Descargar Imprimir esta página

Қауіпсіздік Ескертулері; Жеткізілетін Жинақтың Құрамы; Белгілер; Мақсатқа Сай Пайдалану - Venta ORIGINAL LW15 Manual De Instrucciones

Ocultar thumbs Ver también para ORIGINAL LW15:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 21
• Құрылғыны ешқашан қажетті мөлшерден асыра толтыруға болмайды.
• Сауыты толып тұрған құрылғыны тасымалдауға немесе қисайтуға
болмайды.
• Желілік адаптерді ешқашан кабелінен тартып немесе дымқыл қолмен
розеткадан суырып алуға болмайды.
• Құрылғыны толық құрастырғаннан кейін ғана қолданысқа енгізу керек.
• Құрылғыны тегіс әрі құрғақ бетке ғана орналастыру керек.
• Құрылғыны аударылып кетпейтін, әрі оған немесе оның кабеліне ешкім
сүрініп кетпейтін етіп орнату керек.
• Құрылғы мен басқа заттардың және қабырғалардың арасында кемінде 50
см бос орын қалуға тиіс.
• Ең үлкен орнату биіктігі: 2000 метр
• Құрылғы шамадан тыс қызып/зақымданып қалмас үшін ауа алмастыру
саңылауларын ешқашан бүркеп немесе бөгеп тастауға болмайды.
• Әсіресе қыс айларында бөлме ішіндегі ылғалдылық ұзақ уақыт бойы
60 %­дан асса, биологиялық ағзалар пайда болуы мүмкін.
• Құрылғының жасалуы және онда қолданылған конденсатты буландыру
технологиясы, құрылғыны дұрыс іске пайдаланған жағдайда оның
корпусынан судың тамшы немесе бу түрінде бөлінуіне және қақ тұруға жол
бермейді.
• Құрылғыны тек өзіне арналған түпнұсқа Вента керек­жарақтарымен бірге
пайдалану қажет. Бөгде тараптан алынған керек­жарақтарды қолдану
салдарына Venta­Luftwäscher GmbH ешбір жауапкершілік көтермейді.
• Құрылғыны бірнеше күн пайдаланбасаңыз немесе ағытып ұзағырақ
уақыт сақтап қойғыңыз келсе, жағымсыз иістің немесе ағынсыз суда
биологиялық ағзалардың пайда болуына жол бермеу немесе су жиналып
қалмау үшін су сауытының ішіндегісін әбден төгіп, қоқыстарынан арылту
және құрғату керек.
• Құрылғыны пайдаланбаған кезде желілік адаптерін розеткадан ағытып
қойыңыз.
• Құрылғының айналасындағы жердің ылғал немесе су болып қалуына жол
бермеңіз. Ылғал пайда болса, құрылғының жұмыс қарқынын азайтыңыз.
Құрылғының жұмыс қарқыны төмендетуге болмайтын деңгейге жетсе,
құрылғыны ара­тұра үзіліс жасап пайдаланыңыз. Су сіңіріп алатын кілем,
перде, гардин немесе үстел жапқыш тәрізді нәрселердің ылғал болып
қалмауын қадағалаңыз.
270
KZ
ЖЕТКІЗІЛЕТІН ЖИНАҚТЫҢ
ҚҰРАМЫ
1 × Venta құрылғысы
1 × Бөтелке гигиеналық құрал 50  мл
1 × Қысқаша нұсқаулық
1 × Қауіпсіздік ескертулері
Егер бөлшектері жетіспесе немесе зақымданған болса, серіктес сервис
орталығымызға немесе жергілікті дилеріңізге хабарласыңыз.
БЕЛГІЛЕР
Қауіпсіздік ескертулері: Адамдарға және заттарға келетін зардап
!
немесе зақымның алдын алу үшін мұқият оқу және орындау керек.
i
Қосымша ақпараттар
Пайдалы кеңестер
МАҚСАТҚА САЙ ПАЙДА ЛАНУ
Бұл Venta құрылғысы ­ бөлме ішіндегі ауаны ылғалдандыруға арналған
тұрмыстық құрылғы.
Бұл құрылғы сыртта қолдануға арналмаған. Құрылғыны басқа мақсатта
қолдану немесе оған өзгеріс енгізу – оны берілген мақсатта қолданбау деп
қарастырылады. Құрылғыны өндіруші оны көрсетілген мақсаттан басқаша
қолдану нәтижесінде орын алған зақымдар мен адамдардың жарақат
алуына жауапты емес.
МАҚСАТҚА САЙ ҚОЛДАНБАУ
Құрылғыны мақсатқа сай пайдаланбаса, денсаулыққа және өмірге қауіп
төндіруі мүмкін. Бұған төмендегі жағдайларда қолдану жатады:
• Жарылыс қаупі бар және/немесе агрессивті атмосфералы ортада
пайдалану
• Еріткіштер көп мөлшерде сақталған бөлмелерде қолдану
• Бассейндер мен ылғалды орталарда пайдалану
• Далада пайдалану
KZ
271

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Original lw25Original lw45