Descargar Imprimir esta página

Numatics 501 Serie Instrucciones De Puesta En Marcha Y Mantenimiento página 18

Publicidad

СИПАТТАМАСЫ
Маңызды денсаулық және қауіпсіздік талаптары:
Құрылғы ATEX директивасына және EN 60079-0,
EN 60079-15, EN 60079-31 және EN 13463-1 стан-
дарттарына сәйкес әзірленген.
Бұл құрылғы II топты газдардан, булардан не
тұмандардан (3G санаты) және шаңдардан (3D
санаты) болған жарылыс қаупі мүмкін орталарда
орнату үшін шығарылған.
Электрондық басқару құралымен жұмыс істеп
жатқанда, нұсқаулыққа және G3/580 ATEX
электрондық құрылғыларына арналған орнату және
техникалық қызмет көрсету парағына қараңыз.
Кері жағдайда 599 ATEX бойынша пайдалану,
орнату және техникалық қызмет көрсету жөніндегі
нұсқаулықты қараңыз.
«АРНАЙЫ ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ» бөлімінде
көрсетілгендей пайдаланудың барлық арнайы шарт-
тарын түсінгеніңізге көз жеткізіңіз.
Газ және шаң қолданбалары
Классификация:
II 3G Ex nA IIC T4 Gc IP54 X не IP65 X
II 3D Ex tc IIIA не IIIB T85°C Dc IP54 X не
Ex tc IIIC T85°C Dc IP65 X
Газ қолданбалары
Классификация:
II 3G Ex nA IIC T4 Gc IP54 X
X әрпінің мағынасы: Қауіпсіз пайдалану үшін ерекше
жағдайларға қараңыз.
АРНАЙЫ ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ:
Газ және шаң қолданбалары
Құрылғы EN 60079-0, EN 60079-7 және EN 60079-31
стандарттарына сәйкес IP65 не IP54 қорғаныс деңгейіне
ие электроавтоматика шкафында орнатылуы тиіс.
Газ қолданбалары
Құрылғы EN 60079-0 және EN 60079-7 стандарт-
тарына сәйкес IP54 қорғаныс деңгейіне ие электро-
автоматика шкафында орнатылуы тиіс.
ASCO Numatics құрамдастары фирмалық тақтайшада
не құжаттамада көрсетілген техникалық сипаттамаларға
сәйкес пайдалануға арналған. Шкафтың ішкі температура-
сы минималды -10°C және максималды +50°C-тан аспауы
керек. Ол қоршаған орта температурасының толық ауқымын
және барлық орнатылған электр жабдықтарының жалпы
қуат тұтынылуын көтере алатындай етіп құрастырылуы
тиіс. Құрылғының ешбір құрамдасын қосалқы бөлшектерін
ауыстырғаннан басқа кезде бөлшектемеңіз. Тек бірдей
ATEX қосалқы бөлшектерімен алмастыруға рұқсат етіледі.
Әйтпесе, өндірушінің кепілдігі бұзылады.
IP54 не IP65 сипаттамалары құрылғыны шкафта
орнатқан кезде орындалуы тиіс. Барлық нығайтқыштар
мен сыртқы электрлік және пневматикалық қосылымдар
IP кодына сәйкес тығыздалған болуы тиіс.
Қабырғада ойық жасау және құрылғыны
электроавтоматика шкафына бекіту:
• Электроавтоматика шкафында ойық жасау және
бұрғылау ережелерін қатал ұстану керек:
• Ойық айналасында электроавтоматика шкафының
бастапқы тегістігін міндетті түрде ескеріңіз.
• Ойық айналасындағы кез келген ойлы-
қырлылықты кетіріңіз.
• Бекіту бұрандаларындағы айналдыру моменті
сақталғанына көз жеткізіңіз.
Қуат көзіне қосулы тұрғанда ашаларды розетка-
лардан ажыратуға тыйым салынған
Қуат көзіне қосулы тұрғанда ашаларды розетка-
лардан ажыратуға тыйым салынған
Қорғаушы жерге тұйықталудың өлшемі қуат кабелінің
минималды өлшеміне тең болуы тиіс. Кабель арқылы
құрылғы мен электроавтоматика шкафының арасында
эквипотенциалды байланыс бар екеніне көз жеткізіңіз.
ASCO SAS
