Descargar Imprimir esta página

Bosch GCM 18V-216 D Professional Manual Original página 280

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 55
280 | Қазақ
Электр құралын орнатудан алдын жұмыс үстелін
u
дұрыс құрыңыз. Бұзылу қауіпін болдырмау үшін
мінсіз құру маңызды болып қалады.
– Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне
орнатыңыз.
Иілмелі орнату (ұсынылмаған!) (B3 суретін қараңыз)
Ерекше жағдайларда электр құралын тегіс тұрақты жұмыс
аймағында орнату мүмкін болмаса, көмекші ретінде
құлаудан сақтағышты орнату керек.
Құлаудан сақталмаған электр құралы тұрақты
u
тұрмай, максималдық горизонтальды және/
немесе вертикальды еңіс бұрышындағы аралау
кезінде құлауы мүмкін.
– Құлаудан сақтауды (18) электр құрал жұмыс
аймағында тура тұрғанша бұраңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаң/жоңқа сорғыш шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы бітелуі мүмкін.
– Электр құралын өшіріп, аккумуляторды шығарыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Бітелу себебін анықтап жойыңыз.
Өзіндік сору (C суретін қараңыз)
Жоңқаны ұстап алу үшін жинақтағы шаң жинағыш
қапты (37) пайдаланыңыз.
– Тасымалдау тұтқасын (3) тігінен орнатыңыз.
– Шаң жинағыш қапты (37), оның істігі сору
адаптеріндегі (50) ойыққа кіретіндей етіп, сору
адаптеріне енгізіп, бұраңыз.
Шаң жинағыш қап аралау кезінде жылжымалы құрылғы
бөліктеріне тимеуі тиіс.
Шаң жинағыш қапты дер кезінде босатыңыз.
Шаң жинағыш қапты әр пайдаланғаннан кейін
u
тексеріп тазалаңыз.
1 609 92A 8HU | (20.12.2022)
Өрт қаупінің алдын алу үшін алюминийді аралау
u
кезінде шаң жинағыш қапты алып тастаңыз.
Сыртқы сорғыш
Шаң сору үшін сору адаптеріне (50) шаңсорғыш
шлангісін (диаметрі 35 мм) де жалғауға болады.
– Шаңсорғыш шлангісін сору адаптеріне (50) жалғаңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Ара дискісін алмастыру (D1−D4 суреттерін
қараңыз)
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
u
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі
бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған
аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге
сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті
ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз
өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін
пайдаланыңыз. Бұл аралауда ара тістерінің қызып кетуіне
жол бермейді.
Аралау дискісін шешу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы (10) артқа қайырып,
маятниктік қорғаныш қаптаманы осы күйде ұстаңыз.
– Ішкі алты қырлы бұранданы (51) алты қырлы дөңбек
кілтпен (6 мм) (43) бұрап, дәл сол мезетте шпиндель
бекіткішін (31) тірелгенше басыңыз.
– Шпиндель бекіткішін (31) басып тұрып, ішкі алты
қырлы бұранданы (51) сағат тілінің бағытымен бұрап
шығарыңыз (сол жақ ойма!).
– Қысқыш фланецті (52) алып тастаңыз.
– Ара дискісін (30) шығарыңыз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы баяу төмен қарай
қайта апарыңыз.
Аралау дискісін орнату
Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде
u
көрсеткі бағыты) қорғағыш қаптама көрсеткі
бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз!
Қажет болса, орнатылатын барлық бөліктерді орнатпас
бұрын тазалап шығыңыз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы (10) артқа қайырып,
маятниктік қорғаныш қаптаманы осы күйде ұстаңыз.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading