Геймпадты пайдалану
• Геймпад пен қосылған құрылғы арасында кедергілер, соның ішінде, адам денелері,
қабырғалар, бұрыштар немесе қоршамдар жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
• Жалғанған құрылғының Bluetooth антеннасына тимеңіз.
• Bluetooth кейбір өндірістік, ғылыми, медициналық және төмен қуатты өнімдермен
бірдей жиілікті пайдаланады және осы өнімдер түрлерінің жанында қосылымдар
орнатқанда кедергілер орын алуы мүмкін.
• Кейбір құрылғылар, әсіресе Bluetooth SIG сынақтан өткізбеген немесе бекітпеген
құрылғылар геймпадыңызбен үйлесімді болмауы мүмкін.
• Bluetooth мүмкіндігін заңсыз мақсаттарда пайдаланбаңыз (мысалы, файлдардың
пираттық көшірмелерін жасау немесе коммерциялық мақсаттарда хабарларды заңсыз
түрде алу).
Геймпадты пайдалану
Геймпадтағы түймелер мен аналогтық джойстикті пайдалана отырып, қосылған мобильді
құрылғыдағы ойындардан ләззат алыңыз. Мобильді құрылғыны Gear VR құрылғысына қосқан
кезде, VR ойындарынан ләззат ала аласыз.
• Геймпадта қуат қосу/өшіру функциясы жоқ. Егер геймпад белгілі бір кезең бойы
пайдаланылмаса, ол ұйқы режиміне өтеді.
• Gear VR құрылғылары жеке сатылады.
Қазақ тілі
8
8