OBJ_BUCH-3005-001.book Page 106 Monday, September 5, 2016 11:47 AM
106 | Қaзақша
Бұл радио балалардың, дене немесе ой қабілеттері
шектелген немесе тәжірібесі және білімі аз
адамдардың пайдалануына арналмаған. Осы
радионы 8 жастан асқан балалардың және дене,
сезім, ойлау қабілеттері шектелген, не тәжірибесі
мен білімі аз адамдардың жүйені қауіпсіз
пайдалану туралы нұсқауынсыз және жауапты
адамның бақылауынсыз пайдалануы аса қауіпті.
Кері жағдайда дұрыс пайдаланбаудан жарақаттанулар
қауіпі пайда болады.
Пайдалану, тазалау және қызмет көрсету кезінде
балаларды бақылаңыз. Балалардың радиомен
ойнамауына көз жеткізіңіз.
Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі
бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.
Қолданылмайтын аккумуляторды қағаз
қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден,
инелерден, бұрандалардан немесе контакттарға
бөгет ете алатын басқа металл заттардан алыс
жерде сақтаңыз. Аккумулятор контакттар арасындағы
қысқа мерзімді тұйықталу себебінен күйіп қалу немесе
өрт пайда болуы мүмкін.
Дұрыс пайдаланбаған аккумулятордан сұйықтық
ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ тигенде,
тиген жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе,
медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы
сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін.
Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші
көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз.
Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне
жарайды және оны басқа аккумуляторларды зарядтау
үшін пайдаланса, өрт себебі болуы мүмкін.
Бұл аккумуляторларды тек өзіңіздің Bosch
өніміңізде пайдаланыңыз. Сол арқылы
аккумуляторды қауіпті артық жүктеуден сақтайсыз.
Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
Радиоға қосатын құрылғылардың қауіпсіздік және
пайдалану нұсқаулықтарын мұқият орындаңыз.
1 609 92A 1PT | (5.9.16)
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға
апаруы мүмкін.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі
радионың сипаттамасына қатысты.
1 Тұтқа
2 Динамик
3 Қосу-өшіру түймесі
4 Қолмен дыбыс реттеу "Equalizer" пернесі
5 "Vol –" дыбыс қаттылығы/тереңдіктер/биіктіктерді
төмендету пернесі
6 "Vol +" дыбыс қаттылығы/тереңдіктер/биіктіктерді
көтеру пернесі
7 Қадалық антенна
8 Дисплей
9 Бағдарламаны сақтау пернелері
10 Уақытты реттеу
пернесі
11 Төменде іздеу
пернесі
12 Жоғарыда іздеу
пернесі
13 "Mute" дауыссыз ету пернесі
14 "Source" аудио көзін таңдау пернесі
15 Аккумулятор*
16 Аккумуляторды босату түймесі
17 Аккумулятор бөлімі
18 Батарея бөлімі қақпағының бұрандасы
19 Батарея бөлімі қақпағы
20 Сақтау бөлімшесінің қақпағы
21 Сақтау бөлімшесінің бұғаттау тұтқышы
22 "AUX IN" ұяшығы
23 12 В қосу ұяшығы
24 Штекерлік қуат блогы
25 Құрылғы штекері
26 AUX кабелі
*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Индикаторлық элементтер
a Радио жиілігінің көрсеткіші
b Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы
c Стерео қабылдау көрсеткіші
d Дуыссыз ету көрсеткіші
e Көп функциялық көрсеткіш
f Аудио көзі көрсеткіші
Bosch Power Tools