Descargar Imprimir esta página

Bosch Professional GWX 17-125 PSB Manual Original página 241

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 44
Сым қылшақпен тазалау әрекеттеріне арналған
қауіпсіздік ескертулері:
Қылшықтың қарапайым әрекет етуі кезінде де
u
қылшықтардың шашырайтындығын ескеріңіз.
Қылшықты қатты басып, сымға күш түсірмеңіз.
Сым қылшықтары жұқа киімге және/немесе теріге
кіріп кетуі мүмкін.
Егер сым қылшақпен тазалау үшін қорғағышты
u
пайдалану белгіленген болса, сым дөңгелектің
немесе қылшақтың қорғағышпен жанасуына жол
бермеңіз. Сым дөңгелектің немесе қылшақтың
диаметрі жұмыс жүктемесіне немесе центрифугалық
күштерге байланысты ұлғаюы мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Қорғаныш көзілдірікті кийіңіз.
Қорғаныш қаптаманы кесу үшін
пайдалануға болмайды. Жарамды
саптаманың көмегімен қорғаныш қаптаманы
кесу үшін де пайдалануға болады.
Электр құралын жұмыс барысында екі
қолмен берік ұстап, тұрақты қалыпта
тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді
түрде басқарылады.
Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып
u
жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты
жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр
сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі
мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз.
u
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Қуат өшсе, мысалы, желіде қуат жоқ болып қалса
u
немесе ашаны розеткадан суырғанда сөндіргіш
бекіткішін алыңыз және өшірулі күйіне
орнатыңыз. Бұл арқылы кездейсоқ қосылу болмайды.
Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
u
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
Алмалы-салмалы аспаптарды ғимарат ішінде,
u
құрғақ, біркелкі температураға ие және қатып
қалмайтын бөлмеде сақтаңыз.
Электр құралын тасымалдамас бұрын алмалы-
u
салмалы аспаптарды шығарып алыңыз. Осылайша
зақымдарға жол бермейсіз.
Байланысқан кескіш және ажарлағыш дискілер
u
жарамдылық мерзіміне ие, бұл мерзімнен кейін
оларды әрі қарай пайдалануға тыйым салынады.
Bosch Power Tools
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы су пайдаланбай металл, тас, пластик пен
композиттік материалдарды кесуге және қылшақпен
өңдеуге, металл, пластик пен композиттік материалдарды
сыдырып алуға, сондай-ақ тастан жасалған
материалдарды алмасты бұрғылау коронкаларымен
бұрғылауға арналған. Бұл ретте дұрыс қорғаныш
қаптаманың пайдаланылғанына көз жеткізіңіз (қараңыз
„Пайдалану", Бет 246).
Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз
етіңіз.
Арнайы тегістеу құралдарымен тіркесімде электр
құралды егеуқұм қағазымен тегістеу үшін пайдалануға
болады.
Электр құралын тастан жасалған материалдарды алмасты
тостаған тәрізді дискілермен ажарлау үшін пайдалануға
болмайды.
Көрсетілген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1)
Қорғаныш қаптамаға арналған құлыптан босату
иінтірегі
(2)
Корпустағы айналу бағытының көрсеткіші
(3)
Иінтірек
(4)
Ажыратқыш (GWX 14-125 S / GWX 17-125 S)
(5)
Шаң сүзгісі (GWX 14-125 S)
(5)
Шаң сүзгісі (GWX 17-125 S / GWX 17-125 PSB)
(6)
Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған
айналмалы реттегіш
(7)
Ажыратқыш (GWX 17-125 PSB)
(8)
Ажыратқышты босату
иінтірегі (GWX 17-125 PSB)
(9)
Стандартты қосымша тұтқа (беті оқшауланған)
(10) Діріл басқыш қосымша тұтқа (беті оқшауланған)
(11) Ажарлауға арналған қорғаныш қаптама
(12) X-LOCK ажарлағыш дискісі/желпуіш тәрізді
ажарлағыш дискісі
a)
(13) Кесуге арналған қорғаныш қаптама
(14) X-LOCK дискілі қылшағы
(15) Кесуге арналған қаптама
(16) X-LOCK кескіш дискісі
a)
Қазақ | 241
a)
a)
a)
a)
1 609 92A 6A2 | (10.10.2022)

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Professional gwx 17-125 sProfessional gwx 14-125 s