Мысал: еден мен төбе арасындағы қашықтық 2,5 м болғанда макс. ауытқу келесідей
болады:
2 × 2,5 м × ±0,35 мм/м = ±1,75 мм. Сондықтан Ⅰ мен Ⅲ нүктелердің аралығы ең көбі
1,75 мм болуы керек.
Пайдалану нұсқаулары
Белгілеу үшін әрдайым тек лазер нүктесінің ортасын пайдаланыңыз. Лазер
u
нүктесінің көлемі қашықтықпен өзгереді.
Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Штатив тұрақты және биіктігі реттелетін өлшеу табаны болады. Өлшеу құралын 1/4"
штатив патронымен (4) штативтің (11) немесе стандартты фотоштативтің
бұрандасына орнатыңыз. Өлшеу құралын штативтегі құлыптау бұрандасымен
бекітіңіз.
Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
Магниттік айналмалы ұстағышпен бекіту (A−B суреттерін қараңыз)
Кіріктірілген магниттік айналмалы ұстағыштың (3) көмегімен өлшеу құралын
магниттелетін материалдарға бекітуге болады.
Магниттік айналмалы ұстағышты үстіңгі беттерге бекіткен кезде
u
саусағыңызды айналмалы ұстағыштың артқы жағынан алшақ ұстаңыз.
Магниттің (7) қатты тарту күшінің салдарынан саусағыңыз қысылып қалуы
мүмкін.
Өлшеу құралын қосудан бұрын магниттік айналмалы ұстағышты (3) шамамен
туралаңыз.
Астыңғы лазер нүктесін көрінетіндей ету үшін немесе көлденең лазер нүктесімен
биіктікті көшіру үшін өлшеу құралын магниттік айналмалы ұстағышынан (3) ұстап
бұраңыз. Өлшеу құралын өшірген және тасымалдаған кезде оны айналмалы
ұстағышқа қайтадан бекітіңіз (B суретін қараңыз).
Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақ)
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді. Осылай лазер жарығы көз
үшін жарқынрақ болады.
Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш көзілдірігі ретінде
u
пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін
қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.
Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде
u
немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін
Bosch Power Tools
Қазақ | 245
1 609 92A 7S8 | (17.05.2022)