Пайдалану Нұсқаулары; Техникалық Күтім Және Қызмет; Қызмет Көрсету Және Тазалау - Bosch GLL 3-80 Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GLL 3-80 Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 24
OBJ_BUCH-3085-001.book Page 117 Thursday, April 27, 2017 11:41 AM
– Өлшеу құралын 180° бұрап, есік тесігінің басқа
жағында тікелей II нүктесінің артында орнатыңыз.
Өлшеу құралын нивелирлеп, тік лазер сызығын
орталығы нақты I мен II нүктелерінен өтетін етіп
бағыттаңыз.
– Лазер сызығының орталығын есік тесігінің жоғарғы
шетінде IV нүктесі ретінде белгілеңіз.
– I мен VI екі белгіленген нүктенің d айырмашылығы
өлшеу құралының дәл тік сызықтан ауытқуын
көрсетеді.
– Есік тесігінің биіктігін өлшеңіз.
Екінші тік лазер сызықтығы үшін өлшеу әдісін қайталаңыз.
Ол үшін тік лазер жазықтығы өлшеу құралы жанында
жасалатын жұмыс түрін таңдаңыз да өлшеу құралын өлшеу
әдісінің алдында 90° бұраңыз.
Максималды рұқсат етілетін ауытқуды төмендегідей
өлшейсіз:
есік тесігінің қос биіктігі x 0,2 мм/м
Мысал: есік тесігінің 2 м биіктігінде максималды ауытқу
2 x 2 м x ±0,2 мм/м = ±0,8 мм болуы тиіс. Сол үшін III мен
IV нүктелерінің аралығы екі өлшеудің әр бірінде
максималды 0,8 мм болуы керек.
Пайдалану нұсқаулары
 Белгілеу үшін әрдайым тек лазер сызығының
орталығын алыңыз. Лазер сызығының ені
қашықтықпен өзгереді.
Лазер нысандық тақтасын пайдалану
Лазер нысандық тақтасы 18 қолайсыз жағдайда және ұзақ
қашықтықтарда лазер сызығының көрінісін жақсартады.
Лазер нысандық тақтасының қайтаратын жартысы 18
лазер сызығының көрінуін жақсартып, мөлдір жартысы
арқылы лазер сызығы лазер нысандық тақтасының
артынанда көрінеді.
Тағанмен пайдалану (керек-жарақтар)
Өлшеу құралын 1/4" штатив патронымен 8 штатив 23
немесе стандартты құрылыс штатив бұрандасына
орнатыңыз. Стандартты құрылыс штативінде бекіту үшін
5/8"-штатив патронын 9 пайдаланыңыз. Өлшеу құралын
штативтегі құлыптау бұрандасымен бекітіңіз.
Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
Bosch Power Tools
Әмбебап ұстағышпен бекітіңіз (керек-жарақтар)
(В суретін қараңыз)
Әмбебап ұстағыш 15 көмегімен өлшеу құралын, мысалы,
тік аймақтарды, құбырларда немесе магниттелетін
материалдарда бекіту мүмкін. Әмбебап ұстағышты және
едендік штатив ретінде де пайдалану мүмкін болып өлшеу
құралының биіктік бойынша бағытталуын
оңтайландырады.
Өлшеу құралын қосудан алдын 15 әмбебап ұстағышын
баптап бағыттаңыз.
Лазер қабылдауышымен жұмыс істеу
(керек-жарақтар) (В суретін қараңыз)
Жағымсыз жарықталу жағдайында (жарық қоршау,
тікелей күн сәулеленуі) және ұзақ қашықтықтар үшін
лазер сызықтарын оңай табу үшін лазер қабылдағышын
16 пайдаланыңыз. Лазер қабылдағышымен жұмыс
істегенде қабылдағыш режимді қосыңыз ("Қабылдағыш
режим" 115 бетінде қараңыз).
Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақтар)
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарығын сүзгілейді. Ол
арқылы лазердің қызыл жарығы көз үшін жарқынырақ
болады.
 Лазер көру көзілдірігін қорғаныш көзілдірігі
ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер
сәулесін жақсырақ көру үшін қызмет жасайды, бірақ ол
лазер сәулесінен қорғамайды.
 Лазер көру көзілдірігін күн көзілдірігі ретінде
немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер
көрі көзілдірігі ультрафиолет сәулелерінен толық
қорғамай рең көру қабилетін азайтады.
Падалану мысалдары (A–F суреттерін қараңыз)
Өлшеу құралын пайдалану мүмкіндіктерінің мысалдары
суреттер беттерінде берілген.
Өлшеу құралын әрдайым тексерілетін аймақ немесе
шетке жақын қойып әр өлшеуден алдын нивелирлеңіз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын тек жеткізілген қорғайтын қабында
немесе шабаданда сақтаңыз немесе тасымалдаңыз.
Өлшеу құралын таза ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға
батырмаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Лазер шығыс тесігіндегі аймақтарды сапалы тазалайтын
қылшықтарға назар аударыңыз.
Жөндеу үшін өлшеу құралын қорғау қалтасында 21
жіберіңіз.
Қaзақша | 117
1 609 92A 3PW | (27.4.17)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

06159940kd3165140934435

Tabla de contenido