ТАЗАЛАУ
Құрылғыны қолданған сайын тазалап отырыңыз.
Ыдыс пен тордың жабыспайтын жабыны бар. Оларды тазалау үшін металл ас үй
ыдыстарын немесе қыратын тазалағыш материалдарды пайдаланбаңыз, себебі бұл
жабыспайтын жабынды зақымдауы мүмкін.
1. Ашаны розеткадан суырып, құрылғыны суытып алыңыз.
Ескертпе. Құрылғыны тезірек салқындату үшін ыдысты шығарып алыңыз.
2. Құрылғының сыртын дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
3. Ыдыс пен гриль науасын ыстық сумен, жуғыш сұйықтықпен және қырмайтын
губкамен тазалаңыз.
Қалған ласты кетіру үшін май кетіретін сұйықтықты қолдануға болады.
Ескерту! Ыдыс пен торды ыдыс жуғышта жууға болады.
Кеңес. Ыдыс пен тордың түбіне кір тұрып қалса, оларды ыстық сумен және аздап
жуғыш сұйықтықпен толтырыңыз. Ыдысты және торды шамамен 10 минутқа
қалдырыңыз. Одан кейін тазалап жуып, құрғатыңыз.
4. Құрылғының ішін ыстық сумен және дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
5. Кез келген тағам қалдықтарын кетіру үшін қыздырғыш элементті құрғақ тазалау
щеткасымен тазалаңыз.
6. Құрылғыны суға немесе басқа сұйықтыққа салмаңыз.
САҚТАУ
1. Құрылғыны токтан ажыратып, суытып алыңыз.
2. Барлық бөлшектің таза әрі құрғақ екенін тексеріңіз.
КЕПІЛДІК ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Егер сізге қызмет немесе ақпарат қажет болса немесе мәселе туындаса, бренд веб-
сайтына кіріңіз немесе еліңіздегі брендтің Тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз. Телефон нөмірін әлемдік кепілдік кітапшасынан табуға болады. Егер
еліңізде Тұтынушыларды қолдау орталығы болмаса, жергілікті бренд дилеріне барыңыз.
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ
Құрылғыға қатысты мәселелер туындаса, жиі қойылатын сұрақтар тізімін алу
үшін бренд веб-сайтына кіріңіз (осы нұсқаулықтағы мұқаба бетін қараңыз) немесе
еліңіздегі Тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
138