53 rue de la Beauce, 28110 Luce - FRANCE
775 729 098 RCS Chartres
q
ATEX
Электрлік қосылымдардың оңай шатасып не оралып
қалмауына көз жеткізу және қалыпты жұмыс бары-
сында электрлік қосылымдардың тұрақты байланыс
қысымын қамтамасыз ету үшін бұл қосылымдарды білікті
қызметкер орнатуы тиіс. Барлық штепсельдік ашалар EN
60079-15 стандартына сәйкес бекіткіш механизмдермен
немесе құлыптау құралдарымен жабдықталуы тиіс
Макс. қуат қамту кернеуі 26,4 ВТТ аспауы тиіс.
Берілетін кернеуді номиналды кернеудің 140%-
на шектеу үшін қорғаныс қолдаынлуы қажет.
Конфигурациялар үшін мақұлданған соленоидтік
басқару клапандарының максималды санынан
асырмаңыз (TABLE 1 қараңыз).
Электростатикалық зарядқа шалдығу қаупі:
Шашырайтын магниттік өрістер тудыратын айнал-
малы токтың әсерлеріне қарсы сақтық шаралары
қолданылуы тиіс.
Құрылғыда электростатикалық зарядтардың жина-
луына жол бермеңіз.
Антистатикалық байланыс түтіктерін пайдаланыңыз.
Жылдам орнатылатын металл муфталарын қолданыңыз.
Блоктағы ауаның қозғалысына жол бермеңіз.
Діріл қорғанысы EN 60068-2-6 талаптарына сәйкес
келуі керек:
10..60 Гц көрсеткішінде 0,15 мм; 60..500 Гц
көрсеткішіндегі 2 г үдеу
Ауыстыру бөліктерін пайдаланып жатқанда:
- ATEX кодтары бар қосалқы бөлшектерді ғана
пайдаланыңыз.
- Пайдалану нұсқаулығындағы бөлшектеу және
қайта жинау ережелерін қатаң түрде сақтаңыз.
Ауыстыру өнімін жинағаннан кейін, пайда
- 580 электроникасы: Қосалқы өнімді жинағаннан кейін,
580 ATEX бойынша пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
KZ
сипатталғандай өнімнің біртұтастығын тексеріңіз.
Жылдам орнатылатын муфтаны қосу әрекеті де
бүтіндікті жаппай тексеруді талап етуі мүмкін.
Назар аударыңыз: бұл ауыстыру процедурасы
сақталмаса, бүкіл құрылғыға арналған сертификат
жарамсыз болады.
ЖАЛҒАУ
• Барлық саңылауларды сұйықтыққа тиетіндей
жалғаңыз.
• Құрамдасты қабылдауға арналған құбырларды
тазалаңыз.
• Құбырларды тиісті саңылауларға жалғаңыз:
1 қысым/2,4: қолданбалар/3,5: шыққан газ құбыры.
Сұйықтықтың ағу бағынын ескеріңіз.
• Сипатталған жалғау тәсілдерін ғана
пайдаланыңыз.
• Әсіресе, жалғанған жерді тығыздау барысында
тізбекке бөтен заттардың кіріп кетуіне жол бермеңіз.
• Құбырдың иілген жерлерінің радиусын ескеріңіз,
сұйықтық айналымының саңылауларын бітемеңіз.
• Жалғанған түтіктер мен элементтер өнімге
ешқандай тарту, айналдыру моментін немесе шек-
теу қоймауы мүмкін.
• Тиісті құралды пайдаланыңыз және гайка кілттерін
жалғанған жерге барынша жақын қойыңыз.
• Құбырдың жалғанған жерлерін тартып бекіту
кезінде ұсынылған айналдыру моментін ескеріңіз.
• Жалғанған жерлер мықты болуы қажет.
ЖҰМЫС
Материалдың зақымдалуын немесе дене
жарақатының алдын алу үшін, реттелетін клапанды
ұстамаңыз. Ол қалыпты жұмыс істеу жағдайында
қызып кетуі мүмкін. Реттелетін клапан қолжетімді
жерде орналасқан болса, абайсызда тиіп кет-
пеу үшін, орнатушы маман қорғаныс құралын
қамтамасыз етуі қажет.
USA Numatics, Incorporated
36
46280 Dylan Drive, Novi, Michigan 48377
P: 248-596-3200 - F: 248-596-3201
KZ
http://www.asco.com
526742-001
37

Publicidad

loading

Productos relacionados para Numatics 501 Serie