ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНА
ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР
FIRST Austria өндірген электрлік құрылғыларды
қолдану қауіпсіздік саласында танылған
техникалық директивалар мен құқықтық
нормаларға сәйкес келеді. Дегенмен Сізбен
қоса басқа пайдаланушылар келесі қауіпсіздік
нұсқауларын орындауға тиісті:
• Бұл құрылғыны алғаш рет қолданар
алдында осы нұсқауларды мұқият
оқып шығыңыз және оларды кейінірек
пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
• Бұл бұйым осы нұсқаулықта көрсетілгеннен
басқаша қолдануға арналмаған.
• Құрылғыны қуат көзіне қоспас бұрын,
құрылғыда көрсетілген кернеудің үйіңіздегі
желі кернеуіне сәйкестігін тексеріп алыңыз.
Кері жағдайда дилерге хабарласыңыз және
құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Егер құрылғы жерге тұйықталса (I қорғаныс
класы), розетка және жалғанған кез келген
ұзартқыш жерге тұйықталуы керек.
• Құрылғыны ашық, тегіс және ыстыққа
төзімді бетке қойыңыз. Қабырғадан
қашықтық кемінде 5 см болуы тиіс. Ауаның
кедергісіз айналымын қамтамасыз ету
үшін құрылғының үстіндегі аумақ бос болу
керек. Құрылғыны немесе қуат сымын
ыстық беттерге қоюға болмайды. Сондай-
ақ құрылғыны ашық газ жалынының
жанында орнатуға және пайдалануға
болмайды.
• Сым үстел немесе тақтай шетінен салбырап
тұрмауы тиіс. Сымды ыстық беттерге
тигізбеңіз.
• Бұл құрылғының ешбір бөлігін (газ не
электр оттығы немесе қыздырылатын пеш
сияқты) ыстық бетте немесе оған жақын
жерде қолданбаңыз және қоймаңыз.
• Құрылғы берік әрі тегіс бетте
орналасқанына және оған балалардың
қолы жетпейтініне көз жеткізіңіз, бұл –
құлап кету салдарынан болатын зақымдар
мен жарақаттанудан сақтайды.
• Электр тогы соқпас үшін, бұл құрылғыны
немесе сым жинағын ешбір сұйықтыққа
малмаңыз.
• Егер құрылғыдан немесе қуат сымынан
қандай да бір зақым белгісі байқалса, оны
пайдаланбаңыз! Бұйымды тексерту немесе
жөндету үшін уәкілетті әрі білікті қызмет
көрсету орталығына апарыңыз.
• Жел кіретін саңылаулар таза болуы керек.
• Құрылғыны желіге қосу не ажырату
алдында оның өшірулі тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Құрылғыны дымқыл қолмен
пайдаланбаңыз.
• Өндіруші ұсынбаған немесе сатпаған
қондырмаларды пайдалану өртке, электр
тогының соғуына немесе жарақаттануға
апарып соғуы мүмкін.
• Бұл құрылғы тек үйде қолдануға
арналған, оны коммерциялық мақсатта
пайдаланбаңыз.
• Бұл құрылғыны далада пайдаланбаңыз.
• Құрылғы істеп тұрған кезде, оны қараусыз
қалдырмаңыз.
• Үсік шалмауы үшін, бу шығарғышты
ұстамаңыз.
• Суды ағызар алдында, құрылғыны әрқашан
қуат көзінен ажыратыңыз.
• Қолданған соң, тазалау алдында және
ақау пайда болған жағдайда, құрылғыны
міндетті түрде қуат көзінен ажыратыңыз.
• Қуат сымынан ұстап тартуға болмайды.
Құрылғыны қуат көзінен ажырату керек
болса, штепсель ашасынан ұстап тартыңыз.
• Құрылғыны 8 жастан асқан балалар және
физикалық, сезу немесе ақыл-ой қабілеті
шектеулі не тәжірибесі мен білімі аз
адамдар пайдалана алады, алайда оларға
қауіпсіз пайдалану туралы нұсқау беру
және қадағалау қажет, сондай-ақ олардың
қауіп-қатер барын түсінуі — шарт. Балалар
құрылғымен ойнамау керек. Тазалау және
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
балалар жүргізбеуі тиіс, тек 8 жастан асса
және ересектердің қадағалауымен ғана
орындауға болады. Құрылғы мен оның
сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы
жетпейтін жерде ұстаңыз.
• Құрылғы өз мақсатында қолданылмаса
немесе дұрыс қолданылмаған жағдайда
пайда болған қандай да бір зақым үшін біз
жауапты болмаймыз.
• Құрылғыны жөндеу және басқа да
жұмыстарды тек уәкілетті маман орындауы
тиіс!
МҰЗ ТЕКШЕЛЕРІН ЖАСАҒЫШПЕН
ТАНЫС БОЛЫҢЫЗ
A-сурет
1. Суды төгу тығыны
2. Қақпақ
3. Басқару панелі
4. Су резервуары
5. Судың МАКС. деңгей белгісі
6. Бу шығарғыш
7. Мұз науасы
8. Мұз себеті
9. Мұз қасығы
10. Тұтқа (Тек FA-5104-2)
48
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
Түйме/
Индикатор
Функция
"ON/OFF"
Құрылғыны іске қосу немесе тоқтату
үшін.
