Қазақша
772
Ескерту
-
Құралды пайдалану, контейнерді босату және тазарту кезінде кескіш
жиектерін ұстамаңыз. Олар өте өткір, сондықтан саусақтарыңызды оңай
кесіп алуыңыз мүмкін.
-
Ешқашан пышақ блогын турағышсыз немесе ас үй комбайны ыдысынсыз
пайдаланбаңыз.
-
Шашырамау үшін, әсіресе ыстық ингредиенттерді өңдегенде, іске қоспас
бұрын блендерді, бұлғауышты әрдайым (белгілі бір түрлері үшін ғана)
ингредиенттерге батырыңыз.
-
Егер пышақ тұрып қалса, пышақ бөлігін бітеп қалған азық-түліктерді алу
үшін алдымен құрылғыны ток көзінен суырыңыз.
-
Ас үй комбайнына немесе блендерге ыстық сұйықтық құйылса, абай
болыңыз, себебі бу құрылғыдан сыртқа шығуы мүмкін.
-
Бұл құрал тек үйде әдеттегідей қолдануға арналған. Ол, басқа жағдайда,
соның ішінде: дүкендердегі қызметкерлерге арналған ас үйлерде,
кеңселерде, фермерлік шаруашылықтарда және сондай басқа да
жерлерде қолданылуға арналмаған. Ол мейманханалардың,
мотельдердің, қонақүйлердің және сондай басқа да мекемелердің
тұрғындары тарапынан қолданылуға арналмаған.
-
Сұйықтық құймай мұз кесектері, қатырылған ингредиенттер немесе
тастары бар жемістер сияқты ингредиенттерді өңдемеңіз.
-
Бұл құралды балаларға пайдалануға болмайды. Құралды және оның
сымын балалардың қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз.
-
Құралдарды қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулар беріліп, басқа біреу
қадағалаған және құралды пайдалануға қатысты қауіп-қатерлер
түсіндірілген жағдайда, осы құралды физикалық, сезу немесе ойлау
қабілеті шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз адамдар пайдалана алады.
-
Балалар құралмен ойнамауы керек.
-
Құрал дұрыстап тазартылғанына көз жеткізіңіз. Әсіресе тамақпен
байланысқа түсетін беттерді мұқият тазартыңыз. Тазарту туралы
ақпаратты 10-суреттен таба аласыз.
-
Қараусыз қалдырсаңыз немесе жинау,
-
бөлшектеу, сақтау немесе тазалау алдында әрқашан құралды желіден
ажыратыңыз.
-
Қолдану кезінде қозғалатын қосалқы құралдарын немесе жақын
бөлшектерін ауыстырар алдында құрылғыны өшіріп, қуат көзінен
ажыратыңыз.
-
Құрылғыны кез келген керек-жарақтармен бірге 3 минуттан артық уақыт
бойы үздіксіз қолданбаңыз. Өңдеуді жалғастырмас бұрын, құралды 15
минут суытып алыңыз.
-
Қосалқы құралдардың ешқайсысы микротолқынды пеште пайдалануға
жарамды емес.
-
Басқа өндірушілер шығарған немесе Philips компаниясы нақты
ұсынбаған қосалқы құралдар мен бөлшектерді пайдаланбаңыз. Ондай
қосалқы құралдар мен бөлшектерді пайдалансаңыз, кепілдік өз күшін
жояды.
-
Моторды ыстық көзінен, оттан, ылғалдан және шаңнан аулақ ұстаңыз.