DIP қосқыштарын орнату
САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ:
DIP қосқыштарының қақпағын алмай тұрып принтерді өшіріңіз. Оны принтер қосулы
кезде алу принтердің ақаулығына әкелетін қысқа тұйықталу сияқты мәселелерді
тудыруы мүмкін.
1.
Принтер өшірулі екенін тексеріңіз.
2.
Принтерді аударыңыз.
3.
L суретінде көрсетілгендей, принтер түбіндегі DIP қосқыштарының қақпағын
бұранданы шығару арқылы алыңыз.
4.
Үшкір құралды пайдаланып DIP қосқыштарын орнатыңыз.
5.
DIP қосқышының қақпағын қайта орнатыңыз және бұранданы орнату арқылы
оны бекітіңіз.
Жаңа параметр принтер қосылғаннан кейін күшіне енеді.
TM-T70 Пайдаланушы нұсқаулығы 63