Қауіпсіздік жөніндегі нұсқау
• Пісіру кезінде пеш қуысында немесе есік шынысында
конденсация суы жиналуы мүмкін. Бұл – қалыпты жағдай.
Осы әсерді азайту үшін, тағамды пешке салу алдында
қуатты қосқаннан кейін 10-15 минут күтіңіз. Дегенмен,
пеш пісіру температурасына жеткен кезде конденсация
жойылады.
• Көкөністерді ашық наудан гөрі қақпағы бар контейнерде
пісіріңіз.
• 15-20 минуттан аса уақыт пісіргеннен кейін пеш ішінде
тағамды қалдыруға болмайды.
• ЕСКЕРТУ: Құрылғы және оның қол тиетін жерлері пайдалану
барысында қызады. Ыстық бөліктерін түртпеңіз.
• АБАЙЛАҢЫЗ: пеш қолданыста кезде қол жететін бөліктер
қызып кетуі мүмкін. Балаларыңызды қауіпсіз қашықтықта
ұстау керек.
• ЕСКЕРТУ: Қандай да бір жұмыс жүргізуден немесе
техникалық қызмет көрсетуден бұрын құрылғыны қуат
көзінен ажыратыңыз.
• ЕСКЕРТУ: термиялық үзіліс құрылғысын кездейсоқ қайта
орнатудан болған қауіпті болдырмау үшін, құрылғыны
таймер сияқты сыртқы ауыстыру құрылғысымен қуаттамау
керек немесе жүйелі қосылып өшетін тізбекке жалғамау
керек.
• 8 жастан кіші балалар құрылғыдан қауіпсіз қашықтықта
ұсталуы керек (үздіксіз бақылауда болмаса).
• Балалар құрылғымен ойнамауы керек.
• 8 немесе одан үлкен жастағы балалар, сезім немесе ақыл-
ой қабілеті шектеулі адамдар не білімі немесе тәжірибесі
жоқ адамдар бұл құрылғыны бақылаумен немесе
құрылғыны пайдалану нұсқауы берілген жағдайда ғана
ықтимал қауіптер ескерілген қауіпсіз жолмен пайдалана
алады.
KZ 16