OBJ_BUCH-715-003.book Page 85 Wednesday, March 12, 2014 4:24 PM
Сәйкестік мәлімдемесі
Жеке жауапкершілікпен біз „Техникалық мәліметтер"-де
сипатталған өнімнің төмендегі ереже немесе нормативті
құжаттарға сәйкес екенін білдіреміз: EN 60745,
2011/65/EU, 2004/108/EG, 2006/42/EG, 2000/14/EG
ережелеріндегі анықтамалары бойынша .
2000/14/EG: кепілдік берілген дыбыс күші 105 дБ.
Есептеу әдісі VI тіркемесіне сай.
Өнім санаты: 10
Белгіленген шарттар
TÜV NORD CERT GmbH & Co. KG,
Am TÜV 1, 30519 Hannover
Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідеi:
Robert Bosch GmbH, ETM9,
D-70745 Leinfelden-Echterdingen
Henk Becker
Helmut Heinzelmann
Executive Vice President
Head of Product Certification
Engineering
PT/ETM9
Robert Bosch GmbH, Power Tools Division
D-70745 Leinfelden-Echterdingen
Leinfelden, 13.03.2014
Жинау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Қосымша тұтқа
Электр құралыңызды тек қосымша тұтқа 6 менен
пайдаланыңыз.
Қосымша тұтқаны 6 қисатып бекем және шаршатпайтын
жұмыс күйін орнатыңыз.
– Қосымша тұтқаның 6 төмен бөлегін сағат тіліне қарсы
бұрап, қосымша тұтқаны 6 керекті күйге бұраңыз.
Сосын қосымша тұтқаның 6 төмен бөлігін сағат тілімен
бекітіп бұраңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру
SDS-plus аспап патронымен алмалы-салмалы аспапты жай
және оңай қосымша аспаптарды пайдаланбай
алмастыруға болады.
Шаңнан сақтайтын бұқтырмамен 1 жұмыс істеу кезінде
бұрғылау шаңының аспап патронына кіруіне жол
бермейді. Аспапты пайдаланудан алдын шаңнан
сақтайтын бұқтырманың 1 зақымдалмағанына көз
жеткізіңіз.
Зақымдалған шаңнан сақтайтын бұқтырма бірден
алмастырылуы қажет. Оны қызмет көрсету
шеберханасында орындау ұсынылады.
Алмалы-салмалы аспапты орнату (А суретін қараңыз)
– Алмалы-салмалы аспаптың салынатын ұшын тазалап,
аздап майлаңыз.
– Алмалы-салмалы жұмыс құралын патронға автоматты
бекітілгенше бұрап салыңыз.
– Құралдың бекітілуін тартып тексеріңіз.
Bosch Power Tools
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз
(В суретін қараңыз)
– Бекіту төлкесін 2 артқа жылжытып алмалы-салмалы
аспапты шешіңіз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Қосу/өшіру
– Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 5 басып
тұрыңыз.
– Басылған қосқыш/өшіргішті 5 құлыптау үшін құлыптау
пернесін 4 басыңыз.
– Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті 5
жіберіңіз немесе құлыптау пернесімен 4 құлыптанған
болса, қосқыш/өшіргішті 5 қысқа уақыт басып
жіберіңіз.
Төмен температураларда электр құралы белгілі уақыт
өткеннен соң толық қағу қуатына жетеді.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Қағу санын реттеу
Қосылған электр құралдың қағулар санын 5
қосқыш/өшіргішінің басу күшін өзгерте отырып біртіндеп
реттеуге болады.
Қосқышты/өшіргішті 5 жай басқанда төменірек қағу
санымен жұмыс істейді. Басу күші күшейгенде қағу саны
артады.
Кескіш қалпын өзгерту (Vario-Lock)
Кескішті12 күйде бекітуге болады. Осылай оптималды
жұмыс істеу күйіне жете аласыз.
– Кескішті аспап патронына орнатыңыз.
– Оюды реттеу сақинасын 3 алға жылжытып, оюды реттеу
сақинасымен 3 ойғышты керекті күйге бұраңыз.
– Оюды реттеу сақинасын 3 жіберіп, ойғышты
тірелгенше бұраңыз.
Қaзақша | 85
1 619 92A 070 | (12.3.14)