Descargar Imprimir esta página

LEITZ TruSens Z-2000 Manual De Instrucciones página 20

Ocultar thumbs Ver también para TruSens Z-2000:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 7
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ ОҚЫҢЫЗ ЖӘНЕ САҚТАҢЫЗ
Фильтрлерді немесе УК-С шығарғышын ауыстыру алдында немесе құрылғы қолданыста емес кезде құрылғыны қуат
көзінен суырыңыз немесе ажыратыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ: Өрт немесе ток соғу қатерін азайту үшін бұл ауа тазартқышты қатты күйдегі жылдамдықты басқару құрылғысымен
пайдаланбаңыз.
Ауа тазартқышты зақымдалған сыммен немесе ашамен немесе қабырға розеткасы бос болған жағдайда пайдаланбаңыз. Қуат сымы
зақымдалған болса, қауіпті болдырмау үшін оны өндіруші, оның қызмет көрсету агенті немесе тиісінше білікті адамдар ауыстыруы тиіс.
Сымды кілемдер, кілемшелер, алашалар немесе ұқсас төсемдер астынан жүргізбеңіз. Сымды жиһаз немесе құрылғы астынан
өткізбеңіз. Сымды өту аймағынан және ол аяққа ілінетін жерден алыс реттеңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ: Осы құрылғыдағы УК-С шығарғышынан шыққан жарыққа тікелей қараудан тері немесе көз зақымы туындауы мүмкін.
Құрылғыны дұрыс пайдаланбау немесе корпусын зақымдау қауіпті УК-С радиациясының шығуына әкелуі мүмкін. УК-С радиациясы аз
мөлшерде де көздер мен теріге зиян келтіруі мүмкін. Қайта қосу немесе қызмет көрсету алдында қуатты әрқашан ажыратыңыз. УК-С
шығарғышын ACCO Brands компаниясы шығарған 2415108 (Z-2000 үшін) немесе 2415111 (Z-3000 үшін) элементімен ауыстырыңыз.
• Пайдаланбастан бұрын барлық орамды, сонымен қатар фильтрді жапқан қалтаны алып тастаңыз.
• Қатты зақымдалған құрылғыларды ашуға болмайды.
• Бұл құрылғы тек техникалық тақтада көрсетілген қуат ашасының түрімен және рейтингімен сәйкес
келетін қабырға розеткасына қосылуы тиіс.
• Ауа тазартқышты қабырға розеткасына жақын орналастырыңыз және ұзартқыш сымдарды
пайдаланбаңыз.
• Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар және физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті аз немесе
тәжірибесі мен білімі жетіспейтін адамдарға олар бақылауда болған немесе құрылғыны қауіпсіз түрде
қолдану туралы нұсқау берілген және қатысты қауіптерді түсінген жағдайда пайдалануға болады.
• Балалар құрылғымен ойнамауы, оны тазаламауы немесе оған техникалық қызмет көрсетуге әрекет
етпеуі тиіс.
• УК-С шығарғышын осы нұсқаулықта көрсетілген модельмен ауыстырыңыз.
• Бұл өнімге өзіңіз қызмет көрсетуге немесе оны жөндеуге әрекет етпеңіз.
• Тазартқышты және SensorPod™ құралын тек берілген қуат кабелімен пайдаланыңыз.
• Бұл құрылғыны тек ылғал шүберекпен тазалаңыз, ерітінділерді немесе ағартқыштарды пайдаланбаңыз.
• Пайдаланбастан бұрын құрылғының әрқашан мықты, тегіс бетке орналастырылуын қамтамасыз етіңіз.
• Ауаның кіріс немесе шығыс желдеткіштерін бітемеңіз немесе бөгемеңіз.
• Ауаның кіріс немесе шығыс желдеткіштеріне саусақтарды немесе басқа заттарды салмаңыз.
• Ауа тазартқыш күту режимінде кезде SensorPod™ әлі де сигнал/деректер өткізіп тұрады.
