Descargar Imprimir esta página

Bosch GTB 12V-11 Professional Manual Original página 105

Ocultar thumbs Ver también para GTB 12V-11 Professional:

Publicidad

Аккумуляторды шешу
Аккумуляторды (7) шығару үшін аккумуляторды босату
түймелерін (6) басыңыз және аккумуляторды электр
құралынан артқа тартып шығарыңыз. Осы кезде күш
салмаңыз.
Аспапты алмастыру (A суретін қараңыз)
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Тереңдік шектегішін (4) алға тартыңыз. Бұрауыш битті (1)
тартып шығарыңыз. Қажет болса, әмбебап бит ұстағышын
(11) да тартып шығарып, алмастыруға болады.
Бұрауыш биттерді немесе әмбебап бит ұстағышын алып
тастау үшін көмекші құралды пайдалануға болады.
Құралды алмастырған соң тереңдік шектегішін (4)
қайтадан енгізіңіз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Нұсқау: Электр құралыңызға арналмаған аккумуляторды
пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе электр құралының
зақымдануына алып келуі мүмкін.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (5) ұяшыққа
бекітілгенін және ұяшыққа берік тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз. Зарядталған аккумуляторды (7) разъемға
бекітілгенін және разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз.
Айналу бағытын орнату
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (5) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (10) басқанда бұл мүмкін емес.
Оңға айналу: айналу бағытын ауыстырып-
қосқышты (5) екі жағынан
жылжытыңыз.
Солға айналу: айналу бағытын ауыстырып-
қосқышты (5) екі жағынан
жылжытыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (10)
басып тұрыңыз.
Жарық диоды (9) ажыратқыш (10) жартылай немесе
толық басылғанда жанып, жетерлік жарықтық
жағдайында бұрап кіргізу орнын жарықтандырады.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (10)
жіберіңіз.
Bosch Power Tools
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті (10) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (10) жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
күшейгенде айналу саны артады.
Бұрап кіргізу тереңдігін реттеу (B суретін қараңыз)
Реттеу төлкесімен (3) бұрауыш бастиектің дайындамаға
бұрап кіргізу тереңдігін әр айналымда бекітілетін 8
сатыда алдын ала реттеуге болады. Әрбір саты бұрап
кіргізу тереңдігін 0,25 мм-ге өзгертеді.
Реттеу төлкесін (3) сағат тілінің бағытымен айналдыру
бұрап кіргізу тереңдігін арттырады, ал сағат тілінің
бағытына қарсы айналдыру бұрап кіргізу тереңдігін
азайтады.
Қажетті тереңдікке сынақ бұраумен жетуге болады.
Артық жүктемеден жылу қорғанышы
Мақсатына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралына
артық жүктеме түспейді. Артық жүктелу немесе рұқсат
етілген  аккумулятор температурасы аралығы өтілсе
өнімділігі қысқарады немесе электр құралы өшеді.
Электр құралы аккумулятор рұқсат етілген температураға
жеткеннен соң толық өнімділікпен жұмыс істейді.
Пайдалану нұсқаулары
Электр құралды шурупқа тек өшірілген күйде
u
қойыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып
кетуі мүмкін.
Бұранданы бұрауыш битке (1) енгізіңіз. Бұранда әмбебап
бит ұстағышының (11) магнит күшімен ұсталады.
Бұранда ұштығын қатты бекітілетін заттекке бұрап кіргізу
кезінде бұранда тереңдігінің шектегіші (4) дайындамада
берік орнағанша басыңыз.
Электр құралын қосыңыз. Бұранданы дайындамаға бұрап
кіргізуде қажетті тереңдікке жеткенше кіргізіледі. Беріліс
ажыратылып аспап патроны айналмайды. Бұрап кіргізу
тереңдігін тексеріп, қажет болса реттеңіз.
Бұрандаларды босату үшін айналу бағытын ауыстырып-
күйінде тірелгенше
қосқышты (5) солға айналу күйіне орнатып, бұрап кіргізу
тереңдігінің шектегішін (4) реттеу төлкесін бұрамай алға
тартып шығарыңыз.
Бұрап кіргізу тереңдігі дұрыс болса, орнатылған бұрап
күйінде тірелгенше
кіргізу тереңдігінің шектегішімен (4) де жұмыс істеуге
болады.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Қазақ | 105
1 609 92A 7PT | (02.05.2022)

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

3 601 je4 001