Descargar Imprimir esta página

Bosch HEAVY DUTY GWG 12V-50 S Professional Manual Original página 147

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 26
Осы ескертпелерде берілген діріл көлемі нормалық
өлшеу әдісі бойынша есептелген болып электр
құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы
мүмкін. Ол дірілдеу қуатын шамалап өлшеу үшін де
жарамды.
Берілген діріл көлемі электр құралының негізгі
жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа
жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен
немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу
көлемдері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы діріл
қуатын арттыруы мүмкін.
Дірілдеу қуатын нақты есептеу үшін құрал өшірілген және
қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру
қажет. Бұл дірілдеу қуатын бүкіл жұмыс уақытында қатты
төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдастыру.
Аккумулятор
Bosch компаниясы аккумуляторлық электр құралдарын
аккумуляторсыз да сатады. Электр құралыңыздың
жеткізілім жиынтығында аккумулятордың бар-жоғын
қаптауыштан біліп алуға болады.
Аккумуляторды зарядтау
Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау
u
құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау
құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий-
иондық аккумулятормен сәйкес.
Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық
тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған
күйде жеткізіледі.Аккумулятордың толық қуатын
пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық
зарядтаңыз.
Аккумуляторды енгізу
Зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне
тірелгенше енгізіңіз.
Аккумуляторды шығару
Аккумуляторды шығару үшін аккумуляторды босату
түймелерін басыңыз және аккумуляторды электр
құралынан тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш
салмаңыз.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Жарықдиодты индикатордағы 5 жарықдиод
аккумулятордың заряд деңгейін көрсетеді. Жарықдиодты
индикатор іске қосылған сәттен 5 секундтан кейін
жыпылықтайды.
Жарық диоды
Үздіксіз жарық 5 × жасыл
Үздіксіз жарық 4 × жасыл
Bosch Power Tools
Жарық диоды
Үздіксіз жарық 3 × жасыл
Үздіксіз жарық 2 × жасыл
Үздіксіз жарық 1 × сары
Үздіксіз жарық 1 × қызыл
Артық жүктемеден жылу қорғанышы
Тағайындалуына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралы
артық жүктелмейді. Артық жүктелу немесе рұқсат етілген 
аккумулятор температурасы аралығы өтілсе айналымдар
саны қысқарып, электр құралы өшеді. Төменделген
айналымдар санында электр құралы аккумулятор рұқсат
етілген температураға жеткеннен соң немесе
төменделген жүктелуде толық айналымдар санымен
жұмыс істейді. Автоматты өшуде электр құралын
автоматты ретте өшіріп, аккумуляторды суытыңыз да,
электр құралын қайта қосыңыз.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Жинау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Ажарлау құралдарын орнату (A суретін
қараңыз)
Тек жарамды және зақымдалмаған айыр тәрізді
u
кілтті пайдаланыңыз ("Техникалық мәліметтер"
бөлімін қараңыз).
Электр құралы үшін тек 16000 мин
u
кем емес рұқсат етілген айналу жиілігін,
максималды диаметрі 50 мм дейінгі және диаметрі
максималды 50 мм құрайтын тірек тіліміне
орнатылатын, сағағының диаметрі 6 мм, 1/4 дюйм
немесе 8 мм құрайтын арнайы дүкендерден
ажарлауға арналған фирмалық құрылғыларды
пайдаланыңыз.
Қуаты
– Ажарлау шпинделін (9) және барлық орнатылатын
80–100%
бөліктерді тазалаңыз.
60–80%
Қазақ | 147
Қуаты
40–60%
20–40%
1–20%
0–1%
–1
шамасынан
1 609 92A 8HB | (21.12.2022)

Publicidad

loading