Descargar Imprimir esta página

Bosch GWS 18V-180 P Professional Manual Original página 230

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 40
230 | Қазақ
баяу бұраңыз (➋). 4 бұранданы қайтадан мықтап
тартыңыз (➌).
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз.
u
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Тірек қабырғаларда ойықтар жасағанда
u
абайлаңыз, «Статика туралы нұсқаулар» тарауын
қараңыз.
Салмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе,
u
дайындаманы бекітіңіз.
Жоғары жүктемеден кейін электр құралдың біраз
u
салқындауына, бірнеше минут бос жүрісте жұмыс
істеуіне мүмкіндік беріңіз.
Электр құралды абразивті-кесу станинада
u
пайдаланбаңыз.
Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз.
u
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Пайдалану нұсқаулары
Сыдырып тегістеу
Байланыстырылған ажарлағыш құралдардың
u
көмегімен сыдырып ажарлау кезінде әрдайым
ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (9)
пайдаланыңыз.
Ешқашан кесу шеңберлерін сыдырып тегістеу үшін
u
пайдаланбаңыз.
Бастапқы ажарлау кезінде, ажарлауға арналған
u
қорғаныш қаптама (9) монтаждалған кесуге
арналған қаптамамен (10) бірге дайындамаға
1 609 92A 8GS | (22.02.2023)
соғылып, бақылау мүмкіндігінен айырылуға әкелуі
мүмкін.
30°–40° еңкейту бұрышымен сыдырып ажарлау кезінде
ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Электр
құралын орташа қысыммен алға-артқа жылжытыңыз.
Нәтижесінде дайындама тым қатты қызбайды, түсін
өзгертпейді және қатпарлар пайда болмайды.
Кесу үшін де, ажарлау үшін де рұқсат етілген
u
композиттік дискілер пайдаланылған кезде, ажарлауға
арналған қаптаманы (9) монтаждалған кесуге арналған
қаптамамен (10) бірге пайдалану керек.
Желпуіш тәрізді ажарлағыш дискімен үстіңгі беттерді
ажарлау
Желпуіш тәрізді ажарлағыш дискімен ажарлау
u
кезінде әрдайым ажарлауға арналған қорғаныш
қаптаманы пайдаланыңыз (9).
Желпуіш тәрізді ажарлағыш дискімен (керек-жарақ),
сонымен қатар дөңес беттерді және профильдерді де
өңдеуге болады. Желпуіш тәрізді ажарлағыш дискілер
әдеттегі ажарлағыш дискілермен салыстырғанда
ұзағырақ қызмет етеді, азырақ шуыл шығарады және
төменірек ажарлау температурасына ие болады.
Ажарлау тәрелкесімен үстіңгі беттерді ажарлау
Резеңке тегістеу тәрелкесімен (17) жұмыстар үшін
u
әрқашан қол қорғағышын (16) киіңіз.
Ажарлау тәрелкесімен ажарлау әрекетін қорғаныш
қаптамасыз орындауға болады.
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Домалақ гайканы (20) бұрап бекітіңіз де, екі саңылаулы
кілтпен тартыңыз.
Тостаған тәрізді қылшақ/дискілі қылшақ/конустық
қылшақ
Ажарлағыш қылшақтармен өңдеу кезінде
u
әрдайым ажарлауға арналған қорғаныш
қаптаманы пайдаланыңыз (9). Тостаған тәрізді
қылшақтармен/конустық қылшақтармен өңдеу
әрекетін қорғаныш қаптамасыз орындауға болады.
Тостаған тәрізді немесе конустық қылшақпен
u
жұмыстар өткізу үшін әрдайым қол
қорғанысын (16) монтаждаңыз.
Дискілі қылшақтардың максималды рұқсат етілген
u
өлшемдерінен асырған жағдайда, дискілі
қылшақтардың сымдары қорғаныш қаптамаға
тиіп, сынуы мүмкін.
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
M14 ирек оймасы бар тостаған тәрізді қылшақты/
конустық қылшақты/дискілі қылшақты, ол шпиндель ирек
оймасының шетіндегі ажарлау шпинделінің фланецімен
тығыз жанасатындай, ажарлау шпинделіне бұрап бекіту
қажет. Тостаған тәрізді қылшақты/конустық қылшақты/
дискілі қылшақты айыр тәрізді кілтпен бекемдеңіз.
22,22 мм диаметрлі дискілі қылшақты бекіту үшін
тығыздауыш сақинасы бар тірек фланецін (11) ажарлау
шпинделіне (15) енгізіңіз, домалақ гайканы (20) бұрап
бекітіңіз және оны екі саңылаулы кілтпен тартыңыз.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading