Descargar Imprimir esta página

Bosch GKS Professional 55 GCE Manual Original página 152

Ocultar thumbs Ver también para GKS Professional 55 GCE:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 28
OBJ_BUCH-244-007.book Page 152 Wednesday, May 21, 2014 11:05 AM
152 | Қaзақша
Цангалық қысқышты 26 тартыңыз. Аз аралау тереңдігі
үшін араны тірек тақтадан 15 ары тартыңыз, үлкен
тереңдік үшін араны тірек тақтаға 15 басыңыз. Аралау
тереңдігінің шкаласы бойынша қажет өлшемді орнатыңыз.
Цангалық қысқышты 26 берік бекемдеңіз.
Қысқыш тұтқыштың 26 қысу күшін реттеу мүмкін. Ол үшін
26 қысқыш тұтқышты шешіп кемінде сағат тіліне қарсы
30°-ке жылжытып қайта бекітіңіз.
Бағыт бұрышын реттеу
Электр құралды қорғағыш қаптаманың 18 бүйірлік
бөлігіне қойыңыз.
Қатпарлы бұрандаларды 8 мен 16 босатыңыз. Араны
бұраңыз. Қажетті өлшемді 6 шкаласында қажет мәнді
орнатыңыз. 8 мен 16 қатпарлы бұрандаларын қайта
бекітіңіз.
Ескертпе: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында 27 көрсетілген саннан азырақ.
Аралау бұрышының белгілері
0 аралау бұрышының белгісі° (9) тік бұрышпен аралау
кезіндегі аралау дискісінің күйін көрсетеді. 45 аралау
бұрышының белгісі° (10) 45° бұрышпен, бағыттауыш
рейканы пайдаланусыз аралау кезіндегі аралау дискісінің
күйін көрсетеді.
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Қосу/өшіру
Электр құралын пайдалану үшін алдымен құлыптау
пернесін 2 басып кейін қосқыш/өшіргішті 1 басып ұстап
тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 1
жіберіңіз.
Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 1
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Іске қосу тогының шектеулері (GKS 55 GCE)
Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр
құралды қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А
розеткадан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Тұрақты электроника (GKS 55 GCE)
Тұрақты электроника бос жүрісте және жүктеме кезінде
айналымдар санын тұрақты дерлік деңгейде сақтайды
және жұмыстың біркелкі өнімділігін қамтамасыз етеді.
Айналымдар санын таңдау (GKS 55 GCE)
Айналымдар санын таңдайтын реттеуші арқылы 3 қажетті
айналымдар санын реттеуге болады.
Қажет айналымдар саны пайдаланылатын аралау
дискісіне байланысты (пайдалану нұсқаулығының
соңындағы аралау дискілеріне шолуды қараңыз).
2 609 932 939 | (21.5.14)
Пайдалану нұсқаулары
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан
қорғаңыз.
Электр құралды біркелкі және кесу бағытында азғантай
қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым қондырманың
қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және
электр құралды зақымдауы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
дискілерін пайдаланыңыз.
Ағашты аралау
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және
сапасына, сондай-ақ, бойлай немесе көлденеңінен
аралауға байланысты.
Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда
болады.
Емен мен шамшат шаңы денсулыққа өте зиянды,
сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.
Синтетикалық материалдарды аралау (GKS 55 GCE)
Ескертпе: Синтетикалық материалдарды, әсіресе ПВХ,
аралау кезінде электрстатикалық заряды болуы мүмкін
ұзын серіппелі жоңқа пайда болады. Осыған байланысты
жоңқаны шығаратын жол 17 бітелуі және маятниктік
қорғағыш қаптама 13 сыналануы мүмкін. Шаңды сорумен
жұмыс істеген жөн.
Электр құралды қосылған күйде бөлшекке жүргізіңіз және
оны жайлап аралаңыз. Содан кейін тістер жабысып
қалмауы үшін үзілістерсіз жұмыс істеңіз.
Түсті металдарды аралау
Ескертпе: Түсті металдарға арналған аралау дискісін
пайдаланыңыз. Бұл таза аралауды қамтамасыз етеді және
аралау дискісінің сыналануын болдырмайды.
Электр құралды қосылған күйде бөлшекке жүргізіңіз және
оны жайлап аралаңыз. Шағын берумен, үзіліссіз жұмыс
істеңіз.
Профильдерде аралауды әрқашан жұқа жағында
бастаңыз, U тәрізді профильдерде аралауды ешқашан
ашық жағынан бастамаңыз. Аралау дискісінің сыналануын
болдырмау және электр құралдың кері соққысын
болдырмау үшін ұзын профильдерді тіреңіз.
Жеңіл материалдарды (минералдық толтырғыштары
бар материалдар) аралау (GKS 55 GCE)
 Жеңіл құрылыс материалдарын аралау кезінде заң
нұсқауларын және материал өндірушісінің
ұсыныстарын орындаңыз.
Жеңіл құрылыс материалдарын тек құрғақ күйде және тек
шаңсорғышпен бірге аралауға рұқсат етіледі. Әрқашан
бағыттауыш шинамен 29 (құрал) бірге жұмыс істеңіз.
Шаңсорғышта тас шаңын соруға рұқсат болуы керек.
Bosch осындай шаңсорғыштарды ұсынады.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Gks professional 553 601 f64 03 601 f64 9