Descargar Imprimir esta página

Bosch Professional GLL 3-50 Manual Original página 139

Ocultar thumbs Ver también para Professional GLL 3-50:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 27
(13)
(17)
(16)
Өлшеу құралын бағыттауыш ойықпен (13) бағыттауыш
шинаға (17) айналма платформаға (16) қойып, өлшеу
құралын платформаға тірелгенше жылжытыңыз.
Ажырату үшін өлшеу құралын кері бағытта айналма
платформадан шығарыңыз.
Айналма платформаның биіктігін реттеу үшін,
телескоптық аяқтың реттегіш бұрандасын (14) бұрап
шығарыңыз. Телескоптық аяқты реттегіш бұранданы
бұрау арқылы бекітіңіз. Әрекетті әр телескоптық аяқ үшін
қайталаңыз.
Егер өлшеу құралы бұрама платформаға (16)
орнатылған, тік лазер сызықтарын дәлдеп реттеу
бұрандамасының (15) көмегімен сілтемелік нүктелермен
туралауға болады.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн
u
сәулелерінен сақтаңыз.
Өлшеу құралына айрықша температура немесе
u
температура өзгерістерінің әсерін тигізуге
болмайды. Оны, мысалы, автомобиль ішінде ұзақ
уақытқа қалдырмаңыз. Температура өзгерістері шұғыл
болған жағдайда, алдымен өлшеу құралының тұрақты
температурасын сақтаңыз және жұмысты
жалғастырмас бұрын әрдайым дәлдік тексерісін
өткізіңіз (қараңыз „Өлшеу құралының дәлдігін
тексеру", Бет 140).
Айрықша температура немесе температура өзгерістері
орын алған жағдайда, өлшеу құралының дәлдігі
төмендеуі мүмкін.
Өлшеу құралын қатты соғылудан немесе түсуден
u
сақтаңыз. Сыртқы күшті әсерлерден кейін өлшеу
құралының жұмысын жалғастырудан бұрын әрдайым
дәлдік тексеруін орындау керек (қараңыз „Өлшеу
құралының дәлдігін тексеру", Бет 140).
Өлшеу құралын тасымалдаудан алдын оны
u
қосыңыз. Өшуде тербелу бөлігі бұғатталады, әйтпесе
ол қатты әрекеттерде зақымдалуы мүмкін.
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын қосу үшін ажыратқышты (12) "  On"
күйіне (маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу үшін)
немесе "
 On" күйіне (нивелирлеу автоматикасымен
жұмыс істеу үшін) жылжытыңыз. Өлшеу құралы
Bosch Power Tools
қосылғаннан кейін бірден шығару саңылауларынан (1)
лазер сәулелерін шығарады.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға
u
(14)
бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық
сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (12) Off
күйіне жылжытыңыз. Өшіру кезінде тербелу блогы
бұғатталады.
Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз
u
қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан
соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін
шағылыстыру мүмкін.
40 °C шамасындағы рұқсат етілген макс. жұмыс
температурасынан асырған жағдайда лазер диоды
қорғаныс үшін өшеді. Суығаннан соң өлшеу құралы қайта
қосылуы мүмкін.
Өшіру автоматикасын ажырату
Егер шам. 30 минут ішінде өлшеу құралында ешбір түйме
басылмаса, өлшеу құралы батарея зарядын сақтау үшін
автоматты түрде өшіп қалады.
Өшіру автоматикасын ажырату үшін, өлшеу құралының
қосулы күйінде лазер жұмыс режимдерінің түймесін (4)
кемінде 3 секунд басып тұрыңыз. Өшіру автоматикасы
ажыратылған болса, лазер сәулелері 3 секудтан кейін
қысқа уақытта жыпылықтайды.
Автоматты түрде өшіру функциясын іске қосу үшін,
өлшеу құралын өшіріп қайта қосыңыз (лазер жұмыс
режимінің түймесін (4) баспай).
Пайдалану түрлері
Өлшеу құралында бірнеше пайдалану режимі бар,
оларды әрқашан ауыстыруға болады:
– Тік режиммен бірге қолданылған көлденең режим: бір
көлденең және екі тік, тікбұрышты лазер сызығын
шығарады
– Көлденең режим: көлденең лазер сызығын шығарады
– Крест тәрізді сызық режимі: бір көлденең және бір тік
лазер сызығын шығарады
– Тік режим: екі тік, тікбұрышты лазер сызығын
шығарады
Барлық жұмыс режимдерінде еденге перпендикуляр
негізі проекцияланады.
Іске қосқаннан кейін өлшеу құралы тік режиммен бірге
қолданылған көлденең жұмыс режимінде болады. Жұмыс
режимін ауыстыру үшін жұмыс режимінің түймесін (4)
басыңыз.
Жұмыс режимдерінің барлығын нивелирлеу
автоматикасымен де, маятникті бұғаттау тетігімен де
таңдауға болады.
Қабылдағыш режим
Лазер қабылдағышымен (23) жұмыс істеу үшін
пайдалану түріне байланыссыз қабылдағыш режимді
белсендіруге болады.
Қазақ | 139
1 609 92A 92E | (28.09.2023)

Publicidad

loading