қазақ
– Пайдаланушы кәмелетке толған
немесе ұлттық ережелерге сәйкес
кәсібі бойынша қадағалауда
оқытылған.
– Пайдаланушы көгалшапқышты алғаш
рет пайдаланбас бұрын STIHL
делдалынан немесе білікті тұлғадан
нұсқау алған.
– Пайдаланушының жұмысына ішімдік,
дәрі-дәрмек немесе есірткі әсері
кедергі келтірмейді.
► Түсініксіз мәселелер болған жағдайда:
STIHL делдалына жолығыңыз.
4.4
Киім және жабдық
Сақтандыру
■ Жұмыс барысында әртүрлі заттар жоғары
жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
► Төзімді материалдан жасалған ұзын
шалбар киіңіз.
■ Жұмыс барысында шаң көтерілуі мүмкін.
Жұтылған шаң денсаулыққа зиян келтіруі
және аллергиялық реакциялар тудыруы
мүмкін.
► Шаң көтерілген жағдайда: шаңнан
қорғайтын маска киіңіз.
■ Жұмысқа сай емес киім ағашқа, бұталарға
және көгалшапқышқа ілініп қалуы мүмкін.
Киімі жұмысқа сай емес пайдаланушылар
ауыр жарақат алуы мүмкін.
► Денеге жанасатын киім киіңіз.
► Шәлі мен әшекейлерді шешіп қойыңыз.
■ Тазалау, техникалық қызмет көрсету
немесе тасымалдау кезінде пайдаланушыға
құрылғының пышағы тиіп кетуі мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
► Қорғаныш қолғап киіңіз.
■ Жұмысқа жарамсыз аяқ киім киген болса,
пайдаланушы тайып құлауы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
► Табаны сырғанамайтын, берік, жабық аяқ
киім киіңіз.
■ Пышақты қайраған кезде материал
бөлшектері ұшып шығуы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
► Жақсы жанасатын қорғаныш көзілдірік
тағыңыз. Жұмысқа сай келетін қорғаныш
көзілдірігі EN 166 стандартына немесе
ұлттық нормаларға сәйкес тексерілген
және тиісті таңбаламасымен еркін
саудада қолжетімді.
► Қорғаныш қолғап киіңіз.
314
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
4.5
Жұмыс кеңістігі және
қоршаған орта
4.5.1
Көгалшапқыш
Сақтандыру
■ Өкілетсіз тұлғалар, балалар мен жануарлар
көгалшапқыш пен лақтырылған заттардың
туындайтын қауіп-қатерді анықтай және
бағалай алмауы мүмкін. Өкілетсіз тұлғалар,
балалар мен жануарлар ауыр жарақат алуы
және материалдық зиян келтірілуі мүмкін.
► Өкілетсіз тұлғалар, балалар мен
жануарларды жұмыс аймағынан
алшақ ұстаңыз.
► Бөгде заттардан қауіпсіз арақашықтық
сақтаңыз.
► Көгалшапқышты қараусыз қалдырмаңыз.
► Балалардың көгалшапқышпен
ойнамауын қадағалаңыз.
■ Жаңбыр кезінде жұмыс істегенде
пайдаланушы тайып құлауы мүмкін.
Пайдаланушы ауыр жарақат алуы немесе
мерт болуы мүмкін.
► Жаңбыр жауғанда: Жұмыс істемеңіз.
■ Көгалшапқыш судан қорғалмаған. Жаңбыр
жауған кезде немесе ылғалды ортада
жұмыс істеген жағдайда, ток соғу қаупі
туындауы мүмкін. Пайдаланушы жарақат
алуы және көгалшапқыш зақымдалуы
мүмкін.
► Жаңбыр астында және ылғалды ортада
жұмыс істеуге болмайды.
► Ылғал шөпті шабуға болмайды.
■ Көгалшапқыштың электрлі құрамдас
бөлшектерінен ұшқын шығуы мүмкін.
Ұшқыннан жеңіл тұтанғыш немесе
жарылғыш ортада өрт және жарылыс қаупі
туындауы мүмкін. Адамдар ауыр жарақат
алуы немесе мерт болуы, сондай-ақ мүлікке
зиян келтірілуі мүмкін.
► Жеңіл тұтанатын немесе жарылыс қаупі
бар ортада жұмыс істемеңіз.
4.5.2
Аккумулятор
Сақтандыру
■ Бөтен тұлғалар, балалар және жануарлар
аккумулятордан туындайтын қауіптілікті
байқамай оны бағаламауы мүмкін. Бөгде
адамдар, балалар және жануарлар ауыр
жарақат алуы мүмкін.
► Бөтен адамдар, балалар мен жануарлар
алшақ жерде болуы тиіс.
► Аккумуляторды қараусыз қалдырмаңыз.
0478-131-9861-B