Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және
құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Монтаждау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жеткізу көлемі
Пайдалану нұсқаулығында берілген жеткізу
көлемінің сипаттамасына назар аударыңыз.
Электр құралын алғашқы рет іске қосудан алдын төменде
жазылған бөліктердің жинақта барлығын тексеріңіз:
– Ара төсемі орнатылған панельдік ара
– Қысқыш дөңгелек (45)
– Жылжымалы тіреуіш планка (26)
– Бұрандалы қысқыш (41)
– Алты қырлы дөңбек кілт / крест ойықты бұрауыш (43)
– Шаң жинағыш қап (37)
– Дайындама тіреуіштері (24) (2 дана)
Нұсқау: Электр құралын зақымданулар барлығына
тексеріңіз.
Электр құралын пайдаланудан алдын қорғағыш аспаптар
немесе аз зақымдалған бөліктерді әбден мінсіз және
дұрыс істеуін тексеріңіз. Жылжымалы бөлектер
кедергісіз істеуін және қысылмауын немесе бөліктер
зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс
орнатылған және кедергісіз жұмыс істеуді қамтамасыз
ететін пайдалану шарттарына сәй болуы керек.
Зақымдалған қорғағыш аспаптар мен бөліктер өкілетті
шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек.
Бөліктерін орнату
– Жинақтағы бөліктерді абайлап орамаңыздан алып
қойыңыз.
– Бүтін орама материалын электр аспап пен жинақтағы
жабдықтардан алып қойыңыз.
– Жинақтағы құрылғы элементтерін орнату кезінде
жұмысты оңтайландыру үшін электр құралының
тасымалдау күйінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
Bosch Power Tools
Дайындама тіреуіштерін монтаждау (A1 суретін
қараңыз)
Дайындама тіреуіштерін (24) электр құралының сол, оң
немесе алдыңғы жағында орналастыруға болады. Икемді
штепсельдік жүйе ұзарту немесе кеңейту нұсқаларының
алуан түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді (G суретін
қараңыз).
– Қажет болса, дайындама тіреуішін (24) электр
құралындағы бекіткіштерге (47) немесе екінші
дайындама тіреуішінің бекіткіштеріне (48) енгізіңіз.
Электр құралын еш жағдайда дайында
u
тіреуіштерінен ұстап тасымаңыз.
Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау
аспаптарын пайдаланыңыз.
Қысқыш дөңгелекті монтаждау (A2 суретін қараңыз)
Қысқыш дөңгелек (45) реттелген тік еңіс бұрышын
бекітеді және қауіпсіз жұмыс істеу үшін қажет.
– Алты қырлы гайканы бұрандалы болттан (49) бұрап
шығарыңыз.
– Қысқыш дөңгелекті (45) сағат тілінің бағытымен
бұрандалы болтқа (49) бұрап орнатыңыз да, мықтап
тартыңыз.
Жылжымалы тіреуіш планканы монтаждау (A3
суретін қараңыз)
Жылжымалы тіреуіш планканы (26) аралау алдында
монтаждау қажет.
– Ара төсемінің оң жағындағы тіреуіш планканы (26)
тиісті ойыққа кіргізіп, бұғаттау бұрандасын (44)
мықтап тартыңыз.
Тіреуіш планканың тегістелген бөлігі ара төсеміне
қарай ішке қарап тұруы тиіс.
Қатты немесе икемді орнату
Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр
u
құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс
аймағына (мысалы верстак) орнату керек.Ж.
Жұмыс аймағында орнату (B1−B2 суретін қараңыз)
– Электр құралын жарамды бұрандалы қосылыммен
жұмыс аймағына бекітіңіз. Ол үшін саңылаулар (13)
пайдаланылады.
немесе
– Электр құралының аяқтарын стандартты бұрандалы
қысқыштармен жұмыс аймағына бекітіңіз.
Bosch жұмыс үстелінде монтаждау
Bosch ұсынған GTA жұмыс үстелдері электр құралдарын
биіктігі реттелетін аяқтары арқылы кез келген бетте
бекітеді. Жұмыс үстеліндегі дайындама тіреуіштері ұзын
дайындамаларды тіреуге арналған.
Жұмыс үстелі жинағындағы барлық ескертулер
u
мен нұсқаулықтарды оқыңыз. Ескертпелер мен
нұсқаулықтарды сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/
немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Қазақ | 279
1 609 92A 8HU | (20.12.2022)