Descargar Imprimir esta página

Bosch GNH 18V-64 Professional Manual Original página 189

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 34
Электр құралының, мысалы, төмендегі әрекеттер арқылы
әлсізденуіне немесе зақымдалуына жол бермеңіз:
– соғу немесе ою,
– өндіруші рұқсат етпеген құрылымын өзгерту,
– болат сияқты қатты материалдан жасалған
шаблондарда жүргізу,
– жерге құлату немесе жерде жылжыту,
– балға ретінде пайдалану,
– күш салып кез келген жұмыс істеу.
Дайындама астында немесе артында не тұрғанын көріп
алыңыз. Артыңызда адамдар тұрса, қабырға, төбе немесе
еденге шеге атпаңыз. Шегелер дайындаманы тесіп,
әлдекімге жарақат тигізуі мүмкін.
Қағылған шегеге басқа шеге қақпаңыз. Бұл ретте шеге
деформацияға ұшырап, шегелер қысылуы мүмкін немесе
электр құралы бақылаусыз жылжуы мүмкін.
Егер электр құралы суық қоршаған орта шарттарында
қолданылатын болса, алғашқы шегелер әдеттегіден баяу
қағылады. Электр құралы жұмыс істеу арқылы
жылығаннан кейін, қалыпты жұмыс жылдамдығында
қайтадан жұмыс істеу мүмкін болады.
Соққыштың тозуын азайту үшін бос қағу әрекеттерін
болдырмаңыз.
Ұзақ жұмыс үзілістерінде немесе жұмысты аяқтағаннан
кейін электр құралын өшіріңіз, аккумуляторды
шығарыңыз және қорапты мүмкіндігінше босатыңыз.
Қорапты босату (C1−C2 суреттерін қараңыз)
– Қорап қалқанын (13), шеге қармағышын (14) баса
отырып, шеге қармағыш соңғы шегені босатқанша,
артқа тартыңыз да, содан кейін қорап қалқанын
қораптың (12) басына дейін абайлап алға апарыңыз.
Нұсқау: қорап қалқанының бағыттаусыз кері қармалып
қалуына жол бермеңіз. Қорап қалқаны зақымдалуы
мүмкін және саусағыңыз қысылып қалуы мүмкін.
– Электр құралын, қораптағы шегелер қорап серіппесіне
(17) дейін артқа сырғып кеткенше бұраңыз.
– Қорап серіппесін төмен басып, шегелерді шеге
қармағышынан (14) өткізіп, қораптан (12)
шығарыңыз.
Тереңдік шектегішін реттеу (D суретін қараңыз)
Шегелердің қағылу тереңдігін реттегіш дөңгелекпен (4)
реттеуге болады.
– Қорапты (12) босатыңыз.
– Шегелер тым терең қағылады:
қағылу тереңдігін азайту үшін реттегіш
дөңгелекті (4) сағат тілінің бағытына
қарсы бұраңыз.
– Шегелер жеткілікті емес тереңдікте
қағылады: қағылу тереңдігін арттыру
үшін реттегіш дөңгелекті (4) сағат
тілінің бағытымен бұраңыз.
– Қорапты қайта жабдықтаңыз.
– Жаңа қағылу тереңдігін сынақ дайындамада тексеріңіз.
Қажет болса, жұмыс қадамдарын қайталаңыз.
Bosch Power Tools
Қысылған жерлерді босату (E1−E2 суреттерін
қараңыз)
Шегелер итергіш каналда қысылуы мүмкін. Бұл мәселе
жиі орын алса, өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Нұсқау: егер қысылған жерді босатқаннан кейін, таңба
бұдан былай кері жылжымаса, өкілетті Bosch қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
– Іске қосу құрылғысын (5) жіберіңіз.
– Электр құралын өшіріп, аккумуляторды (7)
шығарыңыз.
– Қорапты (12) босатыңыз.
– Қыспа иінтіректі (3), итергіш канал ашыла алғанша,
төмен қарай басыңыз.
– Қысылған шегелерді алып тастаңыз. Ол үшін
қажетінше қысқашты пайдаланыңыз.
– Итергіш каналды жауып, қыспа иінтіректің (3)
қапсырмасын итергіш каналдағы ілмекке іліңіз, содан
кейін қыспа иінтіректі қайтадан жоғары итеріңіз.
– Қорапты қайта жабдықтаңыз.
Дайындама қорғағышын алмастыру (F суретін
қараңыз)
Іске қосу сақтандырғышының (2) ұшындағы дайындама
қорғағышы (1), электр құралы қағу әрекеті үшін тиісінше
орналастырылған жағдайда, дайындаманы қорғайды.
Дайындама қорғағышын алып тастауға және алмастыруға
болады
– Іске қосу құрылғысын (5) жіберіңіз.
– Электр құралын өшіріп, аккумуляторды (7)
шығарыңыз.
– Қорапты (12) босатыңыз.
– Дайындама қорғағышын іске қосу сақтандырғышынан
тартып алыңыз.
– Жаңа дайындама қорғағышын ашық ұшымен іске қосу
сақтандырғышына салыңыз.
Нұсқау: қосалқы дайындама қорғағышын қораптың (12)
жоғарғы жағында сақтауға болады. Ол үшін дайындама
қорғағышын сақтау орнына (10) кіргізіңіз.
Тасымалдау және сақтау
Электр құралын тасымалдау үшін, әсіресе сатыны
қолданған немесе әдеттегіден тыс дене қалпында
жылжытқан кезде өшіріңіз.
Электр құралын жұмыс орнына тек тұтқасынан (8) ұстап
және іске қосу құрылғысын (5) іске қоспай
тасымалдаңыз.
Электр құралын әрдайым аккумулятордан ажыратылған
күйде және құрғақ, жылы жерде сақтаңыз.
Егер электр құралы ұзақ уақыт пайдаланылмайтын
болмаса, құралдың болат бөліктерін аздап майлаңыз. Бұл
тот басудың алдын алады.
Қазақ | 189
1 609 92A 5TX | (10.05.2021)

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Gnh 18v-64 m professional