Descargar Imprimir esta página

Bosch GBH 18V-28 DC Manual Original página 187

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 35
Бұрғылау патроны мен аспаптарды таңдау
Перфоратормен бұрғылау және ою үшін SDS-plus аспап
патронына салынатын SDS-plus аспаптары керек болады.
Ағаш, металл, керамика және пластикті соққысыз
бұрғылау, сондай-ақ құралдарды SDS-plus мүмкіндігінсіз
бұрғылау (мысалы, цилиндрлік сағасы жоқ бұрғылар)
үшін пайдаланылады. Осы аспаптар үшін жылдам қысу
бұрғылау патроны немесе тісті тәждік бұрғылау патроны
қажет.
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын орнату/
шығару
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын орнату (B суретін
қараңыз)
– SDS-plus бекіткіш білігін (20) тісті тоғыны бар
бұрғылау патронына (19) бұрап орнатыңыз. Тісті
тоғыны бар бұрғылау патронын (19) бекіткіш
бұрандамен (18) бекітіңіз. Бекіткіш бұранданың сол
жақ ирек оймасы бар болуын қадағалаңыз.
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын енгізу (B суретін
қараңыз)
– Бекіткіш біліктің жалғанатын ұшын тазалап, аздап
майлаңыз.
– Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын өздігінен
құлыптанғанша бекіткіш білікпен құрал бекіткішіне
бұрап енгізіңіз.
– Тісті тоғыны бар бұрғылау патронының бекітілуін
тартып тексеріңіз.
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын шығару
– Бекіткіш төлкені (4) артқа жылжытып, тісті тоғыны бар
бұрғылау патронын (19) шығарып алыңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру
Шаңнан қорғайтын қақпақ (3) жұмыс кезіндегі бұрғылау
шаңының құрал ұстағышқа кіріп кетуіне жол бермейді.
Құрылғыны орнату кезінде шаңнан қрғайтын қақпақтың
(3) зақымдалмағанын тексеріңіз.
Шаңнан қорғайтын қақпақ зақымдалса, оны дереу
u
ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету
шеберханасында орындау ұсынылады.
Құралды алмастыру (SDS-plus)
SDS-plus алмалы-салмалы аспабын салу (C суретін
қараңыз)
SDS-plus-бұрғылау патронымен алмалы-салмалы аспапты
жай және оңай ретте қосымша аспаптарды пайдаланбай
алмастыру мүмкін.
– Алмалы-салмалы аспаптың жалғанбалы ұшын тазалап,
аздап майлаңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне өздігінен
бекітілгенше бұрап енгізіңіз.
– Құралды тарту арқылы оның құлыптанғанын
тексеріңіз.
Bosch Power Tools
SDS-plus-алмалы-салмалы аспабы жүйе салдарынан бос
қозғалады. Сол себептен бос айналуда радиал қағу пайда
болады. Бұл ойық дұрыстығына әсер етпейді, өйткені
бұрғылау кезінде бұрғы өзін өзі ортаға дәл келтіреді.
SDS-plus-алмалы-салмалы аспабын шығару (D
суретін қараңыз)
– Бекіткіш бұранданы (4) артынан жылжытып, алмалы-
салмалы аспапты шығарыңыз.
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронының
құралын алмастыру
Алмалы-салмалы аспапты енгізу (E суретін қараңыз)
Ескертпе: SDS-plus жоқ құралдарды соққымен бұрғылау
немесе қашау үшін пайдаланбаңыз! SDS-plus жоқ
құралдар және олардың бұрғылау патроны соққымен
бұрғылау және қашау кезінде зақымдалады.
– Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (19) енгізіңіз.
– Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (19) құрал
енгізілгенше бұрап ашыңыз. Құралды енгізіңіз.
– Бұрғылау патронының кілтін (21) тісті тоғыны бар
бұрғылау патронының (19) тиісті саңылауларына
енгізіп, құралды біркелкі етіп қысыңыз.
– Соғуды/айналуды тоқтату қосқышын (12) "Бұрғылау"
күйіне бұраңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару (F суретін
қараңыз)
– Тісті тоғыны бар бұрғылау патронының (19) төлкесін
бұрғылау патроны кілтінің (21) көмегімен алмалы-
салмалы аспапты шығару мүмкін болғанша сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Қазақ | 187
1 609 92A 80W | (05.07.2022)

Publicidad

loading