық сипаттамалары немесе зауыттық
кестесін қараңыз).
• Аспаптың тұтынатын қуатына есептелген
ұзартқыш қолданыңыз: параметрлердің
сәйкессіздігі қысқа тұйықталуға немесе кабельдің
жануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
• Аспапты тек жерлендірілетін розеткілерге ғана
қосыңыз, — бұл электр қауіпсіздігінің міндетті
талабы. Ұзартқышты қолдана отырып, оның
жерлендірілетініне көз жеткізіңіз.
• Аспапты қолданған соң, сонымен қатар оны
тазалаған немесе тасымалдаған кезде розеткіден
өшіріңіз. Электр бауын сымынан емес, штепселінен
ұстап тұрып, құрғақ қолмен шығарыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жұмыс кезінде аспап
қызады! Абай болыңыз! Аспап корпусына
жұмыс істеп тұрғанда қол тигізбеңіз.
Ыстық будан күйіп қалмау үшін қақпақты
ашқанда құрылғы үстіне еңкеймеңіз.
RK-CBM147-E
GBR
FRA
DEU
LTU
LVA
EST
SVK
CZE
POL
KAZ
UKR
KAZ
KAZ
129

Publicidad

loading