Descargar Imprimir esta página

TZS First AUSTRIA FA-5002 Manual De Instrucciones página 50

Horno de microondas

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 31
• Сақ болыңыз! Егер есік немесе есіктің тығыздауштары
зақымдалған болса, микротолқынды пешті өкілетті қызмет
көрсетуші қызметі жөндегенге дейін пайдаланбаңыз.
• Ауа кіретін және шығатын жерлерді ештеңемен жаппаңыз
немесе оларға кедергі келтірмеңіз!
• Құрылғының жанына тұтанғыш материалды (қағаз, мата және
т.б.) қоймаңыз.
• Құрылғыны бос күйде қоспаңыз.
• Құрылғыны желіге қосу не ажырату алдында оның өшірулі
тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны дымқыл қолмен пайдаланбаңыз.
• Бұл құрылғы тек үйде қолдануға арналған, оны коммерциялық
мақсатта пайдаланбаңыз.
• Бұл құрылғыны далада пайдаланбаңыз.
• Құрылғы істеп тұрған кезде, оны қараусыз қалдырмаңыз.
• Жұмыс барысында құрылғы ыстық болады. Сондықтан абай
болыңыз, ыстық бөліктерге қол тиіп кетпеңіз.
• Ыстық духовкаға заттарды салғанда немесе шығарғанда, барлық
уақытта қорғаныш, оқшауланған пеш қолғабын киіңіз.
• Пешке тым үлкен тағамды салмаңыз, егер ол қыздыру
элементіне жанасатын болса, өртке себеп болуы мүмкін.
• Сұйықтықтарды немесе тағамдарды ауа өткізбейтін
контейнерлерде қыздыруға болмайды, себебі олар жарылуы
мүмкін.
• Сусындарды қысқа толқынды пеште қыздырсаңыз, кешігіп
қайнауы және атқылауы мүмкін, сондықтан контейнерді ұстаған
кезде, абай болуыңыз керек.
• Тек микротолқынды пеште сәйкес келетін ыдыстар мен
контейнерлерді пайдаланыңыз.
• Құрылғыны бір жерден екінші жерге жылжытпас бұрын, оны
қуат көзінен ажыратыңыз.
• Қолданған соң, тазалау алдында және ақау пайда болған
жағдайда, құрылғыны міндетті түрде қуат көзінен ажыратыңыз.
98
• Құрылғы қызып тұрғанда, тіпті қуат көзіне қосылып тұрмаса да,
оны қараусыз қалдырмаңыз. Тазаламас және сақтамас бұрын,
құрылғының толық суығанын күтіңіз.
• Қуат сымынан ұстап тартуға болмайды. Құрылғыны қуат көзінен
ажырату керек болса, штепсель ашасынан ұстап тартыңыз.
• Духовка есігінің әйнегін тазалау үшін өткір құралдарды
пайдаланбаңыз, себебі олар оны зақымдауы немесе сындыруы
мүмкін.
• Құрылғыны 8 жастан асқан балалар және физикалық, сезу
немесе ақыл-ой қабілеті шектеулі не тәжірибесі мен білімі аз
адамдар пайдалана алады, алайда оларға қауіпсіз пайдалану
туралы нұсқау беру және қадағалау қажет, сондай-ақ олардың
қауіп-қатер барын түсінуі — шарт. Балалар құрылғымен ойнамау
керек. Тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
балалар жүргізбеуі тиіс, тек 8 жастан асса және ересектердің
қадағалауымен ғана орындауға болады. Құрылғы мен оның
сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы жетпейтін жерде
ұстаңыз.
• Құрылғы өз мақсатында қолданылмаса немесе дұрыс
қолданылмаған жағдайда пайда болған қандай да бір зақым
үшін біз жауапты болмаймыз.
• Құрылғыны жөндеу және басқа да жұмыстарды тек уәкілетті
маман орындауы тиіс!
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Қуат шығыны: Макс.: 230 В/айнымалы ток, 50 Гц,
1100 Вт max.
Қысқа толқындардың шығу қуаты:
700 Вт
Гриль қуаты:
800 Вт
Жұмыс жиілігі:
2450 МГц
ӨНІМНІҢ ЖІКТЕЛУІ
Бұл бұйым 2-топтың В класы ISM жабдығына
жатады.
2-топтағы жабдық дегеніміз – материалды
өңдеу үшін радиожиілік энергиясы
электрмагниттік сәулелену түрінде әдейі
өндірілетін және/немесе пайдаланылатын
барлық ISM («Өнеркәсіптік, ғылыми және
медициналық») жабдығы, сондай-ақ оған
электр ұшқындық және доғалық дәнекерлеу
жабдықтарын жатқызуға болады.
В класындағы жабдық – тұрмыстық
ғимараттарда және тұрмыстық мақсаттарда
пайдаланылатын ғимараттарды қуаттайтын
төмен кернеулі электрмен жабдықтау желісіне
тікелей қосылған ғимараттарда пайдалануға
жарамды жабдық.
99

Publicidad

loading