218 | Қазақ
– Шынжырлы араны іске қосып, шамамен 1 минуттай,
қағазда май шашырау іздері көрінгенше дейін іске
қосып тұрыңыз. Осы әрекет арқылы автоматты майлау
жүйесі арқылы майдың тартылып тұрғанын немесе
тартылмай тұрғанын тексере аласыз.
Назарыңызда болсын: Шынжырлы араны ара
шынжыры үшін арналған арнайы майсыз қолдануы
немесе бар болған май көлемі керекті деңгейден төмен
болғаны шынжырлы араның бұзылуына апарады.
Назарыңызда болсын: Төмен температураларда май
тұтқыр болып кетіп, осының салдарынан май өнімділігінің
деңгейі төмендеп кетеді.
Назарыңызда болсын: Ара шынжырының қызмет өмірі
мен кесу өнімділігі оның майлану үйлесімділігіне
байланысты.
Жүріс және тұрыс бойынша жалпы нұсқаулар
( Fсуретін қараңыз)
– Құралды алғашқы рет қолданатын пайдаланушылар
ағаш діңгектерін кесуді алдымен діңгектерді тұғырық
үстіне қойып үйреніп алуы тиіс.
– Шынжырлы араны өзіңіздің денеңізден сәл оң жаққа
қарай ұстаңыз.
– Арамен кесу барысында тісті таянышты тетік (10)
ретінде қолданыңыз.
– Ара шынжыры ағашпен жанасу алдынан толық
жылдамдықпен жүріп тұруы қажет.
– Үлкенірек бұтақтар мен ағаш діңдерін арамен кесу
барысында тісті таянышты тереңірек орында қойып
кесіңіз. Ол үшін, тісті таянышты босатып алу үшін
шынжырлы араны артқа қарай тартып, оны қайтадан
төменірек қоя отырып енгізіңіз. Бұл әрекет барысында
шынжырлы араны кесік жасалған жерден
шығармаңыз.
– Арамен жұмыс істегенде ара шынжырына күшпен
баспаңыз, оны тек қана ұстап, өз-өзімен жұмыс
істетіңіз.
– Шынжырлы араны кесіктен тек қана ара шынжыры
жүріп тұрғанда шығарыңыз.
– Арамен кесік жасау соңында сақ болыңыз. Шынжырлы
ара өзінің тек қана бір кескіш жиегімен жұмыс йстей
бастағаннан сәттен бастап ауырлық күші кездейсоқ
түрде өзгеріледі. Аяқтардың жарақаттану қауібі пайда
болады.
Қателерді белгілеу
Электр бұйымыңыз қалыпты түрде жұмыс істемей тұрған жағдайларда төменде берілген қателер симптоматика
бойынша кестесі мүмкін болған себептерін белгілей отырып, оларды шешу үшін жолдар мен шараларын көрсетеді.
Қателер мен бөгеттерді осы кесте бойынша белгілеп жоя алмасаңыз, техникалық көмек беретін лайықты сервис
орталығымен хабарласыңыз.
Назар аударыңыз: Қателерді белгілеу бойынша жұмыстарды өткізу алдынан алдымен электр бұйымын өшіріп
қойып, оның ішіндегі батареясын шығарып алыңыз.
F 016 L81 992 | (25.01.2023)
Араның кері соғуы (G суретін қараңыз)
– Араның кері соғуы деген ұғым жұмыс істеп тұрған
араның, шапқы ұшы кесілетін өнімді түртіп қалғанда
немесе ара қысылып ілініп қалғанда пайда болатын,
жоғарыға және артқа қарай кездейсоқ соға бастауын
білдіреді.
– Араның кері соққысы пайда болғанда шынжырлы ара
күтпеген түрде әрекеттене бастап, қолданушының
немесе арамен кесу жұмысы өткізіліп жатқан аумақта
тұрған басқа адамдардың ауыр жарақаттануына апара
алады.
– Арамен бүйірінен кесу, көлденеңінен және ұзынынан
кесу жұмыстары аса сақтықпен өткізілуі тиіс, себебі
тісті таяныш (10) осы жерлерде бекітіле алынбайды.
Ағаш діңгектерін арамен кесу (H суретін
қараңыз)
– Діңгектерді арамен кесу алдынан оларды әрқашан
қауіпсздендеріп бекітіп алыңыз.
– Діңгектің қысылып қалуына немесе ара шынжырының
сыналануына жол бермеу үшін, діңгектерді әрқашан
белгіленген қауіпсіздендіру нүктелері үстінен кесіңіз.
– Ара шынжыры ешқашан жер немесе кесу
жабдықтарына тиіп қалмауына көз жеткізіп жүріңіз.
– Сүрініп қалу қауібіне апара алу себебінен ағаш
түбірлеріне, бұтақтарға, тамырларға және т.б. назар
аударыңыз.
Ағашты кернеу астында арамен кесу (I суретті
қараңыз)
– Кернеу астында тұратын ағаш өнімдерін, бұтақтарды
және ағаштарды арамен кесу жұмыстары тек қана
арнайы білімі және тәжірибесі бар мамандар арқылы
өткізілуі тиіс. Аса сақ болуыңыз қажет. Жазатайым
апаттардың қауібі артады.
Бұтақта немесе ағашта бұтақшаларды кесу (J
суретті қараңыз)
– Бұтақшаларды кесу деген ұғым шабылып құлатылған
ағаштан немесе ірі бұтақтан бұтақшаларды кесіп алуды
білдіреді.
– Ағашты тіреп тұратын үлкенірек, төменге қарай
бағытталған бұтақтарды жұмыс барысы басында
кеспей ағашта қалдырыңыз.
– Шағын бұтақшаларды бір кесу әрекетте кесіп алып
тастаңыз.
Bosch Power Tools