136 | Қазақ
Пайдалану
Функционалды жұмыс істеу әдісі
Аспап патроны (1) алмалы-салмалы аспаппен электр
қозғалтқыштан беріліс пен қағу механизмі арқылы
жүргізіледі.
Жұмыс барысы екі фазаға бөлінеді:
Бұрап бекіту және Тарту (қағу механизмі жұмыс істейді).
Қағу механизмі бұранда қатып қозғалтқыш жүктелгенде
іске қосылады. Қағу механизмі де осылай қозғалтқыш
күшін бір қалыпты бұрап қағуларға айналдырады.
Бұранда немесе сомындарды босатуда бұл әдіс керісінше
орындалады.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Электр құралыңыздың зауыттық тақтайшасында
u
белгіленген кернеуге ие түпнұсқа Bosch литий-
иондық аккумуляторларын ғана пайдаланыңыз.
Басқа аккумуляторларды пайдалану жарақат алуға
немесе өртке әкелуі мүмкін.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (7) ұяшыққа
бекітілгенін және ұяшыққа берік тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз. Зарядталған аккумуляторды (4) разъемға
бекітілгенін және разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз.
Бұрау бағытын реттеу (D суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (7) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (8) басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрандаларды бұрап кіргізу
және сомындарды тарту үшін айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын (7) солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен
сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын (7) оңға тірелгенше
басыңыз.
Ажыратқыш
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (8) басып
тұрыңыз.
Жарық диоды қосу/өшіру қосқышы (8) сәл немесе толық
басылғанда жанып, жарық жеткіліксіз жұмыс аймақтарын
жарықтандыруға мүмкіндік береді.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (8)
жіберіңіз.
Максималды бұрандалар тарту бұрау моменті үшін нысана көлемдер
деректер Нм ретінде берілген, кернеу көлденең қимасынан есептелген; аққыштық шегінің қолдануы 90 % (үйкелу
коэффициенті µ
= 0,12). Бақылау үшін тарту бұрау моментін әрдайым динамометрлік кілтпен тексеріңіз.
жал
1 609 92A 53Z | (27.09.2019)
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті (8) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (8) жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
күшейгенде айналу саны артады.
Пайдалану нұсқаулары
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
u
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Айналу моменті қағу ұзақтығына байланысты болады.
Максималды мақсатты айналу моменті барлық соққылар
арқылы жеткен айналу моменттерінің қосындысынан
шығады. Максималды айналу моментіне 6–10 секундтық
қағу ұзақтығынан кейін қол жеткізіледі. Осы уақыттан
кейін тарту моменті минималды шамаға ғана көтеріледі.
Қағу ұзақтығын әрбір талап етілген тарту моменті үшін
есептеу керек. Дәл жеткен тарту моментін әрдайым
динамометрлік кілтпен тексеріңіз.
Қатты, иілгіш немесе жұмсақ тіректі бұрандалы
қосылымдар
Сынауда бір қағу әдісінде пайда болған мақсатты айналу
моменттері өлшеніп, диаграммаға көшірілсе, айналу
моменті барысының қисық сызығы пайда болады. Қисық
сызық биіктігі максималды мақсатты айналу моментіне
сай, құламалығына жететін уақытты көрсетеді.
Айналу моментінің барысы төмендегі факторларға
байланысты:
– Бұрандалар/гайкалардың қаттылығы
– Тіректің түрі (шеңбер, дискілік серіппе, тығыздауыш)
– Бұралатын материал қаттылығы
– Бұрандалы қосылымның майлау арақатынасы
Сәйкесінше төмендегі пайдалану жағдайлары пайда
болады:
– Қатты тірек металдан металға біріктіруде төсемдік
шеңберлерді пайдаланғанда пайда болады. Қысқа қағу
уақытынан соң максималды айналу моментіне қол
жеткізіледі (құламалы сипаттамалы сызық). Керек
болмаған ұзақ қағу уақыты машинаға зиян тигізеді.
– Иілгіші тірек металдан металға біріктіруде, бірақ
серіппелі шеңбер, дискілік серіппе, тіректі болт
немесе конустық тіректік бұрандаларды / гайкаларды
және ұзартқыштарды пайдалануда пайда болады.
– Жұмсақ тірек металды ағашқа біріктіруде немесе
тірек ретінде қорғасынды немесе талшықты
шеңберлерді пайдалануда пайда болады.
Иілгіш немесе жұмсақ тіректе максималды тарту моменті
қатты тіректен төмен болады. Сонымен қатар ұзақ қағу
уақыты талап етіледі.
Bosch Power Tools