Descargar Imprimir esta página

Bosch GKS Professional 165 Manual Original página 159

Ocultar thumbs Ver también para GKS Professional 165:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 29
құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы
аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса
дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл
бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды
қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу
үшін құрал өшірілген және қосылған болып
пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл
дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Жинау
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
u
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары
болған аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Ара төсемін орнату/ауыстыру
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
u
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі
бар.
Тегістеу шеңберлерін қондырма ретінде
u
пайдаланбаңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында және электр
u
құралында берілген деректерге сәй және EN 847-1
бойынша тексерілген болып тиісті ретте
белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Аралау дискісін таңдау
Ұсынылатын дискілерге шолуды осы пайдалану
нұсқаулығының соңында табуға болады.
Ара дискін шешу (A суретін қараңыз)
Электр құралды қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына
қойыңыз.
– Шпиндельді бұғаттау түймесін (5) басып, ұстап
тұрыңыз.
Шпиндельді бұғаттау түймесін (5) ара шпинделі
u
тоқтап тұрған болса ғана басыңыз. Әйтпесе электр
құралын зақымдауыңыз мүмкін.
– Алты қырлы дөңбек кілтпен (4) қысқыш бұрандаманы
(20) ➊ бағытында бұрап шығарыңыз.
– Маятниктік қорғағыш қаптаманы (12) артқа тартып,
берік ұстаңыз.
– Қысқыш фланецті (21) және аралау дискісін (22)
шпиндельден (24) алыңыз.
Ара дискін орнату (A суретін қараңыз)
Электр құралды қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына
қойыңыз.
– Аралау дискісін (22) және барлық бекіту бөлшектерін
тазалаңыз.
Bosch Power Tools
– Маятниктік қорғағыш қаптаманы (12) артқа тартып,
берік ұстаңыз.
– Аралау дискісін (22) тірек фланеціне (23) орнатыңыз.
Тістің кесу бағыты (ара дискісіндегі көрсеткі бағыты)
мен қорғайтын қорғаныс қаптамасындағы (12)
айналдыру көрсеткісінің бағыты бірдей болуы тиіс.
– Қысқыш фланец (21) пен бұранданы қысқыш
бұрандаға (20) айналдыру бағыты ➋ бойынша
салыңыз. Қысқыш фланецтің (23) және тірек
фланецтің (21) орнату күйі дұрыс болуын
қадағалаңыз.
– Шпиндельді бұғаттау түймесін (5) басып, ұстап
тұрыңыз.
– Қысқыш бұранданы алты қырлы кілт (4) арқылы
айналдыру бағыты бойынша (20) ➋ бекітіңіз. Тарту
моменті 6–9 Нм құрауы керек, қолмен бұрау плюс ¼
айналымға сәйкес келеді.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сору адаптерін орнату (B суретін қараңыз)
Сору адаптерін (26) жоңқаны шығаруға арналған келте
құбырға (16) тірелгенше салыңыз. Сору адаптерін (26)
қосымша бұрандамен (25) бекітіңіз.
Сору адаптеріне (26) диаметрі 35 мм сору шлангын
жалғауға болады.
Сору адаптерін сору құрылғысын жалғамай қосуға
u
болмайды. Әйтпесе сору арнасы бітеліп қалуы
мүмкін.
Сору адаптеріне шаң жинау қабын кигізуге
u
болмайды. Әйтпесе сору жүйесі бітеліп қалуы мүмкін.
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін сору адаптерін
(26) жүйелі түрде тазалап тұру керек.
Қазақ | 159
1 609 92A 4PZ | (28.01.2021)

Publicidad

loading