Descargar Imprimir esta página

Stihl RM 248.2 T Manual De Instrucciones página 271

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 37
5 Көгалшапқышты пайдалануға дайындау
4.10
Сақтау
Сақтандыру
■ Балалар көгалшапқыш тәуекелдерін
анықтай алмауы және бағалай алмауы
мүмкін. Балалар ауыр жарақат алуы мүмкін.
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Көгалшапқышты балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
■ Металл компоненттерді ылғал әсерінен тот
басуы мүмкін. Көгалшапқыш зақымдалуы
мүмкін.
► Көгалшапқышты таза және құрғақ күйінде
ұстаңыз.
■ Көгалшапқыш құлама беттерге сақтауға
қойылған жағдайда, ол кенет домалап кетуі
мүмкін. Адамдар жарақат алуы және
материалдық зияннан зардап шегуі мүмкін.
► Көгалшапқышты тек тегіс беттерге
сақтауға қойыңыз.
4.11
Тазалау, техникалық қызмет
көрсету және жөндеу
Сақтандыру
■ Тазалау, техникалық қызмет көрсету
немесе жөндеу барысында қозғалтқыш
жұмыс істеп тұрса, адамдар ауыр жарақат
алуы немесе материалдық зиян келтірілуі
мүмкін.
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Пышақтың айналуы тоқтағанша
күтіңіз.
► Оталдыру білтесі сымының
штекерін шығарыңыз.
■ Егер тазалау, техникалық қызмет көрсету
немесе жөндеу барысында қозғалтқыш
жұмыс істеп тұрса, қозғалғыш механизм
жетегі абайсызда қосылып кетуі мүмкін.
Адамдар ауыр жарақат алуы және мүлікке
зиян келтірілуі мүмкін.
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Оталдыру білтесі сымының
штекерін шығарыңыз.
■ Қозғалтқыш жұмыс істеген болса, дыбысты
басқыш пен қозғалтқыш ыстық болуы
мүмкін. Адамдар күйіп қалуы мүмкін.
► Дыбысты басқыш пен қозғалтқыш
суығанша күтіңіз.
0478-111-9849-A
■ Өткір тазалағыш құралдар, су ағынымен
тазалау немесе үшкір заттар
көгалшапқышқа немесе пышаққа зақым
келтіруі мүмкін. Көгалшапқыш немесе
пышақ тиісінше тазаланбаған жағдайда,
құрамдас бөлшектер тиісінше жұмыс
істемеуі және сақтандырғыш құрылғылар
бұзылуы мүмкін. Адамдар ауыр жарақат
алуы мүмкін.
► Көгалшапқышты және пышақты аталмыш
пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
сипатталғандай тазалаңыз,
■ Көгалшапқышқа немесе пышаққа
пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
сипатталған тәртіппен күтім жасалмаған
немесе жөндеу жүргізілмеген жағдайда,
құрамдас бөлшектер тиісінше жұмыс
істемеуі және сақтандырғыш құрылғылар
істен шығуы мүмкін. Адамдар ауыр жарақат
алуы немесе мерт болуы мүмкін.
► Тозған немесе зақымдалған бөлшектерді
ауыстырыңыз.
► Көгалшапқышқа аталмыш пайдалану
жөніндегі нұсқаулықта сипатталған
тәртіппен күтім жасаңыз немесе жөндеу
жүргізіңіз.
► Пышаққа аталмыш пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта сипатталғандай техникалық
қызмет көрсетіңіз.
■ Пышақты тазалаған, жөндеген немесе оған
техникалық қызмет көрсеткен жағдайда,
пайдаланушы өткір жиектерге дене
мүшелерін кесіп алуы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
► Төзімді материалдан жасалған қорғаныш
қолғаптарын киіңіз.
■ Қайрау кезінде пышақ қызып кетуі мүмкін.
Пайдаланушы дене мүшелерін күйдіріп
алуы мүмкін.
► Пышақ суығанша күтіңіз.
► Төзімді материалдан жасалған қорғаныш
қолғаптарын киіңіз.
5
Көгалшапқышты
пайдалануға дайындау
5.1
Көгалшапқышты пайдалануға
дайындау
Әрбір жолы жұмысты бастамас бұрын
төмендегі әрекеттерді орындау қажет:
► Орау материалдары мен тасымалдау
сақтандырғыштарын шешіп алыңыз.
қазақ
15.2.
271

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Rm 253.2 t