• Қабырға жағдайына және орнату шарттарына байланысты теледидар мен қабырға
арасындағы нақты минималды қашықтықты 2-3 мм-ге немесе одан көбірек мәнге
ұзартуға болады.
• Қабырғалық аспа жинақты орнатқанда, теледидар қабырғаға өте жақындап кетсе,
теледидардың артына немесе қабырғаға сызат түсуі мүмкін.
• Көлденең реттеу функциясын пайдаланып, көлденең деңгейді реттей алмасаңыз,
орнату жұмыстарының дұрыс-терісін тексеріңіз.
• Максималды туралау бұрышы — 1-2 градус. Максималды мәннен артық туралау қажет
болса, қабырғаға бекіту кронштейнін қайта орнатыңыз.
• Қабырғаға бекіту құралының ілмегі толығымен салынғанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе
теледидар қабырғадан құлап кетуі мүмкін.
• Теледидарды қабырғаға бекіту құралынан алған кезде кабельдер бүлінбеуі үшін,
алдымен кабельдерді ажыратыңыз.
• Қабырғаны теледидарды кіріктіріп орнату үшін теспеңіз. Теледидар қатты қызып,
дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
• Қабырғаны теледидардан алғанда, міндетті түрде 2 адам көтеруі керек. Дисплейге
тура күш салмаңыз. Теледидардың өлшемі 82 дюйм немесе одан көп болса, кем
дегенде үш адам бірігіп жұмыс істеуі керек.
• Қабырғалық аспа жинақты орнатқаннан кейін теледидарға немесе қабырғалық аспа
жинаққа көп салмақ түсірмеңіз. Қабырғалық аспа жинаққа немесе теледидарға немесе
теледидардың қосылымына нұқсан келіп, босап қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда
қабырғалық аспа жинақты қайта орнатыңыз немесе білікті маманнан кеңес алыңыз.
• Қабырғалық аспаны орнатпас бұрын қуат кабелін немесе шарғы кабелін теледидарға
жалғаңыз.
• Қабырғалық аспаны орнатқан кезде, берілген құрамдас бөліктер мен бөлшектерді
пайдалануды ұмытпаңыз.
• Стандартты өлшемнен ұзын бұрандалар пайдаланылса, теледидардың ішкі жағы
зақымдалуы мүмкін.
– Теледидардың қуаты қосулы кезде қабырға аспасын орнатпаңыз. Электр тоғының
соғуынан жарақат алу қаупі бар.
• Құрылғының' жұмысын қамтамасыз ету және ақаулықтарға жол бермеу үшін, оны
келесі жерлерге орнатпаңыз.
– Дірілдеуі немесе соққы алуы мүмкін жерлерге: Құрылғы құлауы және оған зақым
келуі мүмкін.
– Спринклер сенсорының қасына: Сенсор теледидардың қызуын анықтап, спринклер
іске қосыла бастауы мүмкін.
– Жоғары қысым кабельдердің қасына: Теледидарға жоғары қысым кабелі әсер етіп,
экран дұрыс көрсетпеуі мүмкін.
– Қыздырғыштардың қасына: Теледидар қатты қызып, дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
– Тік қабырғадан басқа ешбір жерге орнатпаңыз.
– Балалар компоненттерді жұтып қоюы немесе теледидарды зақымдауы мүмкін.
Оны балалардың қолы жетпейтін жерге орнатыңыз.
– Қабырғаны теледидарды кіріктіріп орнату үшін теспеңіз. Теледидар қатты қызып,
дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
- Қазақ 79 -