OBJ_BUCH-804-004.book Page 95 Friday, May 9, 2014 7:52 AM
Тез қысатын бұрғылау патроны 1 гильзасын 3 ұстап алғы
гильзаны 2 бағытында сартылдаған дыбыс есітілмей
қалғанша қолмен бұраңыз. Бұрғылау патроны автоматты
түрде бекітіледі.
Бұғаттау алдыңғы гильзаны 2 қарама-қарсы бағытта
айналдырғанда алынады.
Бұрап бекіту құралдары (В суретін қараңыз)
Қондырма биталарды 9 пайдаланғанда әрқашан әмбебап
ұстағышты 10 пайдаланыңыз. Тек шуруп басына
жарайтын қондырма биталарды пайдаланыңыз.
Бұрғылау патронын ауыстыру
Бұрғылау шпинделінің патроны жоқ электр құралдарда
патронды Bosch электр құралдарының сервистік
орталығында ауыстыруға болады.
Бұрғылау патронын шамамен 31–35 Нм бекіту
моментімен бекемдеуге болады.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Айналу бағытын орнату (GBM 10 RE) (C суретін
қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышының 7 көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті 6 басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: Бұрғылау және шуруптарды
бұрап бекіту үшін айналу бағытының ауыстырып-
қосқышын 7 солға тірелгенше басыңыз.
Bosch Power Tools
Сол жаққа айналу бағыты: Бұрандалар мен сомындарды
босату немесе бұрап алу үшін айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын 7 оңға тірелгенше басыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 6 басып
тұрыңыз.
Басылған қосқыш/өшіргішті 6 құлыптау үшін құлыптау
пернесін 5 басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті 6 жіберіңіз
немесе құлыптау пернесімен 5 құлыптанған болса,
қосқыш/өшіргішті 6 қысқа уақыт басып жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Айналу моментін орнату (GBM 10 RE)
Қосқышты/өшіргішті 6 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті 6 жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
артқанда айналымдар саны артады.
Пайдалану нұсқаулары
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
күйде салыңыз. Айналатын алмалы-салмалы аспаптар
түсіп кетуі мүмкін.
Металда тесіктер жасау үшін жоғары сапалы, тез кесетін
болаттан жасалған мүлтіксіз, өткірленген бұрғыларды
пайдаланыңыз. Тиісті сапаға Bosch керек-жарақтары
бағдарламасы кепілдік береді.
Бұрғы өткірлеу құралымен (жабдық) 2,5–10 мм
диаметрлік спиральды бұрғыны өткірлеу мүмкін.
Дәл жұмыстарды орындау үшін бұрғылау штативін
(жабдық) пайдаланыңыз.
Керек-жарақ ретінде берілетін қысқыш аспапты бекем
бекітуге көмектеседі. Ол аспаптың бұралуына және
жарақаттарға жол бермейді.
Қайыс ұстағышы
Қайыс ұстағышымен 4 мысалы, электр құралын қайысқа
асуға болады. Сонда, екі қолыңыз бос болып, электр
құралы жұмыс істеуге дайын болады.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Қaзақша | 95
1 609 92A 0N7 | (9.5.14)