Descargar Imprimir esta página

Bosch 0 611 2A6 000 Manual Original página 126

Ocultar thumbs Ver también para 0 611 2A6 000:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 24
126 | Қазақ
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
GDE 16 Plus/GDE 68 құрылғыларымен (керек-
жарақ) шаң сору
Шаң сору үшін GDE 16 Plus (керек-жарақ) немесе GDE 68
(керек-жарақ) қажет болады.
Шаңсорғыш өңделетін дайындамаға сәйкес келуі тиіс.
Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Шаң жинағыш қап (керек-жарақ)
Шаңды сорусыз оңай жинау үшін шаң жинағыш қап қажет
болады.
Пайдалану
Іске қосу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Жұмыс режимін реттеу
Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін соққыны/
айналуды тоқтату қосқышын (10) пайдаланыңыз.
– Жұмыс режимін ауыстыру үшін босату түймесін (9)
басып, соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (10)
қажетті күйге шерту дыбысымен тірелгенше бұраңыз.
Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшірулі тұрғанда
ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі
мүмкін.
1 609 92A 5SR | (20.08.2020)
Бетон немесе тас бойынша соққымен
бұрғылау күйі
Ағаш, металл, керамика және пластмасса
бойынша соққысыз бұрғылау және бұрау
күйі
Қашау күйін реттеуге арналған Vario-Lock
күйі
Бұл күйде соққыны/айналуды тоқтату
қосқышы (10) бекітілмейді.
Қашау күйі
Айналу бағытын реттеу (H суретін қараңыз)
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыштың (6) көмегімен
электр құралының айналу бағытын өзгертуге болады.
Алайда ажыратқыш (8) басылғанда осы әрекетті орындау
мүмкін емес.
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (6) электр
u
құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Соққымен бұрғылау, бұрғылау және қашау үшін айналу
бағытын әрдайым оңға айналу күйіне реттеңіз.
– Оңға айналу: бұрғылау және бұрандаларды бұрап
кіргізу үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (6)
солға қарай тірелгенше итеріңіз.
– Солға айналу: бұрандалар мен гайкаларды босату
немесе бұрап шығару үшін айналу бағытын
ауыстырып-қосқышты (6) оңға қарай тірелгенше
итеріңіз.
Қосу/өшіру
– Электр құралын қосу үшін қосу/өшіру ауыстырып-
қосқышын (8) басыңыз.
– Ажыратқышты (8) бұғаттау үшін оны басып тұрып,
бекіту түймесін (7) қосымша басыңыз.
– Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (8)
жіберіңіз. Ажыратқыш (8) бұғатталған кезде, оны
алдымен басып, сонан соң жіберіңіз.
Айналу жиілігін/соққы санын реттеу
– Ажыратқышты (8) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған электр құралының айналу жиілігін/соққы
санын біртіндеп реттеңіз.
Ажыратқыш (8) сәл басылса, төмен айналу жиілігі/соққы
саны қосылады. Қысым күшейсе, айналу жиілігі/соққы
саны ұлғаяды.
Қорғауыш жалғастырғыш
Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе
u
бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады.
Осында пайда болатын күш себебінен электр
Bosch Power Tools

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Gbh 2-21 professional3 611 ba6 0