Бүріккіш пистолеттің саптама және ауа саңылауларын еш
жағдайда үшкір заттармен тазаламаңыз.
Еріткіштермен және еріткіш негізіндегі бояулармен
тазалау жұмыстарын өткізген кезде арнайы қолғап киіп
жүріңіз.
– Негізгі блокты (22) өшіріп, ауа шлангісін (20) бүріккіш
пистолеттен (1)шығарыңыз.
– Қажет болса, негізгі блокты сұйылтқышпен
дымқылданған шүберекпен тазалап, содан кейін
негізгі блокты (22) және ауа шлангісін (20) тікелей
тазалау аймағынан алып тастаңыз.
– Контейнерді (7) бүріккіш пистолеттен (1)босатыңыз.
Контейнерді (7) көтергіш құбырдың (13) астында
ұстап тұрып, бүрку материалы контейнер ішіне ағуы
үшін, бүріккіш пистолеттің басқару қосқышын (6)
басыңыз.
– Контейнерді (7) толықтай босатыңыз.
Бүрку материалын кейінірек пайдалану үшін тығыз
жабылған бояу контейнерінде сақтауға болады. Ол
үшін, мысалы, қақпағы бар қосалқы контейнерді (8)
немесе түпнұсқа бүрку материалының контейнерін
қолданыңыз.
– Контейнерді (7) тазалаңыз.
– Көтергіш құбырды (13) контейнер
тығыздауышымен (17) бірге бөлшектеп, жақсылап
шайыңыз.
Көтергіш құбырды (13) контейнер
тығыздауышымен (17) бірге бүріккіш пистолетке
қайтадан бекітіңіз.
– Контейнерді (7) жартысына дейін еріткішпен
толтырып, бүріккіш пистолетке (1)қайтадан бекітіңіз.
– Бүріккіш пистолетті бірнеше рет шайқаңыз.
Бұл ретте сұйылтқышты сеппегеніңізге көз жеткізіңіз.
Жарылыс қаупі бар.
– Контейнерді (7) бүріккіш пистолеттен (1)босатып,
жабылатын материал құтысына толығымен ағызыңыз.
– Жаппа гайканы (3), ауа қақпағын (2), тығыздауыш
шайбаны (12), пайдаланылатын саптама қалпағын
(10)/(9) тығыздауыш сақинасымен (11) бірге және
көтергіш құбырды (13) контейнер тығыздауышымен
(17) бірге бөлшектеңіз.
Бұл ретте тығыздауыш сақина (11) саптама
қалпағында қалғанына көз жеткізіңіз.
– Сұйылтқыш құйылған шелекте барлық бояу өткізетін
бөлшектерді әдеттегі шаю қылшағымен тазалаңыз.
Ақаулықтарды жою
Мәселе
Себебі
Бүрку материалы дұрыс
Бүрку материалының көлемі өте аз
жағылмайды
Бояу себілетін бетке дейінгі арақашықтық
тым үлкен
Бояу себілетін бетте бүрку материалы тым
аз, бояу себілетін бетке анда-санда бояу
себіледі
Bosch Power Tools
Сондай-ақ бүріккіш пистолеттің (1)бояу каналын (19)
тазалаңыз.
– Көтергіш құбырда (13) контейнер тығыздауышымен
(17) бірге бүрку материалының жоқтығына және
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Қажет болса, контейнер тығыздауышын (17) тағы бір
рет сұйылтқышпен тазалаңыз.
– Желдету саңылауын (18) жарамды затпен тазалаңыз.
– PFS 2000: қажет болса, толтыру торын (14)
сұйылтқышпен мұқият тазалаңыз.
– Контейнерді (7) және бүріккіш пистолетті
(1)сыртынан сүйылтқышпен ылғалданған шүберекпен
тазалаңыз.
– Құрастырудан бұрын барлық бөліктерді жақсылап
кептіріңіз.
– Майда бүріккіш жүйені кері реттілікпен қайтадан
монтаждаңыз.
Контейнер тығыздауышын (17) көтергіш
құбырдың (13) ойығына қайтадан жоғары қарай
жылжытыңыз.
Бүріккіш пистолетті тиісінше тығыздау үшін контейнер
тығыздауышы көтергіш құбыр ойығының айналысында
дәл орналастырылғанын қамтамасыз етіңіз.
Көтергіш құбырды (13) міндетті түрде бояу
каналының (19) үстіне тірелгенше қайта жылжытыңыз.
Материалдарды кәдеге жарату
Ластанған сұйылтқыш, бүрку материалының қалдығы
және бар болса, сұйылтқыш қалдығы нұсқауларға және
қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен кәдеге жаратылуы
тиіс. Өндірушінің кәдеге жарату нұсқаулары мен арнайы
қоқыс бойынша жергілікті ережелерді ескеріңіз.
Қоршаған орта үшін зиянды химиялық заттар топыраққа,
жер астындағы суларға немесе суқоймаларға түспеуі тиіс.
Қоршаған орта үшін зиянды химиялық заттарды ешқашан
канализацияға тастамаңыз!
Сақтау
– Майда бүріккіш жүйесін сақтаудан алдын, оны әбден
тазалап барлық бөлшектерді жинаудан алдын
кептіріңіз.
Майда бүріккіш жүйе қолданылмай тұрған кезде, резеңке
таспа істікпен бірге (негізгі блоктағы (22)) ауа
шлангісін (20) сақтауға арналған орын ретінде қызмет
атқарады.
Шешімі
Айналмалы реттегішті (5) + бағытымен
бұраңыз
Бүрку арақашықтығын қысқартыңыз
Бояу себілетін бетке жиі бүркіңіз
Қазақ | 199
1 609 92A 687 | (16.09.2021)