Descargar Imprimir esta página

Bosch GAS 18V-12 MC Professional Manual Original página 230

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 42
230 | Қазақ
Егер шаралардың ешқайсысы сәтті болмаса, уәкілетті
Bosch-қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Сүзгіні қолмен тазалау
Сүзгіні тазалауды сорғыш өшірілген және турбина
u
тік күйінде орындаңыз.
Сору қуаты жеткіліксіз болған мезеттен кешіктірмей,
сүзгіні тазалау функциясын іске қосу қажет.
Сүзгіні тазалау жиілігі шаң түрі мен көлеміне байланысты.
Жүйелі түрде пайдаланылса, максималды қуат ұзақ
сақталады.
Сүзгіні тазалау үшін аккумулятор бөлімінің қақпағын (18)
ашыңыз және жабыңыз. Бұл сүзгінің діріліне әкеледі.
Бірнеше рет ашу және жабу (3 мәртеге дейін) тазалауды
күшейтеді.
Осы QR коды арқылы сүзгіні қолмен
тазалауға арналған видеоны табасыз.
Электрстатикалық разряд
Сору барысында сорғыш шлангі мен керек-жарақтардағы
шаңның үйкелісуі статикалық разряд ретінде сезілетін
электрстатикалық заряд сезіледі (қоршаған орта
әсерлеріне және дене сезімталдығына байланысты).
Бұл сорғыш стандартты түрде өткізгіш сорғыш
шлангімен (20) жабдықталған. Бұл сорғыш шлангі (20)
шланг бекіткіші (10) арқылы пакет ұстағышымен (33)
электрлі түрде байланысқан. Бұл сорғыш шланг (20)
жерге тигенде электрстатикалық зарядты шығаруға
мүмкіндік береді.
Ылғал шаңсору
Шаңсорғышпен бензин, май, спирт, еріткіштер
u
сияқты жанғыш немесе жарылғыш
сұйықтықтарды соруға болмайды. Ыстық, жанып
тұрған немесе жарылғыш шаңды соруға
болмайды. Шаңсорғышты жарылу қаупі бар
жайларда пайдалануға болмайды. Шаң, бу немесе
сұйықтықтар тұтануы немесе жарылуы мүмкін.
Шаңсорғышты сүзгісі пайдалануға болмайды.
u
Нұсқау: сорғыштың жоғарғы бөлігін (15) алу және қою
барысында пакет ұстағышының (33) білеулері
бүгілмегеніне немесе сынбағанына көз жеткізіңіз.
Ылғалды соруға дейін (L суретін қараңыз)
Контейнерді (12) босатыңыз және пластик қапты (36)
шығарыңыз.
Саңылауларды (43) ➊ басып, пакет ұстағышын (33) ➋
алып тастаңыз.
Ылғалды сору кезінде және одан кейін
Сорғыш қалтқымен (44) жабдықталған. Максималды
толтыру биіктігіне жеткен кезде, сору тоқтатылады. Содан
кейін контейнерді (12) босатыңыз.
Нұсқау: контейнер (12) уақытында босатылмаса, басты
сүзгі (32) сұйықтықпен толтырылады. Бұл жағдайда
1 609 92A 5N0 | (26.09.2023)
басты сүзгіні (32) алып, оны сол әрекетпен босатыңыз
(қараңыз „Сүзгіні тазалау/алмастыру", Бет 230).
Жұмысты аяқтағаннан кейін зең басудың алдын алу үшін,
сорғыштың жоғарғы бөлігі (15) мен басты сүзгіні (32)
алып, екеуін де жақсылап құрғатыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Техникалық қызмет көрсету және тазалау
Шаңсорғышқа қызмет көрсету немесе оны
u
тазалаудан, құрылғыны ретегеннен, жабдықтарды
алмастырудан немесе шаңсорғышты сақтауға
қоюдан алдын аккумуляторды шығарып қойыңыз.
Осы сақтық шарасы шаңсорғыштың байқаусыз
қосылуына жол бермейді.
Дұрыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен
u
желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз.
Шаңсорғышты күту немесе тазалауда шаңтұтқыш
u
маскасын киіңіз.
Сорғышты сығылған ауамен тазаламаңыз. Сүзгі
u
немесе басқа да құрамдастар зақымдалуы мүмкін.
Пайдаланушы техникалық қызмет көрсетуі үшін,
сорғышты бөлшектеу, тазалау және оған мүмкіндігінше
қызмет көрсету керек, тек осы жағдайда қызмет
көрсетуші мамандар мен басқа тұлғаларға қауіп төнбейді.
Ықтимал тәуекелдерге жол бермеу үшін сорғышты
бөлшектеу алдында тазалау керек. Сорғышты бөлшектеу
жұмысы өткізілетін бөлме жақсы желдетілуі керек.
Техникалық қызмет көрсету кезінде жеке қорғаныс
жабдығын киіңіз. Техникалық қызмет көрсеткеннен кейін
техникалық қызмет көрсету аймағын тазалау керек.
Жылына кем дегенде бір рет өндіруші немесе тапсырыс
алған тұлға сүзгінің зақымдалуы, сорғыштың
саңылаусыздығы және бақылау құрылғысының жұмысы
сияқты шаңға қатысты тексеру жұмыстарын орындауы
қажет.
Ластанған ортада тұрған М класындағы сорғыштардың
сыртқы жағы және барлық машина бөлшектері тазалануы
керек. Егер сорғыш денсаулыққа зиянды заттектер бар
аймақтарда қолданылса, оны қауіпті аймақтан шығармас
бұрын оның сыртын шаңсорғышпен тазалаңыз, сүртіңіз
немесе саңылаусыз етіңіз. Техникалық қызмет көрсету
және жөндеу жұмыстарын орындау кезінде
тазаланбайтын барлық бөлшектерді алып тастау керек.
Бұл бөлшектерді өткізбейтін қаптарда қалдықтарды жою
бойынша қолданылатын заңдарға сай тастау керек.
Контейнерді тазалаңыз
Контейнерді (12) стандартты ысқаланбайтын тазалау
құралымен тазалап кептіріңіз.
Сүзгіні тазалау/алмастыру
Сору қуаты сүзгі күйіне байланысты болады. Сүзгіні
жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.
Зақымдалған сүзгіні дереу алмастырыңыз.
– Құлыптарды (13) ашып, сорғыштың жоғарғы
бөлігін (15) алып тастаңыз.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading