OBJ_BUCH-1178-004.book Page 177 Wednesday, April 30, 2014 10:24 AM
– Электр құралды екі қолмен дайындама жиегі бойымен
жүргізіңіз. Сонымен қатар, тік бұрышты қойылуын
қадағалаңыз. Тым қатты күш түсірген жағдайда
дайындама жиегі зақымдануы мүмкін.
Параллель тірекпен фрезерлеу (K суретін қараңыз)
Параллель тіректі 35 бағыттауыш штангалармен 36 негізгі
плитаға 13 салыңыз және оны қатпарлы бұрандалармен
41 қажетті өлшеміне сәйкес бұрап бекітіңіз. Құлақты винт
37 және 38 көмегімен қосымша тіректі ұзындығы
бойымен реттей аласыз.
Айналатын тұтқа 39 көмегімен құлақты винттерді 37
босату арқылы ұзындығын дәл реттей аласыз. Бір
айналым қондырғының 2,0 мм жүрісіне тең, айналатын
тұтқадағы бір бөлік 39 қондырғының 0,1 мм жүрісіне тең.
Тірек планкасы 40 арқылы параллель тіректің тиімді тірек
бетін өзгерте аласыз.
Біркелкі беретін және жанама қысымға ие қосылған
электр құралды бөлшек жиегінің параллель тірекке
жүргізіңіз.
Фрезерлеу циркулімен фрезерлеу (L суретін қараңыз)
Дөңгелек бөлшектерді фрезерлеу үшін фрезерлеу
циркулін/бағыттауыш адаптерін 42 пайдалануға болады.
Фрезерлеу циркулін суретте көрсетілгендей орнатыңыз.
Ортаға дәлдеу бұрандасын 47 фрезерлеу циркулінің
бұрандасына салыңыз. Бұранда үшын фрезеленетін
домалақ иіндің орта нүктесіне қойып, бұранда ұшы
дайындама бетіне тиюіне көз жеткізіңіз.
Керекті радиусты фрезерлеу циркулін жылжыту арқылы
шамалап реттеп 44 мен 45 қатпарлы бұрандаларды
бұраңыз.
Айналатын түймеше 46 көмегімен қатпарлы бұранданы 45
босатудан соң ұзындығын дәл реттей аласыз. Бір айналым
қондырғының 2,0 мм жүрісіне тең, айналатын тұтқадағы
бір бөлік 46 қондырғының 0,1 мм жүрісіне тең.
Қосылған электр құралын оң қол тұтқасы 4 мен фрезерлеу
циркулінің тұтқасымен 43 дайындама үстінен өткізіңіз.
Бағыттағыш білте тақтайшамен фрезерлеу (M суретін
қараңыз)
Бағыттауыш 49 көмегімен тік жүретін жүмыс әдістерін
орындау мүмкін.
Биіктік айырмашылықтарын тегістеу үшін аралық
тақтасын 48 орнату мүмкін.
Фрезерлеу циркулін/бағыттауыш адаптерін 42 суретте
көрсетілгендей орнатыңыз.
Бағыттауышты 49 сәйкес қысу аспаптарымен
дайындамада бекітіңіз, мысалы, струбцинамен. Электр
құралын алдымен орнатылған бағыттауыш адаптерімен 42
бағыттауышқа орнатыңыз.
Көшіру гильзасымен фрезерлеу (N–Q суреттерін
қараңыз)
Көшіру гильзасының 53 көмегімен контурларды үлгілер
мен шаблондардан бөлшекке түсіре аласыз.
Көшіру гильзасын 53 қолдану үшін алдымен көшіру
гильзасының адаптерін 50 негіз плитасына 14 қолдану
қажет.
Bosch Power Tools
Көшіру гильзасының адаптерін 50 жоғарыдағы сырғу
плитасына 14 енгізіп, 2 бекіткіш винтпен 51 бекітіңіз.
Көшіру гильзасының адаптерін блоктан шығару білігі 52
еркін айналуын қадағалаңыз.
Шаблон немесе үлгі қалыңдығына сәйкес көшіру
гильзасын таңдаңыз. Көшіру гильзасының шығып тұратын
биіктігінен шаблон қалыңдығы 8 мм-ден кем болмауы
керек.
Блоктан шығару білігін 52 іске қосып, төмендегі көшіру
гильзасын 53 көшіру гильзасының адаптеріне 50
енгізіңіз. Ал кодтау жұдырықшалары көшіру гильзасының
саңылауларына аздаған күшпен бекітілуі керек.
Фреза ортасы мен көшіру төлкесінің шетінен қашықтықты
тексеріңіз, „Негізгі плитаны ортаға дәлдеу" бөлімін
қараңыз.
Фреза диаметрін көшіру гильзасының ішкі
диаметрінен кіші болатындай етіп таңдаңыз.
Көшіру гильзасымен 53 фрезерлеу келесідей жүргізіледі:
– Нұсқау: 18 фрезері 3 көшіру блогымен фрезерлеу
жұмыстарында 13 негізгі плитадан шығатынын
ескеріңіз. Шаблон немесе дайындаманы
қазымдамаңыз.
– Көшіру гильзасы бар қосулы электр құралын шаблонға
жүргізіңіз.
– 2 ендіру блогын пайдалануда: 7 ендіру функциясының
ажыратушы иінтірегін төменге басып жоғарғы фрезаны
жай төменге реттелген фрезерлеу тереңдігіне
жеткенше жылжытыңыз. 7 ажыратушы иінтірегін басып
осы ендіру тереңдігін бекітіңіз.
– Шығыңқы көшіру гильзасы бар көшіру құралын жанама
қысқышымен шаблон бойымен жүргізіңіз.
Негізгі плитаны ортаға дәлдеу (R суретін қараңыз)
Фреза ортасынан көшіру гильзасының шетіне дейін
бірдей қашықтық болуы үшін көшіру гильзасы мен сырғу
плитасы, керек-жарақтар өзара ортасына реттеле алады.
– 2 ендіру блогын пайдалануда: 7 ендіру функциясының
ажыратушы иінтірегін төменге басып жоғарғы фрезаны
тірелгенше негізгі плита бағытында апарыңыз. 7
ажыратушы иінтірегін басып осы ендіру тереңдігін
бекітіңіз.
– 54 бекіткіш бұрандаларын 2 айналымға 14 сырғу
плитасы еркін қозғалатындай босатыңыз.
– Ортаға дәлдеу жақтауын 55 суретте көрсетілгендей
жұмыс құралы цангасына орнатыңыз. Жаппа гайканы
ортаға дәлдеу жақтауы еркін айналатындай етіп
тартыңыз.
– 55 ортаға дәлдегіш кертік пен 53 көшіру төлкесін 14
негізгі плитаны жай жылжытып, бір біріне дәлдеңіз.
– Бекіту бұрандасын 54 қайта бұрап бекітіңіз.
– Ортасына реттегіш дорнды 55 жұмыс құралы
цангасынан алып тастаңыз.
– 2 ендіру блогын пайдалануда: 7 ендіру функциясының
ажыратушы иінтірегін басыңыз және жоғарғы фрезаны
ең жоғарғы күйге жүргізіңіз.
Қaзақша | 177
1 609 92A 0B3 | (30.4.14)