Тазалау
RIDGID micro IR-200 түйіспесіз инфрақызыл термометрін суға батырмаңыз.
Кірді дымқыл жұмсақ шүберекпен кетіріңіз. Өте әсерлі тазалау құралдарын
немесе ерітінділерін пайдаланбаңыз. Құралды телескоп немесе камера
секілді пайдаланыңыз.
Сақтау
RIDGID micro IR-200 инфрақызыл термометрін -10°C (14°F) және 60°C (140°F)
аралығындағы температурада құрғақ қауіпсіз жерде сақтау керек.
Құралды балалардың қолы жетпейтін және micro IR-200 құрылғысымен таныс
емес адамдардан алшақ құлыпталған аумақта сақтаңыз.
Батареяның ағып кетпеуі үшін ұзақ уақыт бойы сақтау немесе жөнелту
алдында алып тастаңыз.
Қызмет көрсету және жөндеу
Орынсыз қызмет көрсету немесе жөндеу RIDGID micro IR-200 түйіспесіз
инфрақызыл термометрінің пайдалануын қауіпті етуі мүмкін.
micro IR-200 құрылғысының қызмет көрсетуін және жөндеуін RIDGID тәуелсіз
өкілетті қызмет орталығы жүргізуі тиіс.
Жақын жердегі RIDGID тәуелсіз қызмет көрсету орталығы туралы ақпарат алу
немесе қандай да бір қызмет немесе жөндеу туралы сұрақтар қою үшін:
• Жергілікті RIDGID дистрибьюторына хабарласыңыз.
• Жергілікті Ridge Tool байланыс орнын табу үшін www.RIDGID.com веб-
торабына кіріңіз.
• Ridge Tool Техникалық қызмет бөліміне rtctechservices@emerson.com
торабында хабарласыңыз немесе АҚШ және Канада аумағында
(800) 519-3456 нөміріне қоңырау шалыңыз.
All manuals and user guides at all-guides.com
ЕСКЕРТУ
micro IR-200 түйіспесіз инфрақызыл термометрі
Тастау
RIDGID micro IR-200 түйіспесіз инфрақызыл термометрінің бөліктерінде
құнды материалдар бар және оларды қайта өңдеуге болады. Қайта өңдеу
компанияларын жергілікті жерден табуға болады. Компоненттерді барлық
қолданылатын ережелерге сай тастаңыз. Жергілікті қоқыстарды басқару
мекемесіне хабарласыңыз.
ЕО елдері үшін: Электр жабдығын тұрмыстық қоқыстармен бірге
тастамаңыз!
Электрлік және электрондық жабдықты тастау жөніндегі 2002/96/
EC Европа стандартына және оның ұлттық заңнамаларда
қолданылуына сәйкес, қолдануға жарамсыз электр жабдығы жеке
жинақталып, экологиялық дұрыс жағдайда тасталуы қажет.
Батареяны жою
ЕО елдері үшін: Ақаулы немесе пайдаланылған батареяларды 2006/66/EEC
талаптарына сәйкес қайта өңдеу керек.
319