Descargar Imprimir esta página

Bosch Professional GST 90 BE Manual Original página 135

Ocultar thumbs Ver también para Professional GST 90 BE:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 26
Жарылудан сақтайтын пластина
(C суретін қараңыз)
Жарылудан сақтайтын пластина (14) (керек-жарақтар)
ағаш аралауда беттің жарылып кетуінен сақтауы мүмкін.
Жарылудан сақтайтын пластинаны тек арнайы аралау
дискі түрлерінде және 0° кесік бұрышында пайдалану
тиіс. Тіреу тақтасын (5) жарылудан сақтайтын
пластинамен аралауда қырға жақын аралауда артқа
жылжыту мүмкін емес.
Жарылудан сақтайтын пластинаны (14) астыңғы жақтан
тіреу тақтасына (5) жылжытыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Қаптама (D суретін қараңыз)
Қаптама қалпағын (15) электр құралын шаңсоруға қосу
алдында орнатыңыз.
Қаптаманы (15) ұстағыш жанасудан қорғанысқа (11)
кіретіндей электр құралына орнатыңыз.
Қаптаманы (15) шаңсорғышсыз жұмыс істеу және еңістік
кесік жасау үшін алып тастаңыз. Ол үшін қаптаманы алға
қарай жанасудан қорғаныстан (11) тартып алыңыз.
Шаңсорғышты жалғау (E–F суреттерін қараңыз)
Аспирациялық келте құбырды (16) тіреу тақтасының (5)
ойығына орнатыңыз.
Аспирациялық келте құбырдағы жұдырықша E суретінде
көрсетілгендей электр құралының тиісті ойығына
кіргеніне көз жеткізіңіз.
Шаңсорғыш шлангын (17) (керек-жарақ) жоңқаларды
аспирациялық келте құбырға (16) қосыңыз. Сорғыш
шлангын (17) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-жарақтар).
Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Оптималды шаңсору үшін мүмкіндігінше жарылудан
сақтайтын пластинаны (14) орнатыңыз.
Bosch Power Tools
Жоңқа үрлеу жабдығын шаңсорғыш жалғанған кезде
өшіріңіз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тербелісті реттеу
Төрт басқышта реттелетін тербелу аралау жылдамдығын,
аралау өнімділігін және аралау суретін өңделетін
материалға лайықтауға мүмкіндік береді.
Реттеу тұтқышымен (7) тербелуді пайдалану кезінде де
реттеуге болады.
0 деңгейі
тербеліс жоқ
I деңгей
кіші тербеліс
II деңгей
орташа тербеліс
III деңгей
үлкен тербеліс
Әр жұмыс үшін оңтайлы тербеліс басқышы сынақ
тәжірибемен анықтауға болады. Төмендегі ұсыныстарды
ескеріңіз:
– Кесік шеті қанша нәзік және таза болуы керек болса,
тербеліс басқышын сонша кіші реттеңіз немесе
толығымен өшіріңіз.
– Жұқа заттектерді (мысалы металды) өңдегенде
тербелісті өшіріңіз.
– Қатты заттектерді өңдегенде (мысалы, болат) кіші
тербелісті реттеңіз.
– Жұмсақ материалдарда және ағашты талшықтар
бағытында аралаған кезде максималдық тербеліспен
жұмыс істеуге болады.
Еңіс бұрышын реттеу (G суретін қараңыз)
Тіреуіш тақта (5) тек 45° дейін еңіс бұрыштары үшін оңға
қырылуы мүмкін.
Қаптаманы (15), аспирациялық келте құбырды (16) және
жарылудан сақтайтын пластинаны (14) қиғаш кесік жасау
кезінде пайдалану мүмкін емес.
– Аспирациялық келте құбырды (16) сәл төмен басып,
оны тіреу тақтасынан (5) тартып шығарыңыз.
– Қаптаманы (15) және аспирациялық келте
құбырды (14) алып тастаңыз.
– Бұранданы (19) алты қырлы дөңбек кілтпен (4)
босатып, тіреу тақтасын (5) желілік кабельге қарай
аздап жылжытыңыз.
– Дәл еңіс бұрышын реттеу үшін тіреу тақтасының оң
жән сол жағында 0° және 45° бұрыштарында тірелу
нүктелері бар. Тіреу тақтасын (5) шкалаға (18) сәйкес
қажетті күйге қисайтыңыз. Басқа еңіс бұрыштарын
бұрыш өлшегіші арқылы реттеуге болады.
Қазақ | 135
1 609 92A 4V4 | (23.04.2019)

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Professional gst 90 e