Пайдалануға Ендіру - Bosch GIS 1000 C Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GIS 1000 C Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 48
Жинау
Энергиямен жабдықтау
Өлшеу құралы стандартты батареялармен не Bosch литий-
иондық аккумулятормен жұмыс істейді.
Өнім нөмірі 3 601 K83 370: Өлшеу құралын тек
стандартты батареялармен пайдалану керек.
Батареялармен пайдалану (3 601 K83 370
нөмірлерінде емес) (А суретін қараңыз)
Батареялар батарея алаптеріне салынады.
 Батарея адаптері тек тиісті Bosch өлшеу құралдарын
пайдалануға арналған болып электр құралдары мен
пайдалануға болмайды.
Батареяларды салу үшін батарея адаптерінің 27 қабын
аккумулятор шахтасына 29 жылжытыңыз. Батареяларды
жабу қақпағындағы суретте көрсетілгендей 28 қапқа
салыңыз. Жабу қақпағын қап үстінен ол сезімді тіреліп
өлшеу құралының тұтқасына тиіп тұрғаныша
жылжытыңыз.
Батареяларды алу үшін ашу пернесін 3 жабы
қапқағында 28 басып жабу қақпағын тартып
қойыңыз. Батареялардың шығып кетпеуіне көз
жеткізіңіз. Ол үшін өлшеу құралын аккумулятор
бөлімін 29 жоғарыға қаратып ұстаңыз.
Батареяларды алып қойыңыз. Ішінде жатқан
қапты 27 аккумулятор бөлімінен 29 алып қою үшін, қапты
ұстап жан қабырғаға аз басып өлшеу құралынан
шығарыңыз.
Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір
өңдірушінің және қуаты бірдей батареяларды
пайдаланыңыз.
 Егер ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз батареяны
өлшеу құралынан алып қойыңыз. Ұзақ уақыт жатқан
батареяларды тот басуы және зарядын жоғалтуы
мүмкін.
Аккумулятормен пайдалану (3 601 K83 370
нөмірлерінде емес) (В суретін қараңыз)
Ескертпе: Өлшеу құралыңызға арналмаған
аккумуляторды пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе
өлшеу құралының зақымдануына алып келуі мүмкін.
Ескертпе: Аккумулятор жарты зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану
үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық
зарядтаңыз.
 Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау
құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау
құралдары сіздің өлшеу құралыңыздың ішінде литий-
иондық аккумулятормен сәйкес.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
 Өлшеу құралы автоматты өшкеннен соң қосу-өшіру
пернесін енді басушы болмаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Bosch Power Tools
Зарядталған аккумуляторды 30 салу үшін оны аккумлятор
бөліміне 29 ол сезімді тіреліп өлшеу құралына тиіп
тұрғанша жылжытыңыз.
30 аккумляторын алу үшін ашу пернесін 3 басып 29
аккумулятор бөлімінен тартып шығарыңыз. Осы кезде
күш салмаңыз.
Батареялармен пайдалану (3 601 K83 370)
(C суретін қараңыз)
Батарея бөлімінің қақпағын 31 ашу үшін 3 ашу пернесін
басып, батарея бөлімінің қақпаңын адып қойыңыз.
Батареяларды салу кезінде полюстері батарея бөлімінің
қақпағындағы суреттегідей дүрыс тұруына көз жеткізіңіз.
Батарея бөлімінің қақпағын 31 қайта салып сезімді
тіретіңіз.
Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір
өңдірушінің және қуаты бірдей батареяларды
пайдаланыңыз.
 Егер ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз батареяны
өлшеу құралынан алып қойыңыз. Ұзақ уақыт жатқан
батареяларды тот басуы және зарядын жоғалтуы
мүмкін.
Зарядталу күйінің индикаторы
Заряджтау күйінің индикаторы g дисплейде
батареялардың немесе аккумулятордың 30 зарядтау күйі
көрсетіледі.
Көрсеткіш Қуаты
>2/3
≤2/3
≤1/3
≤10 %
Батарея немесе аккумуляторды алмастыру
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
 Өлшеу құралын сыздан, тікелей күн сәулелерінен
және шаң мен ластан сақтаңыз.
 Өлшеу құралына айрықша температура немесе
температура тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны
мысалы автокөлікте ұзақ уақыт қалдырмаңыз. Үлкен
температура тербелулері жағдайында алдымен өлшеу
құралын температурасын дұрыстап соң пайдаланыңыз.
Айрықша температура немесе температура
тербелулері кезінде өлшеу құралының дәлдігі
төменделуі мүмкін.
 Өлшеу құралының дұрыс көндіктірілуіне назар
аударыңыз. Температураның қатты, күрт
өзгерістерінде көндіктендіру уақыты 15 минутке дейін
болуы мүмкін.
 Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлаудан
сақтаңыз. Қатты сыртқы әсерлерден соң және
функциялары дұрыс істемесе өлшеу құралын өкілетті
Bosch сервистік қызмет көрсету орталығында
тексертіңіз.
Қaзақша | 267
1 609 92A 0XP | (17/4/15)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

3 601 k83 33 601 k83 370

Tabla de contenido