Электрлік және Электрондық Жабдықтардың Қалдықтары (WEEE)
Өзінің қызмет мерзімінің соңында өніміңіз WEEE болып қарастырылады. Сондықтан, WEEE өнімінің сұрыпталмаған коммуналдық қоқыс ретінде
тасталмауы керектігін ескерту маңызды болып табылады. Ол компоненттері мен материалдарын қайта өңдеуге, қайта пайдалануға және қалпына
келтіруге болатындай етіп бөлшектелуі үшін бөлек жиналуы тиіс (электр тогын шығаруда энергияны қалпына келтіру үшін жанармай ретінде).
Қоғамдық жинау орындарын муниципалитеттер WEEE өнімдерін жинау үшін жасаған, сіз үшін тегін.
WEEE өніміңізді үйіңізге немесе кеңсеңізге жақын орналасқан жинау орнына апарыңыз.
Жинау орнын табуда қиындықтар туындаса, сізге өнімді сатқан сатушы WEEE өніміңізді қабылдауы керек.
Сатушымен байланыста болмасаңыз, осы мәселе бойынша көмек алу үшін ACCO компаниясына хабарласыңыз.
WEEE өнімдерін қайта өңдеу қоршаған ортаны қорғауға, адам денсаулығын қорғауға, шикізаттарды сақтауға, тұрақты дамуды жақсартуға және
Еуропалық Одақта тауар ұсыныстарын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған құнды екінші рет шикізаттарды алу және қалдықты
тастауды азайту арқылы қол жеткізіледі. WEEE өніміңізді жинау орнына апару арқылы осы мақсаттарға жетуге үлес қоса аласыз.
Өніміңіз WEEE таңбасымен белгіленген (X таңбасы бар қоқыс себеті). Бұл таңба сізге WEEE өнімінің сұрыпталмаған коммуналдық қоқыс ретінде
тасталмауы керектігін хабарлауға арналған.
Leitz TruSens ауа тазартқыштары ультра күлгін сәулелендіргішпен жабдықталған. Бұл бөлшекті ауыстырған кезде (өнімнің қызмет ету мерзімі
ішінде) олар қайтарылып, WEEE жинау мекемесінде жойылуы керек.
Ультра күлгін сәуле шығаратын қондырғы туралы қосымша ақпаратты және нұсқаулықтарды / бейнелерді www.leitz.com сайтынан табуға болады
Кепілдік
Осы құрылғының жұмысына қалыпты пайдаланылған жағдайда сатып алған күннен бастап екі жылға кепілдік беріледі. Кепілдік мерзімі кезінде
ACCO компаниясы өз қарауымен ақаулы құрылғыны тегін жөндейді немесе ауыстырады. Дұрыс пайдаланбаудан немесе тиісті емес мақсаттар
үшін пайдаланудан туындаған ақаулар кепілдікте қамтылмайды.
Сатып алу күнінің дәлелі талап етіледі, ACCO компаниясы рұқсат етпеген адамдар тарапынан жасалған жөндеулер немесе өзгертулер кепілдікті
жарамсыз етеді. Өнімдеріміздің көрсетілген техникалық деректерге сай болуын қамтамасыз ету біздің мақсатымыз. Бұл кепілдік тауарларды
сатуды басқаратын қолданыстағы ұлттық заңнамалар аясында тұтынушылар иеленетін заңды құқықтарға әсер етпейді.
Page 20
KK
Operating Frequency
Wireless: 2462 MHz
Maximum Transmit Power (EIRP)
Wireless: 0 dBm
Antenna Gain
Wireless: 2 Dbi
Осы арқылы, ACCO UK Ltd компаниясы
Leitz TruSens Z-2000/Z-3000
ауа тазартқышы түріндегі
радио жабдығының 2014/53/EU
директивасына сәйкес келетінін
мәлімдейді.
ЕО сәйкестік туралы мәлімдемесінің
толық мәтіні келесі Интернет
мекенжайында қолжетімді:
https://declarations.accobrands.com/

Publicidad

loading

Productos relacionados para LEITZ TruSens Z-2000

Este manual también es adecuado para:

Trusens z-3000