Kaz Пайдалану Бойынша Нұсқаулық - Marta MT-1585 Manual De Instrucciones

Tabla de contenido

Publicidad

KAZ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Аспапты пайдаланар алдында осы нұсқаулықты мұқият оқыңыз және кейін анықтама алу үшін сақтап қойыңыз.
 Алғашқы қосу алдында бұйымның таңбалауында көрсетілген техникалық сиаттамалары жергілікті желіңіздегі электр қоректенуге сәйкес келетінін тексеріңіз.
 Тек тұрмыстық мақсатта пайдаланыңыз. Аспап өнеркәсіәпте қолдануға арналмаған.
 Желілік бауы зақымданған немесе басқа зақымдары бар аспапты пайдаланбаңыз.
 Желілік бау өткір шеттер мен ыстық беттерге тимеуін байқаңыз.
 Желілік бауды аспап корпусының айналасына орамаңыз, бұрамаңыз және тартпаңыз.
 Аспапты қоректену желісінен ажыратқанда желілік бауды тартпай, тек ашадан ұстаңыз.
 Аспапты өз бетімен жөндеуге тырыспаңыз. Ақау туындаған жағдайда жақын орналасқан сервистік орталыққа жолығыңыз.
 Кеңес берілмеген қосымша керек-жарақты пайдалансаңыз, қауіп төнуі немесе аспап зақымдануы мүмкін.
 Аспапты тазалау алдында және оны пайдаланбасаңыз ылғи электр желіден ажыратыңыз.
 Электр тоқ соқпау және тұтанбау үшін аспапты суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз. Егер бұл бола қалса, оны бірден электр желіден ажыратып,
тексеру үшін сервистік орталыққа жолығыңыз.
 Аспап физикалық және психикалық шектеулері бар, осы аспапты пайдалану тәжірибесі жоқ адамдармен (соның ішінде балалармен) пайдаланылуға
арналмаған. Бұл жағдайда пайдаланушыны оның қауіпсіздігіне жауап беретін адам алдын ала үйрету керек.
 Аспап қатты азық-түлікті үгітуге арналмаған.
 Аспаптың үшкір кескіш жүздерімен жұмыс істегенде абай болыңыз.
 Дұрыс жиналмаған аспап жануға және басқа зақымдарға әкеліп соқтыруы мүмкін.
 Үздіксіз жұмыстың ең жоғарғы рұқсат етілетін уақыты – 30 сек. Аспапты өшіріп, жұмысты жалғастырар алдында қозғалтқышты 1 мин бойы суытыңыз. Кейін 4
топтаманың аспапты өшіріп, жұмысты жалғастырар алдында қозғалтқышты 15 мин бойы суытыңыз.
АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
 Моторлық блокты дымқыл шүберекпен сүртіп, саптаманы суда жуып, мұқият шайып, кептіріңіз.
 Саптамадағы сызық пен ұстағыштағы ашық құлып белгісін біріктіріп, қажетті саптаманы орнатыңыз да, сағат тілі бойымен тірелгенше бұрыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТУ
 Аспапты тазалау алдында электр желісінен міндетті түрде ажыратыңыз.
 Аспаптың өткір кесу жүздерін пайдаланғанда абай болыңыз!
 Моторлық бөлікті дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Моторлық бөлікті су ағынына немесе суға ешқашан батырмаңыз.
 Саптамаларды сабынды суда жуып, шайқап, кептіріңіз. Аспап бөлшектерін кептіріп сүртіңіз.
 Пластик бөліктері боялмас үшін аспапты пайдаланған соң дереу жууға кеңес беріледі.
10

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido