Descargar Imprimir esta página

Bosch GST Professional 150 CE Manual Original página 138

Ocultar thumbs Ver también para GST Professional 150 CE:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 28
138 | Қазақ
Жұқа аралар бойынша қауіпсіздік
нұсқаулықтары
Кесетін керек-жарақтан жасырын сымдар немесе
u
өз сымына тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде
электр құрылы оқшауланған ұстау жайынан
ұстаңыз. Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе
электр құралының метал бөлшектерін істетіп
пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін.
Дайындаманы тұрақты ретте ұстау үшін бекіту
u
және тіреу үшін қамыт немесе басқа жолын
пайдаланыңыз. Дайындаманы қолмен немесе денеге
тіреп ұстау оны тұрақты емес қылып бақылау
жоғалуына алып келуі мүмкін.
Қолыңызды аралау аймағынан қашық ұстаңыз.
u
Дайындама астына тимеңіз. Ара полотносына тию
жарақаттану қаупін тудырады.
Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде
u
апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп
кері соғу қаупі пайда болады.
Аралауда тіреу тақтасының тұрақты тұруына көз
u
жеткізіңіз. Қисайған ара полотносы сынуы немесе
керу соғуға алып келуі мүмкін.
Жұмысты аяқтағаннан соң электр құралын өшіріп,
u
ара полотносы тоқтағаннан соң ғана оны кесіктен
шығарыңыз. Осы арқылы кері соғудан сақтанып,
электр құралының қауіпсіздігін қамтамасыз етесіз.
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
u
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Бұзылмаған мінсіз ара полотносын пайдаланыңыз.
u
Кисайған немесе өтпес ара полотнолары сынуы,
кесікті зақымдауы немесе кері соғуды тудыруы
мүмкін.
Ара полотносын өшіргеннен соң бүйір басу арқылы
u
тоқтатпаңыз. Ара полотносының бұзылуы, сынуы
немесе керу соғу себебі болуы мүмкін.
Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып
u
жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты
жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр
сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі
мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға алып
келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
1 609 92A 4VE | (04.04.2019)
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы қатты тірелген күйде ағаш, пластмасса,
метал, күйіктас тақта және резинада кесіктер мен
ойықтарды аралау үшін арналған. Ол тура және қисық
кесіктерді 45° бұрышта аралау үшін арналған. Ара
полотносы ұсыныстарына назар аударыңыз.
Көрсетілген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1) Ажыратқыш бекіткіші (GST 150 BCE)
(2) Ажыратқыш
(3) Жүріс санын алдын ала таңдауға арналған
айналмалы реттегіш
(4) Алты қырлы дөңбек кілт
(5) Тіреу тақтасы
(6) Жоңқаны үрлеп шығару құрылғысының қосқышы
(7) Тербелісті реттегіш иінтірек
(8) Ара дискісін босатуға арналған SDS иінтірегі
(9) Бағыттауыш ролик
A)
(10) Ара дискісі
(11) Жанасудан қорғаныс
(12) Тұтқа (беті оқшауланған)
(13) Ара дискісінің бекіткіші
A)
(14) Жылжыма
(15) Жарылудан сақтайтын пластина
(16) Сорғыға арналған қаптама
(17) Аспирациялық келте құбыр
A)
(18) Сорғыш шланг
(19) Тіреу тақтасының бұрандасы
(20) Еңіс бұрышының шкаласы
(21) Параллель тіректің бағыттауышы
(22) Параллель тіректің реттегіш бұрандасы
(23) Айналмалы кескіші бар параллель тірек
A)
(24) Бағыттауыш шина
(25) Айналмалы кескіштің ортаға келтіру ұштығы
A) Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды
біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
A)
A)
A)
Bosch Power Tools

Publicidad

loading