"POWER"
Күту режимінде: "ҚУАТ" индикаторы
жыпылықтап тұр.
Жұмыс барысында: "ҚУАТ" индикаторы
үздіксіз жанып тұрады.
"ICE FULL"
Мұз себеті толған кезде, осы индикатор
жанады.
"ADD WATER" Су резервуарын толтыру керек
болғанда, осы индикатор шамы
жанады.
"SMALL"
Кішкентай мұз текшелері таңдалғанда,
осы индикатор жанады.
"LARGE"
Үлкен мұз текшелері таңдалғанда, осы
индикатор жанады.
"SELECT"
Күту режимінде: "КІШКЕНТАЙ",
"ҮЛКЕН" немесе "ТАЗАЛАҢЫЗ" (CLEAN)
опциясын таңдау үшін.
Жұмыс барысында: "КІШКЕНТАЙ"
немесе "ҮЛКЕН" опциясын таңдау үшін.
АЛҒАШ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
Маңызды ақпарат! Тасымалдау немесе
қолдану кезінде мұз текшелерін жасағышты
еңкейту бұрышы 45°-тан асып кетпеуі керек.
Мұз текшелерін жасағышты төңкеріп қоюға
болмайды. Олай істесеңіз, компрессор немесе
тоңазытқыш жүйе дұрыс жұмыс істемей
қалуы мүмкін. Оны алғаш пайдаланбас бұрын,
шамамен 2 сағат күтіп, компрессордағы
сұйықтықтар төмен орнығуын күтіңіз.
Құрылғыны 5°C-тан суық жерлерде қолдануға
болмайды.
1. Құрылғыны қаптамадан шығарып,
аксессуарлардың барлығы толық екеніне
көз жеткізіңіз.
2. Тек FA-5104-2 үшін: Тұтқаны ⑩ орнату:
Тұтқаны ақырын тартып, оны корпустағы
тиісті саңылауларға салыңыз. Тұтқаның
орнына дұрыс киілгеніне көз жеткізіңіз.
3. Мұз текшелерін жасағышты құрғақ әрі тегіс
жерге қойыңыз. Оның айналасында ауа
айналымына жеткілікті орын болуы керек.
4. Құрылғыны "ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ"
тарауындағы қадамдарды орындап
тазалаңыз.
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛАРЫ
1. Құрылғының астындағы су төгу тығыны ①
мықтап жабылып тұруы керек.
2. Мұз текшелерін жасағышты қабырғадағы
розеткаға жалғаңыз.
Ескертпе: құрылғыны жылжытқан соң, 30
минут қоспай тұра тұрыңыз.
3. Қақпақты ② ашып, мұз себетін ⑧
шығарып алыңыз.
4. Су резервуарына ④ ауыз суын
толтырыңыз. Судың МАКС. деңгей
белгісінен ⑤ асырмаңыз.
5. Мұз себетін салыңыз және қақпағын
жабыңыз.
6. "SELECT" түймесін басып, қажетті мұз
текшесінің өлшемін таңдаңыз, содан
кейін "ON/OFF" түймесін басып, процесті
бастаңыз.
Ескертпе: Қоршаған орта температурасына,
су температурасына және таңдалған
мұз текшесінің өлшеміне байланысты
стандартты мұз текшесін жасау цикліне
шамамен 7-9 минут кетеді. Мұз жасау циклі
бу шығарғыштың астында орналасқан мұз
науасына судың құйылуынан басталады.
Келесі 7-9 минутта бу шығарғышта мұз түзіледі.
Бұл процесс аяқталған соң мұз науасы артқа
шалқаяды және мұз науасындағы қалдық су
резервуарға қайта құйылады. Содан кейін
мұз текшелері бу шығарғыштан түседі және
мұз себетіне итеріледі. Мұз науасы автоматты
түрде өз орнына қайтады және келесі цикл
басталады.
7. Мұз себеті толып кеткенде, "ICE FULL"
индикаторы жанады. Ондай жағдайда мұз
жасау циклі автоматты түрде тоқтайды.
Мұз қасығының ⑨ көмегімен себеттегі
мұз текшелерін ақырындап алыңыз. Мұз
текшелерін жасағыш мұз жасау жұмысын
автоматты түрде бастайды.
8. Су резервуарын толтыру керек болғанда,
"ADD WATER" индикатор шамы жанады.
Ондай жағдайда мұз жасау циклі автоматты
түрде тоқтайды. Мұз себетін шығарып, су
резервуарына су құйыңыз, содан кейін
"ON/OFF" түймесін басып, мұз жасау циклін
қайта бастаңыз немесе ол біраз уақыттан
кейін автоматты түрде басталады.
9. Өзіңізге қажетті мөлшерде мұз дайындап
алған соң, "ON/OFF" түймесін басып, мұз
жасау циклін тоқтатыңыз және қуат сымын
розеткадан ажыратыңыз. Үстіңгі қақпақты
ашыңыз және мұзды мұздатқышқа
қойыңыз.
49