5.7
Биіктен құлаудан қорғаныс
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі құралдың және/немесе керек-жарақтың құлауынан!
▶ Тек өнім үшін ұсынылған Hilti құрал ұстағыш арқанын қолданыңыз.
▶ Құрал ұстағыш арқанның бекіту нүктесінде әр пайдалану алдында зақымдардың бар-жоғын тексеріп
шығыңыз.
▶ Құрал ұстағыш арқанды белдік ілмегіне бекітпеңіз. Белдік ілмегін өнімді көтеру үшін пайдаланбаңыз.
Биік жерде жұмыс істеу бойынша ұлттық нұсқамаларды орындаңыз.
Бұл өнім үшін құлаудан қорғаныс ретінде тек Hilti компаниясы ұсынған құлаудан сақтандырғыштың
және Hilti компаниясы ұсынған #2261970 құралдарды ұстағыш арқанының қисындасуын қолданыңыз.
▶ Құлаудан сақтандырғышты керек-жараққа арналған монтаждық саңылауларға бекітіңіз.
ұсталғанын тексеріңіз.
▶ Құралдарды ұстағыш арқанның карабинін құлаудан сақтандырғышқа, ал екінші карабинді жүк
көтеретін құрылымға бекітіңіз. Екі карабиннің де берік ұсталғанын тексеріңіз.
Hilti құлаудан сақтандырғышының және Hilti құралдарды ұстағыш арқанының пайдалану
бойынша нұсқаулықтарын ұстаныңыз.
6
Қызмет көрсету
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
6.1
Оңға/солға айналу бағытын орнату
▶ Оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын қалаулы айналу бағытына ортатыңыз.
▶ Бұғаттау электр қозғалтқышы жұмыс істеп тұрғанда бағытты ауыстырудан қорғайды.
▶ Ауыстырып-қосқыш ортаңғы күйде болғанда, негізгі сөндіргіш бұғатталған болады (қосуды
құлыптау).
6.2
Айналу моментін орнату
АБАЙЛАҢЫЗ
Зақымдалған тетіктерінен жарақат алып қалу қаупі бар! Егер айналдыру моменті тым жоғары
болатын болса, бұрандалар мен тетіктер зақымдалуы мүмкін. Бұл жарақат алуға әкелуі мүмкін.
▶ Бұрандалар мен дайындама өнім тудыратын айналу моментіне сәйкес келгеніне көз жеткізіңіз.
▶ Айналу моментінің қалаулы сатысы айналу моментінің индикаторында көрсетілгенше айналу
моментінің ауыстырып-қосқышын баса беріңіз.
Егер өнім интеллектуалды айналу моментінің модулімен байланыстырылған болса, айналу
моментінің индикаторында AT жанып, айналу моментінің ауыстырып-қосқышы жұмыс
істемейді.
Интеллектуалды айналу моменті модулінің пайдалану бойынша нұсқаулығын
ескеріңіз.
6.3
Қосу және өшіру
1. Өнімді қосу үшін негізгі сөндіргішті басыңыз.
Негізгі сөндіргішті басу тереңдігіне қарай айналу жиілігін біркелкі реттеуге болады.
2. Өнімді өшіру үшін негізгі сөндіргішті жіберіңіз.
154
Қазақ
4
5
2368302
*2368302*
Берік