176 | Қазақ
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға
рұқсат берілмейді.
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5 шарт) құжатын
оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Өлшеу құралымен қауіпсіз және сенімді жұмыс
істеу үшін барлық нұсқаулықтарды оқып орындау
керек. Өлшеу құралын осы нұсқауларға сай
пайдаланбау өлшеу құралындағы кірістірілген
қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді.
Өлшеу құралындағы ескертулерді көрінбейтін қылмаңыз. ОСЫ
НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП, ӨЛШЕУ ҚҰРАЛЫН БАСҚАЛАРҒА БЕРГЕНДЕ
ОЛАРДЫ ҚОСА ҰСЫНЫҢЫЗ.
Абай болыңыз – егер осы жерде берілген пайдалану немесе
u
түзету құралдарынан басқа құралдан пайдаланса немесе басқа
жұмыс әдістері орындалса бұл қаупті сәулеге шалынуға алып
келуі мүмкін.
Өлшеу құралы лазер ескерту тақтасымен бірге жеткізіледі
u
(графика бетіндегі өлшеу құралының суретінде белгіленген).
Егер лазер ескерту тақтасының мәтіні еліңіздің тілінде болмаса,
u
алғаш рет қолданысқа енгізбес бұрын оның орнына еліңіздің
тіліндегі жапсырманы жабыстырыңыз.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға
бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе
шағылысқан лазер сәулесіне қарамаңыз. Бұл
адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз
оқиғаларға әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін.
Егер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып басты сәуледен
u
ары қарату керек.
Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту орындамаңыз.
u
Лазер көру көзілдірігін қорғаныш көзілдірігі ретінде
u
пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ
көру үшін қызмет жасайды, бірақ ол лазер сәулесінен қорғамайды.
Лазер көру көзілдірігін күн көзілдірігі ретінде немесе жол
u
қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көрі көзілдірігі ультрафиолет
сәулелерінен толық қорғамай рең көру қабилетін азайтады.
Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен
u
жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал қауіпсіздігін сақтайсыз.
Балалар лазер өлшеу құралын бақылаусыз пайдаланбасын. Олар
u
білмей адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін.
Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс
u
қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы
ұшқын шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін.
Осы өлшеу құралымен бұрыштары өлшенген дайындамаларды
u
аралау кезінде пайдаланылатын араның қауіпсіздік және жұмыс
нұсқауларын әрдайым қатал ұстаныңыз (соның ішінде
дайындаманы орналастыру және қысу бойынша нұсқауларды).
Қажетті бұрыштар белгілі бір арада немесе ара түрінде орнатылмаса,
балама аралау әдістерін пайдалану керек. Аса өткір бұрыштарды
конустық қысқыш құрылғыны пайдаланып, үстел немесе қол дискілі
арасымен кесуге болады.
Өнім және қуат сипаттамасы
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Өлшеу құралы еңістер мен бұрыштарды өлшеуге және көшіруге,
қарапайым және қос еңіс бұрыштарын есептеуге және тік және
көлденең сызықтарды тексеріп туралауға арналған.
Өлшеу құралы ішкі мен сыртқы аймақтарда пайдалануға арналған.
Көрсетілген құрамдас бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі өлшеу құралының
сипаттамасына қатысты.
(1) Қайырмалы иін
(2) Дисплейге арналған көру терезесі
(3) Реттегіш дөңгелек
(4) Негізгі иін
(5) Батарея бөлімінің қақпағы
(6) Батарея бөлімі қақпағының бекіткіші
(7) Бұрышты өлшеу дисплейі
(8) Еңісті өлшеу дисплейі
(9) Көлденеңінен туралауға арналған ватерпас
(10) Тігінен туралауға арналған ватерпас
(11) Лазер сәулесінің шығыс саңылауы
1 609 92A 58L | (22.11.2019)
Bosch Power Tools