Ажарлағыш
құрал
Bonded Metal
Cutting Disc
Sanding plate with
abrasives
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Іске қосу
Қосу/өшіру
Электр құралын құлыптан босату үшін іске қосылудан
қорғайтын құлып түймесін (4) басыңыз. Күй жарық диоды
(1) жасыл түспен жанады. Содан кейін электр құралын
қосу үшін ажыратқышты (5) басып тұрыңыз. Күй жарық
диоды (1) жасыл түспен жанып тұрғанша, электр құралы
құлыптан босатылып тұрады.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (5) жіберіңіз.
Содан кейін электр құралын құлыптау үшін іске
қосылудан қорғайтын құлып түймесін (4) басыңыз.
Электр құралы бес минуттан ұзақ қосылмайтын болса, ол
автоматты түрде құлыптанады.
Электр құралы ажыратқышты (5) жібергеннен кейін
өшпесе, іске қосылудан қорғайтын құлып түймесін (4)
басыңыз.
Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта
u
тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш
кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау
жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар,
домалақ емес және дірілдейтін ажарлау
құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау
құралдары жарылып, зақымдарға алып келуі мүмкін.
Bosch Power Tools
Пайдалану нұсқаулары
Материал
Салмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе,
u
дайындаманы бекітіңіз.
Металл,
алюминий, мыс
Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз.
u
Ағаш, металл
Жоғары жүктемеден кейін электр құралдың біраз
u
салқындауына, бірнеше минут бос жүрісте жұмыс
істеуіне мүмкіндік беріңіз.
Электр құралды абразивті-кесу станинада
u
пайдаланбаңыз.
Жеңіл құрылыс материалдарын кесу кезінде
u
материал өндірушісінің заңды нұсқаулары мен
ұсыныстарын орындаңыз.
Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз.
u
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Металдарды кесу
Тегістеу шеңберімен кескенде біркелкі, материал үшін
дұрыс берумен жұмыс істеңіз. Кесу шеңберіне қысым
түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз.
Бүйірлік қысыммен айналғанында кесу шеңберін
тоқтатпаңыз.
Электр құралды әрқашан айналу бағытына кері жүргізу
керек. Әйтпесе бақылаусыз кесілген жерден шығу қаупі
туындайды.
Профильдерді немесе төрт қырлы құбырларды кесу
кезінде кесуді ең аз көлденең қимада бастаңыз.
Статика туралы нұсқаулар
Тірек қабырғалардағы ойықтарға DIN 1053
нормасының 1 тармағы немесе сәйкес елдегі ереже
қолданылады. Бұл нұсқауларды міндетті түрде орындау
керек. Жұмысты бастамас бұрын статика жөніндегі
маманмен, сәулетшімен немесе прорабпен кеңесіңіз.
Кесу көмекші құралы (E суретін қараңыз)
Кесу көмекші құралы (14) материалдарды кесу кезінде
кесік бойынша дәл бағыттауға мүмкіндік береді. Кесуден
бұрын кесу көмекші құралының (14) берік бекітілгеніне
көз жеткізіңіз. Ол үшін кесу көмекші құралын (14)
қаптамамен (7) бірге бекіткіш қабырға (17) ойыққа (16)
тірелетіндей етіп бұраңыз.
Тасымалдау қабы (F суретін қараңыз)
Электр құралын тасымалдау үшін тасымалдау қабын (13)
монтаждаңыз. Ол жарақат алудан және зақым келтіруден
қорғау үшін қолданылады.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Аккумулятор жұмыс істемей қалса, Bosch электр
құралдарының өкілетті сервистік орталығына
хабарласыңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
Қазақ | 163
1 609 92A 6EL | (04.02.2021)