6.
• Желдеткіш блогын жабудан қатты қызуға байланысты залал болмағанын көрсету.
• Өнімде біліксіз тұлға тарапынан жұмыс орындалмағанын және қате жолмен жөндеу
әрекеттерінің орындалмағанын көрсету.
Құрал дұрыс емес пайдаланылмағанын көрсету (құралға артық жүктеме түсіру
немесе мақұлданбаған керек-жарақтарды пайдалану).
• Сыртқы әсерлерден немесе құм/тас сияқты бөгде заттардан зақым пайда болмағанын
көрсету.
• Қауіпсіздік кеңестерін және пайдалану жөніндегі нұсқауларды орындамаудан зақым
пайда болмағанын көрсету. Өнім қалыпты жұмыс шарттарында және кәсіби емес
мақсаттармен пайдаланылуы тиіс. Сондықтан осы кепілдік есебінен көгалдандырумен
айналысатын компаниялар, жергілікті әкімшілік және жабдықты ақылы немесе ақысыз
жалға беретін компаниялар пайдаланатын өнімдер шығарылады.
KZ
Түпнұсқа нұсқаулардың аудармасы
146
Қ Қ
Ө
7.
Əр пайдаланудан бұрын/кейін өнім мен керек-жарақтарда тозу мен зақым белгілерінің
бар-жоғын тексеріп шығыңыз. Қажет болса, оларды осы пайдалану нұсқаулығында
сипатталғандай жаңасына ауыстырыңыз. Техникалық талаптарды сақтаңыз. Отын мен
мотор майының деңгейін әр пайдаланудан бұрын тексеріңіз, отын мен мотор майын
төмен деңгейде болған жағдайда құйыңыз.
Қозғалтқыш бөліктеріне техникалық қызмет көрсету үшін B&S пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз.
! Кескіш құрылғыда және оның жанында жұмыс істегенде қорғаныш
қолғап киіп жүріңіз! Қоқысты жою үшін дұрыс құралдарды қолданыңыз!
Жалаңаш қолмен ұстауға болмайды!
! Əрдайым алмастыру үшін түпнұсқа қосалқы бөліктерді қолданыңыз.
Кескіш құрылғының ешбір басқа бөлігін бекітпеңіз!
! Кескіш құрылғыны тек қана тәжірибелі пайдаланушы алмастыруы тиіс!
Жүздерді қайта өңдеу немесе қайрау жөндеу қызметімен немесе бірдей
біліктілікке ие маманмен орындалмаса, осы әрекеттерді орындамаған жөн!
1. Дека мен кескіш құрылғыны қоқыстан таза күйде ұстаңыз. Шығару науасынан
кесіктерді шығарыңыз.
2. Барлық гайкалар мен болттардың тығыздығын жұмысқа кіріспес бұрын тексеріп
шығыңыз. Ұзақ мерзімді пайдаланған соң, әсіресе құмды топырақ жағдайында,
кескіш құрылғы тозып, бастапқы пішінінен біраз айырылады. Кесу тиімділігі азайып,
кескіш құрылғыны алмастыру қажет болады.
3. Жақсы кесу өнімділігін қамтамасыз ету үшін кескіш құрылғыны өткір күйінде
сақтаңыз. Тозған немесе зақымдалған кескіш құрылғыны бірдей түрдегі жаңасымен
алмастырыңыз немесе оны білікті маманға қайрауға беріңіз.
4. Кескіш құрылғыны бірдей түрдегі жаңасымен алмастырыңыз.
5. Кескіш құрылғы мен өнімнің қызмет ету мерзімін ұзарту үшін кескіш құрылғыны әр
пайдаланған соң майлаңыз. Кескіш құрылғы жиегінің бойымен жеңіл машина майын
жағыңыз.
6. Шөп жинағышты әр пайдалану алдында тексеріп шығыңыз. Зақым белгілері табылса,
оны пайдаланбаңыз.
7. Шөп жинағышты әр пайдаланған соң су мен жұмсақ сабын пайдаланып тазалаңыз.
8. Зеңнің пайда болуына жол бермеу үшін шөп жинағышты сақтаудан бұрын кептіріңіз.
9. Сымдардың өнімділігін әр пайдалану алдында тексеріп шығыңыз. Қажетінше реттеу
үшін білікті маманның көмегіне жүгініңіз.
қ
:
Көгалшапқышты сақтауға дайындау үшін төмендегі қадамдар орындалуы тиіс.
1. Өнімді ұзақ уақыт бойы (30 күннен артық) пайдаланбайтын болсаңыз және оны қысқы
уақытта сақтаудан бұрын бакты босатыңыз.
a) Бензин багын сорғышпен босатыңыз.
Түпнұсқа нұсқаулардың аудармасы
147
, Қ
Ə
KZ