Descargar Imprimir esta página

Bosch GCM 254 D Professional Manual Original página 269

Ocultar thumbs Ver también para GCM 254 D Professional:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 55
Электр құралын алғашқы рет іске қосудан алдын төменде
жазылған бөліктердің жинақта барлығын тексеріңіз:
– Ара төсемі орнатылған панельдік ара
– Шаң жинағыш қап (46)
– Дайындама тірегі (17) (2 дана)
(Кейбір елдерге арналған нұсқаларда қолжетімді
емес.)
– Бұрандалы қысқыш (20)
– Алты қырлы дөңбек кілт (24)
– Бұрыштық үшбұрыш (62)
– Аралау үстелінің ұзартқышы (16) (2 дана)
Нұсқау: Электр құралын зақымданулар барлығына
тексеріңіз.
Электр құралын пайдаланудан алдын қорғағыш аспаптар
немесе аз зақымдалған бөліктерді әбден мінсіз және
дұрыс істеуін тексеріңіз. Жылжымалы бөлектер
кедергісіз істеуін және қысылмауын немесе бөліктер
зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс
орнатылған және кедергісіз жұмыс істеуді қамтамасыз
ететін пайдалану шарттарына сәй болуы керек.
Зақымдалған қорғағыш аспаптар мен бөліктер өкілетті
шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек.
Бөліктерін орнату
– Жинақтағы бөліктерді абайлап орамаңыздан алып
қойыңыз.
– Бүтін орама материалын электр аспап пен жинақтағы
жабдықтардан алып қойыңыз.
– Жинақтағы құрылғы элементтерін орнату кезінде
жұмысты оңтайландыру үшін электр құралының
тасымалдау күйінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
Аралау үстелінің ұзартқыштарын монтаждау (A1
суретін қараңыз)
Аралау үстелін қосымша ұзарту үшін электр құралының
сол немесе оң жағында аралау үстелінің ұзартқыштарын
орнатуға болады.
– Бекіткіш бұрандаларды (43) крест ойықты
бұрауыштың көмегімен аралау үстелінің
ұзартқыштарынан бұрап шығарыңыз.
– Электр құралын аударыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқыштарын (16) электр
құралының екі жағынан да тиісті саңылауларға
тірелгенше жылжытыңыз.
– Бекіту үшін бекіткіш бұрандаларды (43) қайтадан
аралау үстелінің ұзартқыштарына бұрап кіргізіңіз.
Дайындама тіреуіштерін монтаждау (A2 суретін
қараңыз)
Дайындама тіреуіштерін (17) электр құралының сол, оң
немесе алдыңғы жағында орналастыруға болады. Икемді
штепсельдік жүйе ұзарту немесе кеңейту нұсқаларының
алуан түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді (G суретін
қараңыз).
– Қажет болса, дайындама тіреуішін (17) электр
құралындағы бекіткіштерге (44) немесе екінші
дайындама тіреуішінің бекіткіштеріне (45) енгізіңіз.
Bosch Power Tools
Электр құралын еш жағдайда дайында
u
тіреуіштерінен ұстап тасымаңыз.
Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау
аспаптарын пайдаланыңыз.
Қатты немесе икемді орнату
Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр
u
құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс
аймағына (мысалы верстак) орнату керек.Ж.
Жұмыс аймағында орнату (B1−B2 суретін қараңыз)
– Электр құралын жарамды бұрандалы қосылыммен
жұмыс аймағына бекітіңіз. Ол үшін саңылаулар (9)
пайдаланылады.
немесе
– Электр құралының аяқтарын стандартты бұрандалы
қысқыштармен жұмыс аймағына бекітіңіз.
Bosch жұмыс үстелінде монтаждау
Bosch ұсынған GTA жұмыс үстелдері электр құралдарын
биіктігі реттелетін аяқтары арқылы кез келген бетте
бекітеді. Жұмыс үстеліндегі дайындама тіреуіштері ұзын
дайындамаларды тіреуге арналған.
Жұмыс үстелі жинағындағы барлық ескертулер
u
мен нұсқаулықтарды оқыңыз. Ескертпелер мен
нұсқаулықтарды сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/
немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Электр құралын орнатудан алдын жұмыс үстелін
u
дұрыс құрыңыз. Бұзылу қауіпін болдырмау үшін
мінсіз құру маңызды болып қалады.
– Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне
орнатыңыз.
Иілмелі орнату (ұсынылмаған!) (B3 суретін қараңыз)
Ерекше жағдайларда электр құралын тегіс тұрақты жұмыс
аймағында орнату мүмкін болмаса, көмекші ретінде
құлаудан сақтағышты орнату керек.
Құлаудан сақталмаған электр құралы тұрақты
u
тұрмай, максималдық горизонтальды және/
немесе вертикальды еңіс бұрышындағы аралау
кезінде құлауы мүмкін.
– Құлаудан сақтауды (31) электр құрал жұмыс
аймағында тура тұрғанша бұраңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Қазақ | 269
1 609 92A 88N | (29.03.2023)

Publicidad

loading