Descargar Imprimir esta página

Hilti NURON DGH 130-22 Manual De Instrucciones Original página 338

Ocultar thumbs Ver también para NURON DGH 130-22:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 67
көмегіне жүгініңіз. Аккумулятордан ағып шыққан электролит тері тітіркенуін немесе күйіктерді
тудыруы мүмкін.
▶ Зақымдалған не пішіні өзгертілген аккумуляторларды қолданбаңыз. Зақымдалған не пішіні
өзгертілген аккумуляторларды болжауға болмайды және олар өрт, жарылыс не жарақаттану қаупін
тудырады.
▶ Аккумуляторды өрт не жоғары температуралы аймақтардан алшақ ұстаңыз. Өрт немесе 130
°C (265 °F) жоғары температуралар жарылыс тудыруы мүмкін.
▶ Зарядтау үшін барлық нұсқауларды орындаңыз және аккумулятор не аккумуляторлық
құралды ешқашан пайдалану бойынша нұсқаулықта берілген температура ауқымдарынан
тыс зарядтамаңыз. Қате зарядтау немесе рұқсатты температура ауқымдарынан тыс зарядтау
аккумуляторды бұзуы және өрт қаупін арттыруы мүмкін.
Қызмет
▶ Электр құралын жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр құралын қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
▶ Зақымдалған аккумуляторларға ешқашан қызмет көрсетпеңіз. Аккумулятордың толық күтімін
тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету орталықтары орындауы тиіс.
2.2
Барлық жұмыстарға арналған қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Ажарлау және жылтырату бойынша қауіпсіздік техникасының жалпы нұсқаулары:
▶ Бұл электр құралы ажарлау және жылтырату машинасы ретінде пайдалануға арналған.
Аспаппен бірге алынған барлық қауіпсіздік техникасы туралы нұсқауларды, нұсқауларды,
схемаларды және деректерді орындаңыз. Төменде берілен нұсқауларды орындамау электр
тогының соғуына, өртке және/немесе ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶ Бұл электр құралды егеуқұм қағазымен ажарлау, сым қылшақтармен жұмыс істеу,
саңылаулар кесу немесе абразивті кесу үшін қолдануға болмайды. Электр құралды басқа
мақсатта қолдану қауіпті жағдайлардың пайда болуына әкелуі мүмкін және жарақаттанудың себебі
болуы мүмкін.
▶ Электр құралды, ол құрал өндірушісі арнайы жобаламаған және белгілемеген жолмен жұмыс
істейтіндей өзгертпеңіз. Мұндай өзгеріс бақылау мүмкіндігінен айырылуға және ауыр жарақат
алуға әкелуі мүмкін.
▶ Өндіруші арнайы осы электр құрал үшін арнайы әзірлемеген және мақұлдамаған керек-
жарақтарды қолданбаңыз. Сіздің электр құралда қандай да сайманды бекіте алғаныңыз оны
қауіпсіз пайдалануға кепіл бермейді.
▶ Алмалы-салмалы құралда көрсетілген шекті айналу жиілігі электр құралда көрсетілген ең көп
айналу жиілігінен азырақ болмауы керек. Рұқсат етілгеннен көбірек жиілікпен айналатын жұмыс
аспабы бұзылуы мүмкін.
▶ Алмалы-салмалы
өлшемдеріне сай болуы керек. Өлшемдері қажеттіге сай келмейтін жұмыс аспаптарын жеткілікті
дәрежеде экрандау немесе басқару мүмкін емес.
▶ Бұрандалы алмалы-салмалы аспаптар ажарлау шпинделінің ирек оймасына сай болуы
керек. Фланецпен орнатылатын алмалы-салмалы аспаптарда алмалы-салмалы аспаптың
тесік диаметрі фланецтің патрон диамтеріне сай болуы керек.
бекітілмеген алмалы-салмалы аспаптар бір қалыпта айланбай, қатты дірілдеп бақылау жоғалтуына
алып келуі мүмкін.
▶ Зақымдалған жұмыс аспаптарын қолданбаңыз.
дискілерде сынықтар мен сызаттар, ажарлағыш тәрелкелерде сызаттар, тозу немесе қатты
сырылу, сым қылшақтарында сыну немесе үзілу бар-жоғын тексеріңіз. Электр құрал немесе
жұмыс аспабы құлағаннан кейін оларда зақымдар бар-жоғын тексеріңіз немесе жұмыс
аспабын ауыстыруды орындаңыз.
оператор мен жанында тұрған тұлғалар одан қауіпсіз қашықтықта болуы керек. Аспапқа бір
минут бойы ең көп айналу жиілігімен жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек. Ақаулы жұмыс
аспаптары көбінесе осы бақылау уақыт аралығында істен шығады.
▶ Жеке қорғану құралдарын пайдаланыңыз. Жағдайларға байланысты қорғауыш масканы
немесе қорғауыш көзілдірікті қолданыңыз. Қажет болғанда шаңнан қорғайтын масканы,
қорғауыш құлаққапты, қорғауыш қолғаптарды немесе сізді өңдеп жатқан материалдың майда
бөлшектерінен қорғайтын арнайы алжапқышты қолданыңыз. Әр түрлі жұмыстарды орындау
кезінде пайда болатын бөлшектердің көзге тиюінен қорғауды қамтамасыз ету керек. Жұмыс кезінде
пайда болатын шаңды респиратордың шаңнан қорғайтын сүзгіні ұстап тұруы керек. Қатты шу тым
көп әсер еткенде есту қабілеті жоғалуы мүмкін.
332
Қазақ
құралдың
сыртқы
Айналатын алмалы-салмалы аспапты қолданғанда
диаметрі
және
қалыңдығы
Әр пайдалану алдында ажарлағыш
2359096
электр
құралдың
Электр құралда дұрыс
*2359096*

Publicidad

loading