Descargar Imprimir esta página

LEITZ 3000 Manual De Instrucciones página 39

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 13
Қолдану мақсаты
Бұл Leitz өнімі USB арқылы зарядталатын құрылғыларды зарядтауға
арналған. Бұл өнім жеке қолданысқа арналған, коммерциялық қолданысқа
жарамсыз. Өнімді үйде немесе офис және дүкендер сияқты ортада ғана
пайдалануға болады. Өнімді тат басатын немесе жарылыс қаупі бар ортада
немесе медициналық мақсаттарда қолдануға болмайды. Өнімді осы
нұсқаулықта сипатталған нұсқауларға сай қолдану қажет. Осы нұсқаулықта
көрсетілмеген қолданыс мақсатынан тыс қолданыс болып танылады.
Технологиялық жаңалықтарға байланысты өзгерістер жасалуы мүмкін.
Техникалық сипаттамалары 
Материалы: Поликарбонат/ABS
Батарея түрі: Литий-ионды түйме
Қалыпты жұмыс/сақтау шарттары:
0-40°C және 10-95 % қатынасты
ылғалдылық
ЕСКЕРТУ! Ескертулер мен
барлық нұсқауларды оқып
шығыңыз.
• Жалпы қауіпсіздік нұсқауларын
асықпай, мұқият оқып шығыңыз.
Жалпы қауіпсіздік нұсқаулары
жеке кітапшада берілген. Осы
кітапша қоса қамтылған.
• Егер өнімді орнату және қолдану
осы нұсқаулыққа сай
орындалмаса, радио және
теледидар сигналдарына немесе
маңайдағы басқа
құрылғылардың сигнал жиілігіне
кері әсерін тигізуі мүмкін. Ондай
кедергілерге жол бермес үшін,
бөлшектерді жалғағанда
қапталған кабельдерді ғана
қолданыңыз. Нұсқаулар
орындалмаса, бұл өнімді
қолдануға болмайды.
• Орнатылған батарея тұтанғыш.
Ашық жалын көздерінен қашық
ұстаңыз!
Осы пайдаланушы нұсқаулығында
қабырға зарядтағышы мен
зарядтағыш құрылғы 3000
"зарядтағыш" деп аталады.
Орамын ашып, құрамындағы
бөлшектерін тексеріңіз 
A USB жолға арналған қабырға
зарядтағыш, зарядтағыш құрылғы
3000 және A түрлі (АҚШ және
басқалары) кірмелі қуат ашасымен
жабдықталған.
B G түрлі (Біріккен Корольдықтар
және басқалар) кірмелі қуат
ашасымен жабдықталған
C I түрлі (Aвстралия және басқалары)
кірмелі ашасымен жабдықталған
D C түрлі (Еуропа және басқалары)
кірмелі ашасымен жабдықталған
E Қолдану және қауіпсіздік
нұсқаулықтары
Қуат ашасын өзгерту 3
Қолдану
Орнатылған зарядтағыш құрылғыны
зарядтау
• Алғашқы рет қолданарда,
зарядтағыш құрылғыны
толығымен зарядтап алу қажет
(2 сағатқа жуық).
• Зарядтағыш құрылғыны алты 6
сайын зарядтау қажет немесе
жарық диодты қуат деңгейінің
индикаторы (H)
жыпылықтағанда ғана
зарядтаған дұрыс.
KK
35

Publicidad

loading